• Мое избранное
Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қараша N 242 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 наурызда N 711 тіркелді.

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
1. Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесi бекiтiлсiн және 2000 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлсiн.
#$: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы № 266 қаулысымен, 2000 жылғы 16 мамырдағы № 216 қаулысымен.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Төлем жүйесі басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бірлесіп осы қаулыны және Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін. 
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттейтін болсын. 
4. Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесі күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 29 тамыздағы N 200 қаулысымен бекітілген Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының ірі төлем жүйелерінде есеп айырысу ережесінің күші жойылды деп танылсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.    
Ұлттық Банк 
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 1998 жылғы 21 қарашадағы
 N 242 қаулысымен бекітілген
Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі 
 ақша аударымы ережесі 
1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Осы Ереже ақша аударымының банкаралық жүйесін (бұдан әрі - жүйе) ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 
Жүйені пайдаланушыларға ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны аударым арқылы аудару бойынша (бұдан әрі - ақша аударымы) қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады. Жүйені пайдаланушылардың ақша аударымы электронды төлем құжаттарын (бұдан әрі - төлем құжаттары) жіберу жолымен жүзеге асырылады және Орталық осы төлем құжаттарының түсуіне қарай оларды біртіндеп өңдейтін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.
#$: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
2. Жүйе пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған шоттары көрсетілген электронды ақша аударымының, бір операциялық күн ішінде пайдаланушылардың ақшасының аударылған жиынтық сомасының орындалуына арналған.
3. Осы ережеде пайдаланылатын терминдер мынадай мағынаны білдіреді: 
1) жүйені пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - Орталықпен жүйе қызметін пайдалануға шарт (бұдан әрі - шарт) жасасқан банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк); 
2) пайдаланушы-алушы - ақша аударымы туралы төлем құжаты және соның пайдасына ақша аударылғаны жөнінде хабарлама жіберілетін пайдаланушы; 
3) пайдаланушы-жіберуші - жүйе арқылы ақша аударуға байланысты төлем құжатын жіберетін пайдаланушы; 
4) пайдаланушы-төлемші - жүйе арқылы есебіне ақша аударылатын пайдаланушы; 
5) Ұлттық Банктегі жүйе шоты - пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде ашылған, жүйені пайдаланушы-банктер жүйеге ақша аудару үшін және жүйедегі аударым бойынша пайдаланушылар позицияларының сальдосын аударуға пайдаланылатын ақшаның есебін жүргізуге арналған Ұлттық Банктің шоты; 
6) Орталықтағы жүйенің позициясы - Орталық өңдейтін және жүйедегі пайдаланушылардың ақша аударымын бақылауға арналған позиция; 
7) жүйедегі пайдаланушының позициясы (бұдан әрі - пайдаланушының позициясы) - пайдаланушының Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударылған ақша сомасының есебін жүргізуге, жүйе арқылы ақша аударымын жүзеге асыруға арналған позиция; 
8) жүйедегі электронды ақша аударымы (бұдан әрі - ақша аударымы) - пайдаланушының электронды тәсілмен берілген ақша аударымы жөніндегі нұсқауын Орталықтың сөзсіз және қайтарусыз орындауы; 
9) жүйедегі ақша аударымына қатысушылар - төлем құжатын орындауға қатысатын пайдаланушылар мен Орталық; 
10) жүйедегі түпкілікті төлем - қатысушылардың жүйе арқылы ақша аудару жөніндегі міндеттемелері соның нәтижесінде орындалатын іс-қимыл; 
11) электронды төлем құжаты (бұдан әрі - төлем құжаты) - пайдаланушы белгіленген электронды форматта жасаған және берген, аутентификациядан өткеннен кейін алғашқы құжат болып саналатын төлем құжаты; 
