Toggle Dropdown
2
Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1602 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1602 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою
және өтеу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) индоссамент - мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды басқа тұлғаға беруді куәландыратын беру жазбасы;
Toggle Dropdown
2) индоссант - мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды беретін тұлға;
Toggle Dropdown
3) индоссат - мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды қабылдайтын тұлға;
Toggle Dropdown
4) кепіл куәлігі - мақта қолхатының оның ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындауды талап ету құқығын куәландыратын бір бөлігі;
Toggle Dropdown
5) қойма куәлігі - мақта қолхатының оны ұстаушының мақтаға иелік ету құқығын куәландыратын бір бөлігі;
Toggle Dropdown
6) мақта қолхаттарының тізілімі - мақта қолхаттарын есепке алу құжаты;
Toggle Dropdown
7) ұсынушыға арналған аккредитив - кепіл куәлігін ұстаушының келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға болмайтын құжаттамалық аккредитив, оны ашу кезінде қойма куәлігін ұстаушы кепіл куәлігінде көрсетілген талаптардың сомасындағы ақшаны кепіл куәлігін өтеу үшін ұсынуға дейінгі мерзімге осы ақшаны ұсынушыға арналған аккредитив бойынша төлемдер үшін қолдану шартымен аккредитивті ашқан уәкілетті банктің иелігіне береді.
Toggle Dropdown
3. Мақта қолхаты екі бөліктен тұрады - қажет болған жағдайда бір-бірінен бөлуге мүмкін болатын қойма куәлігі мен кепіл куәлігі. Мақта қолхаты және оның әр бөлігі ордерлік эмиссиялық емес бағалы қағаздар болып табылады.
Toggle Dropdown
1
2. Мақта қолхатын беру тәртібі
Toggle Dropdown
1
4. Мақта қолхаты сапасы бойынша біртекті әрбір мақта партиясына беріледі. Тапсырылған мақтаның барлық көлеміне берілетін мақта қолхаттарының санын мақтаның иесі өзінің өтініші бойынша айқындайды.
Toggle Dropdown
Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақта партиясы қалыптасқан соң өтініш берген сәтінен бастап күнтізбелік үш күнінен кешіктірмей береді.
Toggle Dropdown
Мақта қолхаттары мақта иесіне мақта қолхаттарының тізіліміне тіркеліп және оның қолы қойылып осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі, оны мақта өңдеу ұйымы хронологиялық тәртіппен жүргізеді.
Toggle Dropdown
Жаңа мақта қолхаттары мақта қолхаттарын ұстаушылардың талабы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) мақта қолхатында индоссамент жасау үшін бос орын болмаған;
Toggle Dropdown
2) мақта қолхаты табиғи тозған;
Toggle Dropdown
3) мақта қолхаты айырбасталған;
Toggle Dropdown
4) мақта қолхаты жоғалған жағдайларда беріледі.
Toggle Dropdown
3. Мақта қолхатының айналысы тәртібі
Toggle Dropdown
5. Мақта қолхаты және оның бөліктері бойынша құқықтарды беру оларға беру жазбаларын - индоссаментті жасау жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте бірге индоссант мақта қолхаты және оның бөліктері бойынша құқық беру туралы мәліметтерді, ал индоссат мақта қолхаты және оның бөліктері бойынша құқық қабылдау туралы мәліметтерді көрсетеді және растайды.
Toggle Dropdown
6. Бөлінбеген мақта қолхаты бойынша құқықтарды беру индоссаментті жасау жолымен тек қойма куәлігінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
7. Қойма куәлігі бойынша құқықтарды беру қойма куәлігі бойынша құқық беруші және қабылдаушы тұлғалардың қойма куәлігінің қайырма бетінде дәйекті индоссаменттерді жасау жолымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Индоссаментті жасаған кезде қойма куәлігінің қайырма бетінде арнайы көзделген жерлерде мыналар көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) сол жағында қойма куәлігі бойынша талапты беруші тұлға (индоссант):
Toggle Dropdown
индоссанттың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
индоссанттың тұрған жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері);
Toggle Dropdown
индоссанттың жеке сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
индоссамент жасалған күні;
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні;
Toggle Dropdown
2) оң жағында қойма куәлігі бойынша талапты қабылдаушы тұлға(индоссат);
Toggle Dropdown
индоссаттың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
индоссаттың тұрған жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері);
Toggle Dropdown
индоссаттың жеке сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
индоссаменттің жасалынған күні;
Toggle Dropdown
жеке тұлғанының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні.
Toggle Dropdown
Индоссаментті жасау тиісінше индоссант пен индоссаттың қолымен куәландырылады.
