Toggle Dropdown
Осы редакция 28.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысы
Toggle Dropdown
"Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн.
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1-тармақтың 3) тармақшасында:
Toggle Dropdown
"бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн" деген сөздер "посттарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
"мен Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысы;
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1251 қаулысы.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 27 ақпандағы
N 238 қаулысымен
бекiтілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерінің және
Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк
бақылау посттарының тiзбесi
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесiндегi халықаралық өткiзу пункттерi:
Toggle Dropdown
көп жақты қатынас үшiн ашық:
Toggle Dropdown
Қорғас Алматы облысы
Toggle Dropdown
Достық Алматы облысы
Toggle Dropdown
Көлжат Алматы облысы
Toggle Dropdown
Бақты Шығыс Қазақстан облысы
Toggle Dropdown
Майқапшағай Шығыс Қазақстан облысы екi жақты қатынас үшiн ашық:
Toggle Dropdown
Нарынқол Алматы облысы
Toggle Dropdown
Алексеевка Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы учаскесiндегі халықаралық өткiзу пункттерi:
Toggle Dropdown
көп жақты қатынас үшiн ашық:
Toggle Dropdown
Құрманғазы Атырау облысы
Toggle Dropdown
Тасқала Батыс Қазақстан облысы
Toggle Dropdown
Сырым Батыс Қазақстан облысы
Toggle Dropdown
Ақсай Батыс Қазақстан облысы
Toggle Dropdown
Әлiмбет Ақтөбе облысы
Toggle Dropdown
Жайсан Ақтөбе облысы
Toggle Dropdown
Қайрақ Қостанай облысы