Toggle Dropdown
"Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 25 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 572-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасында:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданған әрі аттестаттау жүргізудің және шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер берудің тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттау кезінде теориялық білімін тексеру, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) емтихан комиссияларының емтихан алуы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша кеме жүргізушілеріне шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік (бұдан әрі – куәліктер) беріледі.
3. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттауға жасы он сегізге толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық арнайы дайындығы бар адамдар жіберіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Емтихан билеттері мен тестілік бағдарламаны осы Қағиданың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бекітеді.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттауды өткізу туралы өтінішті Комитеттің аумақтық органдары жиырма жұмыс күн ішінде қарайды.»;
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Аттестатталатын адамды емтихан тапсыруға жіберу туралы қабылданған шешім кеме жүргізушісінің жеке карточкасының бланкісінде жазбаша ресімделіп, оған бес жұмыс күн ішінде емтихан комиссиясы отырысының орны, күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихандар тиісті жүзу ауданы үшін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін кеме жүргізу бойынша даярлаудың үлгі бағдарламасының көлемінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы, Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бойынша, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, кеме мен қозғалтқышты орналастыру және техникалық пайдалану бойынша тапсырылады.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тиісті бағыттар үшін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілігіне үміткерлер үшін тестілік бағдарлама блоктарға топтастырылған:
2) 2-блок – (МШКК) гидроцикл.
Әрбір блок бойынша сұрақтардың саны мен тестілеу жүргізу уақытын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі айқындайды.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Теориялық емтихандарды кеме жүргізушілер курстарын бітіргеннен кейін он екі ай ішінде тапсырмаған немесе он екі ай ішінде үш реттен артық тапсыра алмаған адамдар оқыту курсын қайтадан жалпы негіздерде өтеді.»;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Емтихан комиссиясының хатшысы емтихан тапсырудың нәтижелерін ресімдегеннен кейін дәл сол күні куәлікті алу немесе емтихандарды қайта тапсыру және апелляциялық арыз беру тәртібі туралы мәліметтерді ақпараттық стендіге орналастыру жолымен хабардар етеді.
26. Білімін бағалау нәтижесімен келіспеген жағдайда аттестатталушы адам Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) шағын көлемді кеменің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша аттестаттауды жүргізудің белгіленген тәртібін бұзу және (немесе) шағын көлемді кеменің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі аттестаттаудың нәтижелерімен келіспейтіні туралы жазбаша апелляциялық арыз (бұдан әрі – апелляция) бере алады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Хаттамамен ресімделген шешімді емтихан комиссиясының хатшысы аттестатталатын адамның назарына жеткізеді. Көрсетілген шешіммен танысу фактісі аттестатталатын адамның қолымен куәландырылады. Емтихан комиссиясының хатшысы аттестатталатын адамға куәлік алу тәртібі туралы хабарлайды.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Теориялық емтихандарды жақсы тапсырған емтихан тапсырушы адамдарға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес он жыл мерзімге шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беріледі (бұл туралы «Ерекше белгілер» бағанында тиісті жазба жасалады), ол кейіннен ауыстырылады. Емтихан комиссиясы отырысының хаттамасында, кеме жүргізушісінің куәлігі мен жеке карточкасында кеме жүргізушісіне басқаруға рұқсат етілетін шағын көлемді кемелердің түрлері (қозғалтқыштың қуаты, желкендердің ауданы, жүзу ауданы) туралы тиісті белгілер жасалады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Куәлікке енгізілген жүзу ауданын және (немесе) кеме түрін өзгерту тиісті жүзу ауданына және шағын көлемді кеме түріне арналған теория бойынша емтихан тапсырғаннан кейін кеме жүргізушісінің жазбаша арызы бойынша жүргізіледі. Мұндай жағдайларда шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлік беріледі, ал бұрынғы куәлік кеме жүргізушісінен қайтарылып алынады, оның өтелуі туралы белгі қойылады және бір жылдан кейін жойылады.»;
7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібі»;
51, 52, 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Комитеттің аумақтық органдары кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүзеге асырады.
52. Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан кезде Комитеттің аумақтық органдарына:
1) оқытушылар құрамының жоғары немесе орта техникалық бiлiмi дипломдарының көшiрмелерiн;
2) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса беріп, қызметтің басталуы туралы хабарлама жолдайды.
Хабарлама «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
53. Кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасының негізінде әзірлейді және оқу ұйымы басшысының өтініші негізінде курстың ашылуы басталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органының басшысымен келісіледі.»;
54, 55 және 56-тармақтар алып тасталсын;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар Комитеттің аумақтық органының есебінен шығарылғаннан кейін курстар есептен шығарылған кезеңнен бастап курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) жарамсыз деп есептеледі.»;
көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 25 қаулысына
қосымша
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару құқығына
аттестаттау қағидасына
1-қосымша
Кеме жүргізушісінің жеке карточкасы
Емтихан комиссиясының төрағасы
_____________________________________
_____________________________________
(ҚР ККМ Көліктік бақылау комитетінің
аумақтық органы басшысының лауазымы)
__________ облысы (қаласы)
бойынша
_____________________________________
(Т.А.Ә. туған жылы, үйінің мекенжайы)
_____________________________________
___________________________________________________________ ауданында (жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК, ТЖ және ІСЖ) _____________________________________________________________________ (шағын көлемді кеменің үлгісін (үлгілерін) көрсету керек: катер, мотоқайық, желкенді, гидроцикл) басқару құқығына емтихан тапсыруға жіберуіңізді өтінемін.
1. ____________________________________________________________
(оқығаны туралы құжаттың атауы, кім бергені, нөмірі және берілген күні)
2. ____________________________________________________________
(шағын көлемді кемені басқаруға жарамдылығы туралы медициналық анықтама, нөмірі, берілген күні, медициналық мекеменің атауы)
3. ____________________________________________________________
(3х4 фотосурет – 2 дана, басқа құжаттар – атауы мен берілген күні)
4. ____________________________________________________________
(басқа құжаттар, көрсету)
Жүзе білемін / білмеймін ______________________________________
Ұсынылды ______________________________________________________
(паспорт, жеке куәлік, тұруға ыхтиярхат, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берген, тіркеу – комиссия хатшысы емтихан күні толтырады)
Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) ________________________
_____________________________________________________________________ « ____ » ___________ 20 ____ ж. _______________________________ (өтініш берушінің қолы)
Емтиханға жіберу туралы шешім _________________________________
_____________________________________________________________________ (комиссия төрағасы ресімдейді, күні, қолы; бас тартқан жағдайда – негіздемесі, күні, қолы)
Пәннің және жүзу ауданының атауы | Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ) | Емтихан қабылдау күні | Емтихан алушының қолы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары | | | | |
| | | |
ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары | | | | |
| | | |
ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су тоғандары | | | | |
| | | |
ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары | | | | |
| | | |
Емтихан комиссиясы отырысының 20____ж. «___» __________ № _____ хаттамасы негізінде _________________________________________________ (кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(кеме (кемелер) үлгісі, желкен ауданы) басқару құқығына сериясы «___» № ____ куәлік берілді
Жүзу ауданы (аудандары) _______________________________________
Емтихан комиссиясының төрағасы ________________________________
_____________________________________________________________________
(Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы басшысының лауазымы)
20____ ж. «____» _____________ ________________________ __________________________ (комиссия төрағасының қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)