Toggle Dropdown
Индоссат индоссаментті жасаған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде мақта қолхаты бойынша құқықтарды қабылдау туралы мақта өңдеу ұйымын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
8. Мақта өңдеу ұйымы тапсырған мақтаның кепілі кепіл куәлігінде индоссамент жасау жолымен немесе мақта қолхаты кепілінің шартын жасау арқылы мақта қолхатының кепілімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Кепіл куәлігінде индоссамент жасау жолымен мақтаны кепілге бергенде бұл кепіл куәлігі қойма куәлігінен бөлінеді.
Toggle Dropdown
9. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлу кезінде:
Toggle Dropdown
1) қойма куәлігінің төменгі оң жағындағы бұрышында арнайы көзделген жерде кепіл куәлігі бойынша талаптарды қабылдаушы тұлға мынадай ақпараты бар белгі жасайды:
Toggle Dropdown
кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәні, оның мөлшері, ол бойынша сыйақының ставкасы, міндеттеменің орындалу мерзімі;
Toggle Dropdown
кепіл куәлігінің бөлінген күні;
Toggle Dropdown
индоссаттың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және оның тұрған жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері).
Toggle Dropdown
Көрсетілген мәліметтер мақта қолхатының кепіл куәлігін ұстаушының алдындағы қойма куәлігін ұстаушының міндеттемелерін куәландырады;
Toggle Dropdown
2) кепіл куәлігінің төменгі оң жағындағы бұрышында арнайы көзделген жерде кепіл куәлігі бойынша талаптарды беруші тұлға мынадай ақпараты бар белгі жасайды:
Toggle Dropdown
кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәні, оның мөлшері, ол бойынша сыйақының ставкасы, міндеттеменің орындалу мерзімі;
Toggle Dropdown
кепіл куәлігінің бөлінген күні;
Toggle Dropdown
индоссанттың атауы (тегі, аты және әкесінің аты (бар жағдайда) және оның тұрған жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері).
Toggle Dropdown
Көрсетілген мәліметтер кепіл куәлігін ұстаушының қойма куәлігін ұстаушыға өз міндеттемелерін орындауға талап қою құқығын куәландырады.
Toggle Dropdown
Қойма және кепіл куәліктерінде көрсетілген белгілерді тиісінше қою иесін индоссат пен индоссанттың қолымен куәландырылады.
Toggle Dropdown
Егер кепіл куәлігін бөлу кезінде қойма және/немесе кепіл куәліктерінде мақта кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер туралы мәліметтер көрсетілмесе және тиісті белгілер жасалмаса, қойма және кепіл куәлігімен заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған кез-келген мәміленің күші жоқ деп есептелінеді.
Toggle Dropdown
10. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген кезде, кепіл куәлігі бойынша талаптарды беруші және қабылдаушы тұлғалар кепіл куәлігінің қайырма бетінде индоссамент жасайды. Кепіл куәлігінде индоссамент жасалған кезде, тараптар арнайы көзделген жерлерде мыналарды көрсетеді:
Toggle Dropdown
1) кепіл куәлігі бойынша талапты беруші тұлға:
Toggle Dropdown
индоссанттың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
индоссанттың тұрған жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері);
Toggle Dropdown
индоссанттың жеке сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
индоссамент жасалған күн;
Toggle Dropdown
жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні;
Toggle Dropdown
2) кепіл куәлігі бойынша талапты қабылдаушы тұлға:
Toggle Dropdown
индоссаттың атауы (тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
индоссаттың тұрған жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері);
Toggle Dropdown
индоссанттың жеке сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
индоссамент жасалған күні;
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні.
Toggle Dropdown
Индоссаментті жасау тиісінше индоссант пен индоссаттың қолымен куәландырылады.
Toggle Dropdown
11. Бөліп алынған кепіл куәлігі индоссатқа беріледі және ол осы кепіл куәлігінің иесі болып табылады.
Toggle Dropdown
12. Кепіл куәлігі бойынша талаптарды беруші және қабылдаушы тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 325-бабына сәйкес кепіл куәлігі бойынша өз құқықтарын кепіл ұстаушыларға берген кезде кепіл куәлігінің қайырма бетінде арнайы көзделген жерлерде көрсете отырып индоссамент жасайды:
Toggle Dropdown
1) сол жағында кепіл куәлігі бойынша талапты беруші тұлға (индоссант):
Toggle Dropdown
индоссанттың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
индоссанттың тұрған жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері);
Toggle Dropdown
индоссанттың жеке сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
индоссамент жасалған күні;
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні;
Toggle Dropdown
2) оң жағында кепіл куәлігі бойынша талапты қабылдаушы тұлға (индоссат):
Toggle Dropdown
индоссаттың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
индоссаттың тұрған жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері);
Toggle Dropdown
индоссаттың жеке сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
индоссамент жасалған күн;
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні.
