Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысы
Редакция 09.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасында:
"бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн" деген сөздер "посттарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мен Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1251 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 27 ақпандағы
N 238 қаулысымен
бекiтілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және
Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық
көлiктiк бақылау посттарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Бақты Шығыс Қазақстан облысы
Майқапшағай Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Тасқала Батыс Қазақстан облысы
Сырым Батыс Қазақстан облысы
Ақсай Батыс Қазақстан облысы
Жаңа Жол Солтүстік Қазақстан облысы
Қарақоға Солтүстік Қазақстан облысы
Қызыл Жар Солтүстік Қазақстан облысы
Ауыл Шығыс Қазақстан облысы
Үбе Шығыс Қазақстан облысы
Жезкент Шығыс Қазақстан облысы екі жақты қатынас үшін ашық:
Жәнібек Батыс Қазақстан облысы
Орда Батыс Қазақстан облысы
Шаған Батыс Қазақстан облысы
Бидайық Солтүстік Қазақстан облысы
Амангелді Павлодар облысы
Байтанат Шығыс Қазақстан облысы
Қоянбай Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Жібек Жолы Оңтүстік Қазақстан облысы
Б. Қонысбаев Оңтүстік Қазақстан облысы
Қапланбек Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт Оңтүстік Қазақстан облысы (құпия) екі жақты қатынас үшін ашық:
Атамекен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының Түрікменстанмен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Темірбаба Маңғыстау облысы
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттары
Р/с № | Посттың атауы | Облыстың немесе қаланың атауы | Автожолдың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Бурабай | Ақмола | Астана - Петропавл, 253 км |
2. | Еркін | Алматы | Алматы - Өскемен, 270 км |
3. | Қарабұтақ | Ақтөбе | Самара - Шымкент, 965 км |
4. | Қобда | Ақтөбе | Орал - Ақтөбе, 618 км |
5. | Семей | Шығыс Қазақстан | Омбы - Майқапшағай, 757 км |
6. | Ақжайық | Батыс Қазақстан | Орал - Атырау, 126 км |
7. | Молодежный | Қарағанды | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1066 км |
8. | Жезқазған | Қарағанды | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км |
9. | Қарабалық | Қостанай | Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, 422 км |
10. | Ақтай | Қызылорда | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км |
11. | Бейнеу | Маңғыстау | Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай - Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км |
12. | Ленинский | Павлодар | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км |
13. | Мамлютка | Солтүстік Қазақстан | Челябинск - Новосибирск, 496 км |
14. | Шақпақ Баба | Оңтүстік Қазақстан | Алматы - Ташкент, 594 км |
15. | Қызыл Жар | Астана қаласы | Екатеринбург - Алматы, 1281 км |