12) кредиттік ақша аударымы - төлем құжатын пайдаланушы-төлемші жіберген кездегі ақша аударымы; 
13) дебеттік ақша аударымы - пайдаланушы-жіберуші пайдаланушы-төлемшіге ақша талап ету құқығы бар төлем құжатын жіберген кездегі ақша аударымы; 
14) төлем құжатының акцепті - төлем құжатының шарттары негізінде ақша аударуды жүзеге асыру міндеттемесіне байланысты Орталықтың келісімі; 
15) аутентификация - төлем құжаттарының түпнұсқа екендігі және дұрыс жасалғандығын растайтын, сондай-ақ төлем құжатын жіберуші- пайдаланушы ретінде көрсетілген пайдаланушының тікелей өзі бергендегі жөніндегі фактіні анықтайтын Орталық белгілеген және пайдаланушыларға жіберілген процедуралар мен шаралар кешені; 
16) кредит тәуекелі - пайдаланушы-төлемшінің өз міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындамауы ықтимал екендігіне байланысты пайдаланушы-алушының тәуекелі; 
17) өтімділік тәуекелі - пайдаланушы-төлемшінің ақша аударымы бойынша өз міндеттемелерін орындамауы ықтимал екендігіне байланысты тәуекелі; 
18) жүйедегі қауіп - бір немесе бірнеше пайдаланушылардың міндеттемелерін орындамауынан туындаған бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша бір немесе бірнеше пайдаланушылардың өз міндеттемелерін орындамау қаупі; 
19) алаяқтық қаупі - пайдаланушының және Орталықтың қызметкерлері өз міндеттемелерін орындаған кезде жүйені рұқсатсыз, заңсыз пайдалануы ықтимал екендігіне байланысты қауіп; 
20) операциялық тәуекел - пайдаланушының және Орталықтың қызметкерлері өз міндеттемелерін орындаған кезде қате жіберуі ықтимал екендігіне байланысты тәуекел; 
21) техникалық тәуекел - ақпараттық-бағдарлама құралдары мен телекоммуникациялардың бұзылуы және қате жіберуі ықтимал екендігіне байланысты тәуекел; 
22) жүйенің операциялық күні (бұдан әрі - операциялық күн) - төлем құжаттарын қабылдау, өңдеу және жіберу үшін және ақша аударымын жүзеге асыру үшін жүйе ашық болатын уақыт кезеңі; 
23) кезек - жүйеде пайдаланушы-төлемшінің ақша сомасы болмай не жеткілікті болмай, Орталықты оның төлем құжаттарының акцепті және одан әрі орындау кешіктірілгенде, операциялық күн ішінде ақша аударымы жүзеге асырылатын кезді күту тәуекелдерін басқару механизмі; 
24) аудиторлық із - төлем құжаттарының жылжуын бақылау үшін Орталық пен пайдаланушылар сақтайтын ақпарат; 
25) электронды тізбе - пайдаланушылардың Ұлттық Банк бөлімшелері арасындағы ақша туралы мәліметтермен алмасуды растауға арналған құжат, онда банктердің корреспонденттік шоттары және Орталық жүргізетін шоттары болады, сондай-ақ пайдаланушылар позициясы бойынша қалдықтар, дебет бойынша айналымдардың жалпы сомасы және жүйедегі пайдаланушылар позициясының сальдосы кіретін пайдаланушылардың банктік бірыңғай коды болады.
#$: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
2-тарау. Жүйені ұйымдастырудың және жұмыс 
 істеуінің құқықтық негіздері 
4. Жүйені ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің құқықтық негіздері пайдаланушылар мен Ұлттық Банк, Ұлттық Банк пен Орталық, пайдаланушылар мен Орталық арасында жасалған шарттар арқылы және осы Ережемен қамтамасыз етілетін болады.
5. Пайдаланушы мен Орталық арасында жасалатын шарттарда мынадай талаптар міндетті түрде болуы керек: 
1) пайдаланушы мен Орталықтың құқықтары мен міндеттері; 
2) ақпарат қауіпсіздігі тәртібін сақтау мен банк құпиясын сақтау; 
3) түпкілікті төлем жасаудың тәртібі мен талаптары; 
4) шарттың талаптарын орындамағаны үшін пайдаланушы мен Орталықтың жауапкершілігі; 
5) шартты бұзу тәртібі; 
6) шарттың талаптарын өзгерту тәртібі. 
Шарттың жекелеген ережелерін орындауды уақытша тоқтату негіздерінің бірі инкассалық өкімдерді орындау үшін пайдаланушының ақшасының болмауы немесе жетіспеуіне байланысты пайдаланушының активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы болып табылады.
#$: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
6. Орталық өзіне Ұлттық Банк берген өкілеттіктер және шартта белгіленген талаптар негізінде пайдаланушыларға ақша аудару бойынша қызмет көрсетеді. Ұлттық Банк жүйенің жұмыс істеуіне бақылау жасайды.