Toggle Dropdown
Индоссаментті жасау тиісінше индоссант пен индоссаттың қолымен куәландырылады.
Toggle Dropdown
13. Қойма және кепіл куәліктерінің қайырма беттерінде, белгіленген тәртіппен жасалған индоссаменттердің үздіксіз қатары соңғы беру жазбасында көрсетілген тұлғаларға мақта қолхаты және оның куәліктері бойынша құқықтар ауысуының дәлелі болып табылады.
Toggle Dropdown
Беру жазбаларының үздіксіз қатарын сақтамаған жағдайда мақта қолхатын ұстаушының оған мақта беру құқығы сот тәртібімен анықталады.
Toggle Dropdown
14. Кепіл туралы мәліметтері бар қойма куәлігі бойынша құқықтарды беру осы Қағидаларға сәйкес кепіл куәлігін ұстаушының келісімінсіз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1
15. Кепіл туралы мәліметтері бар қойма куәлігі бойынша мақта өңдеу ұйымының мақта беруі осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес ұсынушыға қайтарып алынбайтын аккредитив ашқан жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашуды растау үшін қойма куәлігін ұстаушы осы Қағидаларда белгіленген талаптарға жауап беретін ұсынушының атына қайтарып алынбайтын аккредитив (бұдан әрі - ұсынушыға арналған аккредитив) ашылғанын растайтын екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі - уәкілетті банк) тиісті құжатын мақта өңдеу ұйымына береді.
Toggle Dropdown
Ұсынушыға арналған аккредитивті ашу факті туралы мақта өңдеу ұйымы үш күнтізбелік күннің ішінде ұсынушыға арналған аккредитивті ашқан уәкілетті банктің деректемелерін хабарлап, мақта өңдеу ұйымына белгілі тиісті кепіл куәлігін соңғы ұстаушыға жазбаша түрде хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Ұсынушыға арналған аккредитив бойынша төлем осындай аккредитивтің орындалу шарттары сақталған кезде, сондай-ақ кепіл куәлігінің деректемелері (мақта қолхаты бланкісінің сериясы мен нөмірі, мақта өңдеу ұйымының тізілімі бойынша мақта қолхатының ағымдағы нөмірі, мақта қолхатын беру күні, мақта қолхатында көрсетілген мақтаның салмағы, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мақта кепілімен қамтамасыз етілген талап туралы мәліметтер) аккредитив шарттарына сәйкес келген кезде ұсынушыға - кепіл куәлігін ұстаушыға төленеді.
Toggle Dropdown
Ұсынушыға арналған аккредитивпен жүргізілетін операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
17. Егер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме тиісті түрде орындалған жағдайда кепіл куәлігін ұстаушы кепіл куәлігінде индоссамент жасайды және кепіл куәлігін қойма куәлігін ұстаушыға қайтарады.
Toggle Dropdown
18. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме тиісті түрде орындалмаған және осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес мақта берілген жағдайда, кепіл куәлігін ұстаушы аккредитив бойынша төлемді жүзеге асырғаннан соң кепіл куәлігін оны өтеу үшін мақта өңдеу ұйымына қайтарады.
Toggle Dropdown
19. Осы кепіл куәлігі бойынша ұсынушыға арналған аккредитив жоқ болған және борышкер мақта кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) кезде кепіл куәлігін ұстаушы заңнамаға сәйкес кепілдікке берілген мақтаның өткізілуін ұйымдастыру тапсырмасымен сенім білдірілген тұлғаға жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Кепіл куәлігі бойынша мақтаны өткізу жөніндегі саудада осы құқыққа ие болған мақта иесі кепіл куәлігінің орнына мақта өңдеу ұйымынан мақта немесе жаңа мақта қолхатын алады.
Toggle Dropdown
Кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемелерді тиісті орындаған жағдайда кепіл куәлігін ұстаушының кепілге қойылған мақтаны төлетуді сұрауына жол берілмейді.
Toggle Dropdown
4. Мақта қолхатының күшін жою және өтеу тәртібі
Toggle Dropdown
20. Мақта қолхаты мақта беру кезінде (толық немесе ішінара), сондай-ақ кепілге алынған мақта сатылған жағдайда өтеледі.
