Осы редакция 12.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 446 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5799 болып енгізілді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1,0 өтеу коэффициентімен, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) және мамандандырылған емдік өнімдерімен амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 0,5 өтеу коэффициентімен, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесін бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауға жіберсін.