7. Пайдаланушы мен Орталық арасында жасалған шарт негізінде олардың жүйе арқылы ақша аударымы жөніндегі міндеттері мен құқықтары тек қана Орталық төлем құжатының акцептін жасаған кезден басталады.
#$: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
8. Орталықтың төлем құжатының акцептін жасау талаптарына: 
1) аутентификациядан өту; 
2) ақша аударымының бастамашысында және пайдаланушы-алушыда пайдаланушы мәртебесінің болуы; 
3) пайдаланушының позициясынан төлем құжатында көрсетілген соманы шығару мүмкіндігі жатады. 
Мұнан басқа, дебет аударымы бойынша төлем құжатына акцепт жасау талаптарының біріне пайдаланушы-төлемшінің алдын ала берген келісімі жатады. 
Осы тармақтың 1) немесе 2)-тармақшаларындағы талаптар орындалмаған жағдайда, төлем құжатын жіберушіге себебін көрсете отырып, оның төлем құжатын өңдеуден бас тартатыны туралы электронды хабарлама жіберіледі. 
Осы тармақтың 3)-тармақшасының талаптары орындалмаса, бірақ 1) және 2)-тармақшасындағы талаптар сақталса, төлем құжаты пайдаланушы-төлемшінің кезегіне жіберілетін болады. 
Ақша аударымы орталық төлем құжатына акцепт жасағаннан кейін жүзеге асырылады. 
Төлем құжатына акцепт жасаудан немесе кезекке тіркеуден бас тартқан жағдайда, Орталық пайдаланушы-төлемшіге төлем құжатын орындаудан бас тарту себебі көрсетілген электронды хабарлама жібереді. 
Орталық пайдаланушы-төлемшіге оның позициясының дебеттелгені туралы хабарлама жіберсе, Орталық төлем құжатын акцепттеген деп саналады.
#$: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
9. Орталық төлем құжатына акцепт жасағаннан кейін оны қайтарып алуға болмайды және ақша аударымын оны жүзеге асырушы тараптардың (сонымен бірге Ұлттық Банктің) бастамасымен өзгертуге болмайды.
#$: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
10. Орталық пайдаланушы-алушының позициясы бойынша ақша сомасын да және оның позициясының кредиттелгені туралы растаудың түскенін де бір уақытта көрсетуді қамтамасыз ететін болады. Пайдаланушы-алушы төлем құжатын және өз позициясының кредиттелгені туралы растауды алған кезде ақша сомасын мақсат бойынша тиісті шотқа қабылдауға (есептеуге) міндетті. 
Ақша сомасын тиісті шотқа көрсетіп жазуға (есептеуге) мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы-алушы мұндай ақша сомасын пайдаланушы-төлемшіге келесі операциялық күннен кешіктірмей қайтаруға міндетті, ал пайдаланушы-төлемші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұл ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы. 
Ақша сомасын қайтару пайдаланушы-алушы пайдаланушы-төлемшінің пайдасына төлем құжатын жасау жолымен жүзеге асырылады, сонымен бірге төлем құжатында ақшаның қайтарылу себебі көрсетілетін болады.
#$: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
3-тарау. Жүйені пайдаланушылар 
11. Банктер Орталықпен шарт жасасқаннан кейін пайдаланушы мәртебесіне ие болады. Пайдаланушы мен Орталықтың арасындағы шарттың бұзылуы банкті пайдаланушы мәртебесінен айырады. Осы Ереженің 5-тармағына сәйкес ақша жіберушінің активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы пайдаланушы мен Орталық арасындағы шарттың жекелеген ережелерінің қолданылуын тоқтатады, бірақ банкті пайдаланушы мәртебесінен айырмайды.
#$: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
12. Банк қызмет көрсету туралы шарт жасау үшiн Орталыққа мынадай құжаттар бередi: 
1) жүйеге қосу туралы өтiнiш; 
2) пайдаланушының Жарғысының нотариат куәландырған көшiрмесi және банк операцияларын жасауға арналған лицензиялар. 