Toggle Dropdown
21. Мақта қолхаттарын өтеуді мақтаны беру сәтінен бастап үш күн ішінде «Өтелді» деген мөртабан қою және өтеу күнін жазу арқылы мақта өңдеу ұйымы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Мақта қолхатының күшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша мақта ұйымы жояды.
Toggle Dropdown
22. Жаңа мақта қолхаты ауыстырылатын мақта қолхатының екі бөлігін ұсынған жағдайда беріледі және ауыстырылатын мақта қолхатында бұрын көрсетілген мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді.
Toggle Dropdown
Ауыстырылатын мақта қолхатында индоссамент (индоссаменттер) болған жағдайда, жаңа мақта қолхаты берілетін тұлға ретінде соңғы индоссат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
23. Мақта қолхатын жоғалтқан жағдайда мақта қолхатын жоғалтқан тұлға мақта өңдеу ұйымын мақта қолхатын жоғалтқаны туралы тез арада хабардар етеді. Бұл жағдайда жаңа мақта қолхаты жоғалған мақта қолхатын бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде мақта өңдеу ұйымы береді.
Toggle Dropdown
24. Мақта қолхатын бірнеше мақта қолхаттарына айырбастау осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
25. Мақта кепілімен қамтамасыз етілген міндеттеменің тиісінше орындауына байланысты кепіл тоқтатылғаннан кейін қойма кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін ұстаушы өтініші бойынша оған жаңа мақта қолхаты беріледі.
Toggle Dropdown
26. Мақта қолхаты бойынша мақтаны ішінара беру жағдайында мақта өңдеу ұйымы мақтаның қалған көлеміне жаңа мақта қолхатын береді. Мақтаға айырбастаған мақта қолхаты бөлшек бойынша мақтаның берілуіне байланысты өтеледі.
Toggle Dropdown
27. Мақта қолхаттарын есепке алу мақсатында мақта қолхаттары тізілімінде мақта қолхаттарын өтеу түрлерінің мынадай тұжырымдамалар көзделеді:
Toggle Dropdown
1) «беру» - мақта беруге байланысты мақта қолхатын өтеу;
Toggle Dropdown
2) «беру және ауыстыру» - мақтаны бөлшектеп беруге байланысты мақта қолхаттарын өтеу;
Toggle Dropdown
3) «айырбас» - мақта қолхаты иесінің талабы бойынша бірнеше мақта қолхатына айырбастау немесе мақта қолхатын олардың аз санына біріктіру мақсатыңда мақта қолхатын жою;
Toggle Dropdown
4) «ауыстыру» - индоссамент жасау үшін бос орынның болмауына немесе оның тозғанына байланысты мақта қолхатының күшін жою;
Toggle Dropdown
5) «сату» - кепілге қойылған мақтаны сатуға байланысты мақта қолхатын өтеу;
Toggle Dropdown
6) «жоғалту» - мақта қолхатын жоғалтуға байланысты оның күшін жою;
Toggle Dropdown
7) «кепілді тоқтату» - мақта кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындауға байланысты мақта қолхатының күшін жою.
Toggle Dropdown
28. Өтелген және күші жойылған мақта қолхаттары айналымнан алынып тасталады және мақта өңдеу ұйымында бес жыл ішінде сақталады.
Toggle Dropdown
Мақта қолхаттарын беру,
олардың айналысы, оларды жою
және өтеу қағидаларына қосымша
Toggle Dropdown
Мақта қолхаттарының тізілімі
_______________________________________
мақта өңдеу ұйымының атауы
Toggle Dropdown
Р/с № | Мақта қолхаты бланкісінің сериясы мен нөмірі | Мақта қолхатын берген күні | Мақта иесінің атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Шитті мақтаны сақтау және/немесе шитті мақтаны мақта талшығына өңдеу жөніндегі жария шартының нөмірі және мерзімі | Мақта тұқымының сорттық және егістік сапалары |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Дақыл түрі | Мақта тұқымының селекциялық сорты | Өнеркәсіптік сорты | Түрі | Сынып | Физикалық салмағы | Ластануы | Ылғалдылығы |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Штапель ұзындығы | Микронейр көрсеткіші | Кондициондық масса | Бактериялы саңырауқұлақтылық ауруларымен зақымдануы | Мақта өңдеу ұйымының жауапты қызметкерінің мақта қолхатын беру туралы қолы |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| | | | |
| | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Мақта қолхатын алғаны кездегі мақта иесінің қолы | Мақта қолхатын өтеу туралы | Мақта қолхатын өтеу туралы | Кепіл шарттары туралы мәліметтер (талап ету сомасы және мақтаға кепілдік құқығын белгілеу мерзімдері) |
| 20 | 21 | 22 | 23 |
| | | |
| | | |