Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 Қаулысы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 қаулысымен бекiтiлген
Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу және бақылау тәртiбiн айқындайды.
2. Зоологиялық коллекцияларға ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылықты танытатын, белгiленген тәртіппен тіркелген:
1) тiрi организмдердің;
2) жануарлар түрлерi мен олардың бөлiктерiнiң дымқыл және құрғақ препараттарының;
3) тұлыптарды, ұшаларды, терілерді, сүйек қаңқаларын және олардың бөлiктерiн қоса алғанда, ылғалды және құрғақ тiркелген организмдердiң;
4) жұмыртқалардың жүйелендiрiлген жинақтары жатады.
3. Зоологиялық коллекцияларға:
1) үй жағдайларында, жанды мүйiстерде, виварийлерде, серпентарийлерде және инсектарийлерде, аң фермаларында, зоологиялық дүкендерде, сауда базаларында және өзге де сауда ұйымдарында ұсталатын тiрi жануарлардың жинақтары;
2) ғылыми ұйымдардың, оқу мекемелерiнiң және мұражайлардың жүйеленбеген жиналымдары;
3) осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген, жеке тұлғаларға тиесiлi жекеленген даналар;
4) шығу тегi зоологиялық объектiлердi қолданумен жасалған бұйымдар;
5) шаруашылық мақсаттарда пайдалануға арналған жануарлар бөлiктерiнiң жинақтары жатпайды.
2. Зоологиялық коллекциялар жинау тәртiбi
4. Зоологиялық коллекциялар жинау жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау, оларды жинау, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен алу арқылы жүргiзiледi. Зоологиялық коллекциялар жинау үшiн арнайы рұқсат алу талап етiлмейдi.
5. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекциялар жинау мен оларды толықтыруы үшiн Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн аулауға және жинауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.
6. Қазақстан Республикасының аумағында (акваторийiнде), континенттiк шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлгендерден басқа, жануарлар дүниесi объектiлерiн Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекцилар жинау мен оларды толықтыру үшiн аулауы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тиiстi уәкiлеттi органдар) берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi
8. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк есепке алу оларды тиiстi уәкiлеттi органның зоологиялық коллекциялардың тiзiлiмiне енгiзуi жолымен жүзеге асырылады (1-қосымша).
9. Зоологиялық коллекцияның иесi оны мемлекеттiк есепке қою мақсатында тиiстi уәкiлеттi органға мына материалдарды ұсынады:
1) зоологиялық коллекцияны тiркеу туралы өтiнiш;
2) объектiлердiң (экспонаттардың) мемлекеттiк тiлдегi, орыс және латын тiлдерiндегi тiзбесi;