Банктiң жүйе арқылы ақша аударуға қатысуына рұқсат беру туралы мәселенi қарау үшiн банк Ұлттық Банкке мынадай құжаттар беруi тиiс: 
1) ақпаратты рұқсатсыз кiруден қорғаудың банкте қолданылатын ұйымдастыру және бағдарлама-технологиялық шаралардың сипаттамасы; 
2) банк қолданатын бағдарлама-техникалық құралдардың және телекоммуникация желiлерiнiң сипаттамасы. 
Банктiң жүйе арқылы ақша аударуға қатысуына рұқсат беру туралы Ұлттық Банктiң оң қорытындысы банкке мынадай жағдайларда берiледi: 
1) банк Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi орындаса; 
2) клиенттер алдындағы ақша аударымы жөнiндегi шарттық мiндеттемелерiн уақтылы орындаса. 
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ Ұлттық Банкпен жасалған корреспонденттік шот шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
13. Орталық пайдаланушыға қызмет көрсету туралы жасалған шарттың негізінде пайдаланушыға жүйе арқылы ақша аударымы бойынша операциялар есебін жүргізу үшін қажет деп саналатын позициясын хабарлайды.
14.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
: 14-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
15. Ұлттық Банк жүйені пайдаланушыға қызмет көрсету туралы Орталықпен жасалған шарттың негізінде жүйені пайдаланушы мәртебесін алады.
4-тарау. Операциялардың түрлері 
16. Жүйе арқылы кредиттік және дебеттік ақша аударымдары жүзеге асырылады.
17. Орталық жүйені пайдаланушылар арасындағы ақша аударымын жүзеге асырады және олардың жүйедегі ақшасының қалдығын ескере отырып, кезектегі пайдаланушылардың төлем құжаттарының өзара есебін орындайды.
#$: 17-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
18. Орталық дебеттік ақша аударымын пайдаланушы-төлемшінің алдын ала келісімімен ғана тиісті түрде ресімделген жазбаша келісім негізінде жүзеге асырады. Мұндай келісімнің көшірмесі пайдаланушының Орталықпен жасаған шартымен қоса берілуі тиіс.
5-тарау. Жүйедегі банктік электронды хабарлау 
19. Жүйедегі хабар беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асырылады. Сонымен бiрге пайдаланушылар жүйеде қолданатын форматтар бойынша электронды хабарлармен алмасады. Орталық бір ақша жіберуші және бір бенефициар көрсетілген төлем құжатын орындауға қабылдайды. 
Электронды хабарлармен алмасу процедураларын Орталық белгілейді және Орталық пен пайдаланушы арасындағы шартта белгіленген мерзімде пайдаланушыларға хабарлайтын болады. Электронды хабарларды уақытылы алмаса немесе хабар болмаса, пайдаланушы Орталыққа тез арада хабарлауға тиіс. 
Пайдаланушылар жүйе үшін, электронды хабарлардың берілгендігін куәландыру және олар берілген кезде қателерді табу үшін Орталық бекіткен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдерін сақтауға міндетті.
: 19-тармақ өзгертілді, толықтырылды ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысымен, 2004 жылғы 15 мамырдағы № 74 қаулысымен.
20. Орталық электронды хабарларды аутентификациялау тәртібін әзірлейді және оның бұлжытпай орындалуын бақылайды. 
Электрондық төлем құжаттарын алмасқан кездегі Орталықтың және пайдаланушының жауапкершілігі бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы келісіммен белгіленеді.
#$: 20-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
21. Орталық және пайдаланушылар ақпаратты сақтауды қамтамасыз етеді және жіберілетін, алынатын электронды хабарларды бақылауды жүзеге асырады. Орталық және пайдаланушылар өңдеуден өткізген барлық электронды хабарлар ішкі бағдарламалық жүйелерде аудиторлық із қалдырып отыруға тиіс. 
Ұлттық Банктің сұратуы бойынша Орталық Ұлттық Банкке пайдаланушылар арасындағы ақша аударымы туралы және ақша аударымына байланысты қажетті ақпаратты, Қазақстан Республикасының банк құпиясын сақтау туралы заң  актілерінің талаптарына сәйкес банктік электронды хабарларды береді.
6-тарау. Жүйенің қызметін атқаруы 
22. Жүйедегі тәуекелді басқару үшін операциялық күн үшін басталар алдында кестемен бекітілген уақытта пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі пайдаланушының төлем тапсырмасы негізінде оның Ұлттық Банкте ашқан корреспонденттік шотынан сонда қалған соманың шегінде Ұлттық Банктің арнайы белгіленген шотына (бұдан әрі - Ұлттық Банктегі жүйенің шоты) ақша аударады. 
