Bestprofi Logo

Қаулы № 1413 от 2004-12-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015 г.

Документ на казахском языке

Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес «Зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу қағидасын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.02.2015 жылғы № 18-03/118 Бұйрығын қараңыз

"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 қаулысымен бекiтiлген

Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi

1. Осы Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн айқындайды.

1-тармақ өзгертілді ҚР 07.12.2012 № 1562 Қаулысымен (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

2. Зоологиялық коллекцияларға жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервiленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде хайуанаттар парктері, зообақтар, цирктер, зоологиялық питомниктер, аквариумдер, океанариумдер жабайы жануарларының ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы жатады.

2-тармақ жаңа редакцияда ҚР 07.12.2012 № 1562 (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР 07.12.2012 № 1562 Қаулысымен (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

2. Зоологиялық коллекциялар жинау тәртiбi

4. Зоологиялық коллекциялар жинау жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау, оларды жинау, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен алу арқылы жүргiзiледi. Зоологиялық коллекциялар жинау үшiн арнайы рұқсат алу талап етiлмейдi.

5. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекциялар жинау мен оларды толықтыруы үшiн Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн аулауға және жинауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.

6. Қазақстан Республикасының аумағында (акваторийiнде), континенттiк шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлгендерден басқа, жануарлар дүниесi объектiлерiн Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекцилар жинау мен оларды толықтыру үшiн аулауы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тиiстi уәкiлеттi органдар) берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi

8. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк есепке алу оларды тиiстi уәкiлеттi органның зоологиялық коллекциялардың тiзiлiмiне енгiзуi жолымен жүзеге асырылады (1-қосымша).

9. Зоологиялық коллекцияның иесi оны мемлекеттiк есепке қою мақсатында қызметтерді жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органды хабардар етеді.

9-тармақ жаңа редакцияда ҚР 07.12.2012 № 1562 (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

10. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнің хабарламасына сәйкес оны тізілімге енгізеді.

10-тармақ жаңа редакцияда ҚР 07.12.2012 № 1562 (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

11. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнiң оның жай-күйі және коллекциялық экспонаттардың айналымы туралы есептi жылдан кейінгі 20 наурыздан кешiктiрмей беретiн жыл сайынғы есебiнiң негiзiнде тiзiлiмге енгізілген зоологиялық коллекциялар экспонаттары айналымының есебiн жүргiзедi.

12. Тiзiлiмге енгiзiлген зоологиялық коллекциялардың иелерi зоологиялық коллекцияларды жұртшылық алдында көрсете, зоологиялық коллекцияны толықтыра, зоологиялық коллекциялардың экспонаттарын әкете және әкеле алады, бұл ретте жануарларға көзқарастың мейiрiмдiлiк және этикалық нормаларын сақтауы, ерекше ғылыми, мәдени және эстетикалық құндылығы бар зоологиялық экспонаттардың сақталуын қамтамасыз етуi қажет.

13. Зоологиялық коллекцияларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Кедендік одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

13-тармақ жаңа редакцияда ҚР 07.12.2012 № 1562 (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

14. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның қосымшаларына енгізiлген жануарлар түрлерiнiң зоологиялық коллекциялары мен олардың жекелеген экспонаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары әкету және оның аумағына әкелу үшiн осы Конвенция бойынша міндеттемелердi орындайтын әкiмшiлiк органның рұқсаты негiздеме болып табылады.

15. Мәдени-тарихи құндылықтарға жатқызылған коллекциялардың экспонаттары болып табылатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн әкелу және әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 қаулысымен бекiтiлген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне 1-қосымша

1-қосымша өзгертілді ҚР 07.12.2012 № 1562 Қаулысымен (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Мемлекеттiк есепке алынған зоологиялық коллекциялар тiзiлiмiнiң нысаны

5. Иесiнiң мекен-жайы және коллекция орналасқан жердiң мекен-жайы.

6. Меншiк нысаны (мемлекеттiк ұйымдар үшін ведомстволық бағыныстылығы).

7. Коллекцияның мақсаты (ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және басқалар).

9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР 07.12.2012 № 1562 Қаулысымен (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР 07.12.2012 № 1562 Қаулысымен (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

11. Коллекцияның сипаттамасы (тiрi организмдер, тұлыптар, жұмыртқалар, құрғақ және ылғалды препараттар және басқалар).

12. Бiрегей объектiлердiң болуы (Қызыл кiтапқа енгiзiлген типтер, паратиптер, түрлер).

13. Коллекция құрамындағы өзгерiстер (айналымы).

14. Коллекцияны сақтау (ұстау) шарттары.

15. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Алынып тасталды ҚР 07.12.2012 № 1562 Қаулысымен (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

16. Коллекцияның қайта тiркелгенi туралы белгi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 қаулысымен бекiтiлген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне 2-қосымша

Зоологиялық коллекцияны тiзiлiмге енгiзу туралы N_куәлiк Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

2-қосымша алынып тасталды ҚР 07.12.2012 № 1562 Қаулысымен (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 қаулысымен бекiтiлген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне 3-қосымша

Зоологиялық коллекцияларды және олардың жекелеген экспонаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары әкетуге және/немесе оның аумағына әкелуге берiлген N__рұқсат Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

3-қосымша алынып тасталды ҚР 07.12.2012 № 1562 Қаулысымен (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание