• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 05.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2010 № 655 Қаулысымен. (11.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
"Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2010 № 655 Қаулысымен. (11.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1-тармақтың 3) тармақшасында: 
"бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн" деген сөздер "посттарын" деген сөзбен ауыстырылсын; 
"мен Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556  қаулысы; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1251  қаулысы.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 27 ақпандағы
 N 238 қаулысымен
 бекiтілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
 арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және
 Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық
 көлiктiк бақылау посттарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері        Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Қорғас               Алматы облысы
Достық               Алматы облысы
Қалжат               Алматы облысы
Бақты                Шығыс Қазақстан облысы