Пайдаланушымен шарт бойынша пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі тұрақты жұмыс істейтін төлем тапсырмасы негізінде, осы Ереженің қосымшасына сәйкес осындай ақша аударымын жүзеге асыра алады. Тұрақты қолданылып жүрген төлем тапсырмасында пайдаланушының корреспонденттiк есепшотындағы ақша қалдығы сомасының проценттiк арақатынасы немесе пайдаланушының корреспонденттiк есепшотынан пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жүйесiндегi есепшотқа ақша аударуға қажеттi белгiленген сома көрсетiледi. Мұндай тұрақты қолданылып жүрген төлем тапсырмасы пайдаланушының оны қайтарып алу жөнiнде нұсқау бергенге дейiн қолданылады. Тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасының күшін Ұлттық Банкке ұсынған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жаңа тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасын пайдаланушы жояды.
#$: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.04.2001 № 106, 17.11.2005 № 147, 28.11.2008 № 96 Қаулылары мен.
23. Ұлттық Банктегі жүйенің шоты пайдаланушылардың ақшасын жүйеде ақша аударымын орындау кезеңінде есепке алуға, сондай-ақ пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына жүйенің операциялық күні ішіндегі олардың арасындағы сальдо сомасында ақша аударуға қызмет етеді. Ұлттық Банктің операциялық күні жабылғаннан кейін ол шотта қалдық болмауға тиіс.
24. Банктердің орындалған төлем құжаттарының негізінде пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі электронды тізімді жасап, оны Орталыққа жібереді, ол тізімде пайдаланушылардың өздерінің корреспонденттік шоттарынан Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударылған ақшасының сомасы және олардың банктік сәйкестендіру кодтары туралы ақпарат болады.
#$: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
25. Орталық операциялық күн ашылар алдында пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен алынған электронды тізім негізінде Орталықтағы жүйе позициясынан пайдаланушылардың позицияларына жазба жасалынады. Орталықтағы жүйе позициясын Пайдаланушылардың жүйеде пайдаланылып жүрген ақшасының жалпы сомасын салыстырып тексеру және бақылау үшін Орталықтағы жүйе позициясын Орталық жүргізіп отырады. Операциялық күн барысында Орталық жүйесінің позициясындағы ақша сомасы Ұлттық Банктегі жүйенің шотындағы ақша сомасына тең болуға тиіс. 
Операциялық күннің басында жүйедегі пайдаланушының позициясы бойынша ақша сомасы төлем құжатында көрсетілген, пайдаланушы өзінің корреспонденттік шотынан жүйе арқылы ақша аударуды жүзеге асыру үшін аударылған сомаға тең болуға тиіс.
#$: 25-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
26. Ұлттық Банк төлем құжаттарының барынша жоғары сомасы туралы электронды тізімді Орталыққа жеткізеді, олар пайдаланушының кезегінде тіркелуі мүмкін. 
Кезекке тiркелген төлем құжатының ең жоғары сомасын Ұлттық Банк белгiлейдi. 
Бұл тізім пайдаланушының сәйкестендіру кодын және оның кезегінде тіркелуі мүмкін төлем құжаттарының жалпы сомасы қамтиды. 
Ұлттық Банк пайдаланушының төлем тапсырмаларының кезегінің барынша жоғары сомасын өзгертуге және осы өзгертуді электронды түрде Орталыққа оның операциялық күні басталғанға дейін жеткізуге құқылы.
#$: 26-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысымен, 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
27. Жүйеде ақша аудару пайдаланушының өзі Ұлттық Банк жүйесінің шотына аударған және басқа пайдаланушылардан қабылдаған ақша сомасының шегінде жүзеге асырылады. Жүйеде Ұлттық банктің ақшасын аударған кезде жүйені пайдаланушы ретінде жүйедегі оның позициясы бойынша дебеттік сальдоға рұқсат беріледі.
28. Орталық пен пайдаланушының арасындағы шарттың жекелеген ережелерін орындауды тоқтатқан кезде Орталық ақша сомасын пайдаланушының пайдасына қабылдау (есебіне жазу) операцияларын ғана жүзеге асырады.
