• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілді.

#$Қолданушылардың назарына! Нұсқаулыққа қосымшалардың жарамдылығы мен күшіне ену мерзімдерін бұйрықтың 4-5-тармақтарынан қараңыз
___________________________________________________
Осы редакция 13.10.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
" Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы " және " Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін,   БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 
2. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін беру 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жүзеге асырылады. 
4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі  нұсқаулыққа  2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшалар 2010 жылдың 13 тамызына дейін жарамды. 
5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі  нұсқаулыққа  13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-қосымшалар 2010 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2007 жылғы 12 сәуірдегі
 N 112 Бұйрығымен
 бекітілген
Барлық мәтіндер бойынша "Тіркеу қызметі" деген сөздерден кейін»"және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 28.08.2008. № 235 Бұйрығымен.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және  
  филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі  
  нұсқаулық 
1. Осы Нұсқаулықты реттеудің мәні 
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Діни істер комитетінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, құрылатын, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, соның ішінде діни бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі қызметін реттейді.
2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар  
  мен өкілдіктерді есептік тіркеудің ұғымы және мақсаты 
2. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Субъектілердің заңды тұлға құқығын иеленуінің ресми айғағы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне заңды тұлға туралы деректердi енгiзу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) берілген мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгі болып табылады. 
Есептік тiркеу субъектілерге заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Субъектілердің заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі құқығын иеленуінің ресми айғағы филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік тізіліміне заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) туралы деректердi енгiзу және БСН-і берілген есептік тiркеу туралы куәлiгі болып табылады. 
Тiркеу барысында заңды тұлғаны құрудың, филиалды немесе өкiлдiкті ашудың мақсатқа сай екендігі назарға алынбайды, оның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметiн бақылау және оған араласу көзделмейді.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу: 
заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді құру және қызметін тоқтату фактісін растау; 
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған және өзінің қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу; 
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу; 
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы ақпаратты (қызмет немесе коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты қоспағанда) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткізу мақсатында жүзеге асырылады. 
4. Мемлекеттiк тiркеуге олардың құрылу мақсаттарына, олардың қызметінің түрiне және сипатына, қатысушылардың (мүшелердің) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар жатады. 
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлға құқығын алмай-ақ есептік тіркеуге жатады. 
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді (Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталығының заңды тұлғаларын - қатысушыларын қоспағанда) есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады. 
Банктерді, республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді (соның ішінде барлық саяси партияларды), шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Тіркеу қызметі комитеті) жүзеге асырады. 
Республиканың екі немесе одан да көп облыстарында іс-әрекет ететін діни бірлестіктерді, діни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырларды және басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті (бұдан әрі - Діни істер комитеті) жүзеге асырады. 
Тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен Діни істер комитеті тіркеуге жататындардан басқасы) тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) облыстардың және Астана, Алматы қалаларының Әділет департаменттерінің аудандық (қалалық) бөлімдерін (басқармаларын) қоспағанда, осы Нұсқаулықтың  3 қосымшасына  сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары жүзеге асырады. 
Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді және жергілікті діни бірлестіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуына тіркеуді) облыстардың, Астана мен Алматы қаласының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
5. Тіркеуші органдар құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді қамтитын заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - Тіркелім) және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін (бұдан әрі - Тізілімі) жүргізеді. 
Уәкілетті орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады. 
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу тіркеуші органдардың заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы уәкілетті органға ұсынған деректерін есепке алу және өзектендіру арқылы жасалады.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу 
6. Заңды тұлғаларды тіркеу үшін тіркеуші органға: 
осы Нұсқаулыққа 4 (14)  қосымшаға  сәйкес нысанда өтініші; 
осы Нұсқаулыққа  1 қосымшаға  сәйкес құрылтай және басқа да құжаттарының тізбесі табыс етіледі; 
заңды тұлғаның басшысын және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелері. 
Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Мемлекеттік үлестік қатысуы бар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекеттік қатысуымен заңды тұлғалар) мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тілімін ұстаушылардың белгісі бар өтініш тапсырады. 
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады. 
Қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсаты қосымша талап етiледi. 
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi. 
Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, қызметінің мәні банктік және сақтандыру қызметі болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi. 
Тиiстi тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады. 
Қызметінің мәні зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етіледі. 
Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрлігінің 08.10.2007. № 279, ҚР Әділет министрінің 28 (12.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).08.2008. № 235 Бұйрықтарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
7. Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша: 
1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге; 
2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. 
Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі. 
Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттары: жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмесі, үй-жайға құқығының тіркелгені туралы куәлігі және азаматтық заңдарда көзделген өзге де құжаты болуы мүмкін. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі табыс етіледі.