Toggle Dropdown
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 Қаулысы
Toggle Dropdown
Осы редакция 24.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1229 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі
Toggle Dropdown
1. Осы Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 255-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
Осы Ереженің күші Кеден одағының кеден аумағына тауарлар әкелуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - заңды және жеке тұлғалар) қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Осы Ережемен көзделген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органына беру кезінде тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Toggle Dropdown
3. Ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар импорты кезінде акцизделетіндерін қоспағанда, мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
1) тауарға ілеспе құжаттар және/немесе ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
Toggle Dropdown
2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;
Toggle Dropdown
3) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға арналған тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттемесі беріледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін акцизделетіндерін қоспағанда, тауарлардың импорты кезінде техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттер мен мемлекеттер үкіметтерінің және халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:
Toggle Dropdown
тауарға ілеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
Toggle Dropdown
қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелуді белгілейтін тиісті келісімдер, шарттар;
Toggle Dropdown
заңды тұлғалар үшін - коммерциялық емес ұйым ретінде заңды тұлғаны тіркеуді растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) техникалық жәрдем ретінде әкелінетін тауарлар үшін:
Toggle Dropdown
орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
Toggle Dropdown
оларды орындау үшін тауарлар жеткізілетін жобаның (техникалық жәрдемдесу жөніндегі келісім-шарттың) көшірмесі беріледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте техникалық жәрдемдесу бағдарламасының орындалуын бақылайтын қазақстандық тараптың құзыретті органы Қазақстан Республикасының орталық кеден органына жобаның орындалуы туралы ақпаратты береді. Әкелінетін тауарларды берілген жобаларда әкелуі көзделген тауарларға сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында осы жобалардағы тауарлардың тізбесі жеке көрсетілуі тиіс.
Toggle Dropdown
5. Кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, субстанция-дәрілер; сурдотифлотехника және медициналық (ветеринариялық) техника, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушы материалдар, оның ішінде протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, субстанция-дәрілер және медициналық (ветеринариялық) техника, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
Toggle Dropdown
Тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кеден органына осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттемені ұсыну және мынадай шарттарды сақтау қажет:
Toggle Dropdown
*дәрілік зат, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуінің болуы және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
Toggle Dropdown
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының болуы;
Toggle Dropdown
**дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге немесе көтерме саудада өткізуге лицензиясының болуы;
Toggle Dropdown
дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
Toggle Dropdown
***дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде тауарлар импорты жағдайында жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына кеден органдарына импортты жүзеге асыратын тапсырысшы мен жеткізуші арасында жасалған шарт ұсынылады.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығару үшін шикізаттың импорты кезінде мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
1) ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің растамасы;
Toggle Dropdown
2) осы Ережеге 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін шикізатты мақсатты пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі беріледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желілері бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасына грант беру туралы шетелдік мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйыммен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшірмесі (ол болған жағдайда);
Toggle Dropdown
2) халықаралық шарт жасаусыз халықаралық ұйымның грант беруі жағдайында - оған берілген грант қаражаты есебінен тауарлар импорты туралы халықаралық ұйымның растамасы;
Toggle Dropdown
3) халықаралық шартқа сілтеменің болуымен тауарға ілеспе құжаттар (оны жасасқан жағдайда);
Toggle Dropdown
4) бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растамасы беріледі.
Toggle Dropdown
8. Осы Ереженің 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарлар салық жеңілдіктері берілетін мақсаттармен байланысты ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төлеуге жатады.
Toggle Dropdown
9. Кеден баждары мен салықтарын төлеуден босатуды көздейтін кеден рәсімдері шеңберінде тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Кодекстің 255-бабының 1-тармағының 1), 2), 5) және 8) тармақшаларында айқындалған тауарлар импорты бойынша қосылған құн салығынан босату Кодекске сәйкес тікелей қолданылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1229 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 4, 24-құжат).
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 1071 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 349-құжат).