29. Орталық операциялық күн ішінде Орталықтағы жүйенің позициялары бойынша қалдық сомасының жүйені пайдаланушылардың позициясы бойынша дебеттік және кредиттік қалдықтардың сомасына тең болуына тұрақты бақылау жасайды. Позициялар бойынша сомалар сәйкес келмеген жағдайда Орталық Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарымен жұмыс істейтін бөлімшесіне дереу хабарлауға, ақша аударымын тоқтатуға және сәйкеспеушіліктің себебін анықтауға тиіс. Жүйедегі операциялар Ұлттық Банктің жазбаша нұсқауы бойынша қайта басталады.
30. Кезекте тұрған төлем құжаттары басымдылық кодтарына сәйкес өңдеуден өтеді. Басымдылық кодтарының жүйесін Қазақстан Республикасының заң  актілерінде көзделген нұсқауларды орындаудың кезектілігін сақтауды ескере отырып Орталық әзірлейді және Ұлттық Банк бекітеді. 
Кезектегі төлем құжаттары басымдылық кодтары шеңберінде олардың кезекке тұру тәртібі бойынша орындалады. Пайдаланушылар төлем құжаттарын орындаудың заңмен белгіленген кезектілігінен басқа кезекті белгілеуге құқылы.
#$: 30-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
31. Кезекте тұрған төлем құжаттарын пайдаланушы-төлемшілер кез-келген күні қайтарып ала алады. 
Қайтарып алынған төлем құжаттары электронды хабарда тіркеледі, пайдаланушы-төлемші электронды хабарды төлем құжатының мына деректерін келтіре отырып, төлем құжатының күшін жою үшін сұратқаннан кейін алады: төлем құжатының нөмірі, оның күні, төлемші шотының нөмірі, төлемші банктің деректемелері, төлемнің сомасы, сондай-ақ алушының және алушы банктің деректемелері.
#$: 31-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
32. Пайдаланушы позициясы бойынша әрбір кредиттік жазбадан кейін Орталық өзінің кезегінде тұрған төлем құжаттарды акцепттеу мүмкіндігін тексереді.
#$: 32-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
33. Операциялық күн ішінде Орталық пайдаланушылардың талабы бойынша электрондық әдіспен пайдаланушының жүйедегі позициясының күйі туралы жазбаша үзінді береді: 
1) пайдаланушының кезегінде тіркелген төлем құжаттары бойынша; 
2) орындалған төлем құжаттары туралы; 
3) пайдаланушының жүйедегі ақшасының қалдығы туралы. 
Ақша алушы пайдаланушылар төлем құжаттарын алғаннан, тексергеннен және ақшаны өзінің корреспонденттік шотына қабылданғаннан (есебіне жазғаннан) кейін, бірақ келесі операциялық күннен кешіктірмей жүйенің операциялық күні ішінде өздерінің клиенттерінің шоттарына ақшаны қабылдайды (есебіне жазады). 
Жүйені пайдаланушы төлемшінің талабы бойынша Орталық кезектің жай-күйі туралы хабар береді. Хабарда белгіленген кезектілік тәртібімен төлем құжаттарының деректемелері мен олардың сомасын көрсете отырып кейінге қалдырылған төлем құжаттары аталынады.
#$: 33-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
34. Жүйеде ақшаны аудару Ұлттық Банк белгілейтін операциялық күн ішінде жүргізіледі.
#$: 34-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 158 қаулысымен.
35. Операциялық күн жабылған уақыт болған кезде ақша аударымын жүзеге асыру үшін берілген төлем құжаттарын орындау тоқтатылады. Төлем  құжаттарын өңдеу барысында операциялық күннің соңында Орталық кезекте тұрған төлем құжаттарының өзара есепке жатқызуын пайдаланушылардың жүйедегі ақшаларының қалдығын ескере отырып орындайды. Орталық Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне және пайдаланушыға оның өзара есепке жатқызудан кейін кезекте қалған, орындалмаған барлық төлем құжаттары туралы хабар береді.
#$: 35-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен, 2003 жылғы 27 мамырдағы № 158 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
36. Өзінің операциялық күнін жапқанға дейін Орталық пайдаланушылардың позициялары бойынша дебеттік және кредиттік қалдықтардың сомасының Орталықтағы жүйе позициясы бойынша қалдықтың сомасына тең болуын бақылайды және пайдаланушылардың позициясының сальдосын Орталықтағы жүйе позициясына аударады. 
