Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 141 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2015 жылғы № 18-02/596 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының жазық жерлерiндегі ормандарда және қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 48 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қаңтардағы N 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 1, 6-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 ақпандағы N 141 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ЕРЕЖЕСI
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Негiзгi ережелер
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесi (бұдан әрi - Ереже) ағаш кесу түрлерiне байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман қорының шегінде жүзеге асырылатын ағаш кесу тәртiбiн, мерзiмiн және тәсiлдерiн айқындайды және барлық орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Ереже жазық жерлердегi ормандарға, Қазақтың шағын адырлы ормандарына және Қазақстанның тау ормандарына қатысты әзiрлендi.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесудiң (бұдан әрi - ағаш кесу) негізгі мiндеттерi:
1) орманды үздiксiз және қорын сарқып алмай пайдалану мен орман алаптарын ұтымды пайдалану;
2) ормандардың төзiмдiлігі мен өнiмдiлiгiн, олардың табиғат қорғаушылық рөлiн арттыру;
3) орман ортасын сақтау және ағашы кесiлген жерлерде ормандарды шаруашылық жағынан құнды тұқымдылармен жаңғырту;
4) пiсiп-жетiлу жасына жеткен және оларды жаңғыртуды қажет ететiн екпелердi уақтылы алмастыру;
5) орман ресурстары есебiнен сүрекке деген қажеттiлiктердi қамтамасыз ету болып табылады.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындау ағаш кесудiң:
1) пiсiп-жетiлген және қураған сүрекдiңдерде жүргізiлетін басты мақсатта пайдалану;
2) аралық пайдалану (орманды күтiп-баптау мақсатында кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта кесу және құндылығы аз орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су қорғау және басқа да функцияларынан айырыла бастаған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесу, балауса талдар iшiндегi бiрлi-жарым ағаштарды кесу);
3) өзге де кесу (жаппай санитарлық кесу; су тораптарын, өткiзгiш құбырларды, жолдарды салуға байланысты; орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу; өтiмдi қоқысты жинау кезiнде орман алаңдарын тазарту; өзге де мақсаттарда кесу) түрлерiн жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
5. Осы Ережедe мынадай негiзгi терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:
1) жоғарғы қойма - кеспеағашта немесе оған тiкелей жақын маңда орналасқан, дайындалған сүрек кеспеағаштан тасып әкелiнетiн сыпталған ағаштарға немесе сортименттерге арналған тиеу алаңы;
2) ағашты сүйретiп шығару жолы - кесiлген ағаштарды, сыпталған ағаштарды немесе бөрене сортименттерiн сүйретiп шығару жүзеге асырылатын, өскiндердiң, топырақтың және түбiрiнде қалған ағаштардың сақталуын қамтамасыз ететiн кеспеағашта арнайы дайындалған ең қысқа жол;
3) екiншi дәрежелi ағаш тұқымы - басты ағаш тұқымымен салыстырғанда шаруашылық және экономикалық жағынан құндылығы төмен ағаш тұқымы;
4) iрiктеп кесу - басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу, онда пiсiп-жетiлу жасына жеткен, белгiлi бiр мөлшердегi, сападағы немесе жай-күйдегi ағаштардың бiр бөлiгi дүркiн-дүркiн кесiлiп отырады;
5) өртең - өртенiп кеткен немесе өрттен едәуiр бүлiнген өсiмдiктер учаскесi (орманды қоса алғанда);
6) басты ағаш тұқымы - белгiлi бiр өсiмдiк және экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргiзу мақсаттарына неғұрлым толық сай келетiн ағаш тұқымы;
7) тау ормандары - тау жүйелерi және жергiлiктi жердiң салыстырмалы биiктiгi 100 метрден астам мөлшерде ауытқып тұратын және тау жоталарының етегiнен шыңдарына дейінгі беткейiнiң орташа көлбеулiгi 5 градустан асатын жекелеген алқаптар шегiнде, сондай-ақ жергiлiктi жердiң көлбеулiгi көлемiне қарамастан таулы үстiрттер мен қырқаларда орналасқан ормандар;
8) мөлдек - көрсеткiш тетiктермен және мөлдек бағандарымен табиғи күйде шектелген ағаш кесудi ұтымды ұйымдастыруға арналған кеспеағаш бөлiгі;
9) бiртiндеп ұзақ мерзiмдi кесу - пiсiп-жетiлу жасына жетпеген ағаштардың жуандығы кемiнде 0,4 болатын әртүрлi жастағы сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн басты мақсатқа пайдалану үшін кесу;
10) ерiктi-iрiктеп кесу - басты мақсатта пайдалану үшiн кесу, онда бiрiншi кезекте сүректi уақтылы пайдалану және орманның қорғаныштық қасиеттерiн сақтау үшiн ұзақ тұрған, қураған, өсуi шабан пiсiп-жетiлген ағаштар кесiледi;
11) табиғи түлеу - табиғи жолмен орманның жаңа ұрпағының пайда болу процесі;
12) ағаштың табиғи құлауы - сүрекдiңнiң жасы ұлғаюымен немесе басқа себептермен табиғи сиреуi нәтижесiнде ағаштардың құлауы, олардың екпелерде жойылуы;
13) кесу қарқыны - iрiктеп және бiртiндеп кесудiң және күтiп-баптау мақсатында кесудiң кезектi кезеңiн жүргiзу кезiнде таңдап алынатын сүрекдiң қорының немесе ағаштар санының үлесi (пайызбен);
14) интрааймақ ормандары - дербес аймақ құрмайтын, тек бір немесе бiрнеше аймақтар ормандарының құрамына енгiзiлген ормандар;
15) кеспеағаштың ықтырмалы жанасуы - кезектi кеспеағаш оның екі немесе үш еселi енiне тең орман жолағы арқылы орналасатын кеспеағаштардың жанасуы;
16) сүрек жасының класы - сүрекдiңдердiң жас құрылымын тұқымына қарай сипаттау үшiн қолданылатын жас аралығы;
17) бонитет - орман өнiмдiлiгiнiң көрсеткiшi. Өсiп-өну жағдайларына байланысты болады және басты тұқым ағаштарының орташа биiктiгi мен орташа жасы бойынша айқындалады;
18) орман шаруашылығы ауданы - орман шаруашылығын жүргiзудiң орман өсiру-техникалық тәсілдерi бірдей және табиғи-экономикалық жағдайлары салыстырмалы түрде бiр тектi аумақ бөлiгi;
19) жас шыбық - сүрекдiңнiң өскiн пайда болғаннан бастап сырықталға дейiнгi алғашқы жас кезеңi;
20) кесу бағыты - әрбiр келесi кеспеағаш алдыңғыға қатысты орналасатын бағыт;
21) екпе - ағаш және оған ілеспе басқа орман өсiмдiктерiнен (сүрекдiң, аласа ағаштар, өскін және топырақтың тiрi жамылғысы) тұратын белгiлi бiр шекарадағы бiртектi орман учаскесi;
22) вегетативтiк (бұтақшалы) екпе - вегетативтік текті ағаштардан (томардан, тамыр атпаларынан және сұлатпа сабақтардан шыққан бұтақшалар) қалыптасқан екпе;
23) түбірлі екпе - өсiп тұрған жерiнiң тиiстi жағдайларында табиғи жолмен қалыптасқан екпе;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |