Осы редакция 16.04.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі N 917 Қаулысы
"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнің дұрыстығын тексеру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2005 жылғы 13 қыркүйектегі
N 917 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтардың саяси партия құру жөніндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру ережесi
1. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерінiң дұрыстығын тексеру ережесi (бұдан әрi - Ереже) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлетті органның (бұдан әрi - тiркеуші орган) лауазымды адамдарының тексерiс жүргiзу тәртiбiн белгілейдi.