Орталық осы бақылауды орындап болғаннан кейін, Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарымен жұмыс істейтін бөлімшесіне барлық пайдаланушылардың позицияларының сальдосы туралы электронды тізімді береді. 
Пайдаланушылардың позицияларының сальдосы туралы электронды тізімде және Орталықтағы жүйе позициясында пайдаланушының банктік сәйкестендіру коды, пайдаланушының позициясы бойынша кіретін қалдық, дебет және кредит бойынша айналымның жалпы сомасы және пайдаланушыдан шығатын позицияның сальдосы болады.
37. Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарымен жұмыс істейтін бөлімшесі электронды тізімді алғаннан кейін, оны Орталықтағы жүйенің позициясы Ұлттық Банктегі жүйенің шоты және пайдаланушылардың жүйедегі позициялары сальдосының жалпы сомасы арасындағы ақша сомаларының бір-біріне теңдігін, сондай-ақ пайдаланушылардың позицияларының дебеті мен кредиті бойынша айналым сомаларының тепе-теңдігін және бүкіл қажетті деректемелердің барлығын және дұрыстығын тексереді, содан кейін Орталыққа тексерудің орындалғаны туралы хабарлайды. 
Ұлттық Банктің мәліметтерді тексеріп болғаннан кейін, пайдаланушының позициясындағы сальдо сомасының ақшасын Ұлттық Банктегі жүйе шотынан пайдаланушының пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде ашылған корреспонденттік шотына аударады. 
Электронды тізімдегі позиция сальдосының сомасы мен Ұлттық Банктегі жүйе шоты сальдосының сомасы сәйкеспеген жағдайда Орталық пен пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі айырмашылықты жою жөнінде бірлесіп шара қолданады.
#$: 37-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
38. Жүйенің операциялық күні аяқталғаннан кейін пайдаланушы орындалған төлем құжаттарының нәтижесі бойынша Орталықтан жазбаша үзінді алады.
#$: 38-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
38-1. Пайдаланушы төлем құжаттарын өңдей алмайтын немесе оларды Орталықпен техникалық себептермен айырбастай алмайтын ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жүйенің операциялық күнін жүйе пайдаланушысының жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы өтініші  (бұдан әрі – өтініш) негізінде ұзартады. 
Жүйенің операциялық күнін бір сағатқа дейін ұзарту туралы шешімді пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің басшысы қабылдайды. 
Жүйенің операциялық күнін бір сағаттан астам ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банк Төрағасының Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне жетекшілік ететін орынбасары (бұдан әрі – Төрағаның орынбасары) қабылдайды. 
Өтініш жүйені пайдаланушының атауын, ұзарту себебін және пайдаланушы жүйенің операциялық күнін ұзартуды сұрап отырған уақытты көрсете отырып еркін нысанда жасалады. 
Жүйенің операциялық күні бір сағатқа дейін ұзартылған кезде өтініш Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне (алдын ала ауызша келісілгеннен кейін), жүйенің операциялық күні бір сағаттан астам ұзартылған кезде Төрағаның орынбасарына жіберіледі. 
Жүйенің операциялық күні өтініш негізінде ұзартылған және жүйеде осы пайдаланушы жіберген төлем құжаты болмаған кезде, пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.
: 38-1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2008 № 96 Қ аулысымен. (17.11.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
38-2. Операциялық күндi ұзарту туралы өтiнiш қағазда немесе факсимиль байланысы арқылы немесе электрондық-сандық қол қою электрондық әдiсiмен берiлуi мүмкiн. 
Қағаз немесе факсимиль байланысы арқылы берiлген өтiнiшке пайдаланушының уәкiлеттi адамдары қол қоюға тиiс. Өтiнiшке қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi адамдардың тiзiмiн пайдаланушы өзi белгiлейдi және уәкiлеттi адамдардың қол қою үлгiлерiмен бiрге пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне жiберiледi. 
Жүйенi пайдаланушы өтiнiштi факсимиль байланысы арқылы жiберген кезде ол келесi операциялық күннен кешiктiрмей өтiнiштiң қағаздағы түпнұсқасын Ұлттық Банкке жiберуге тиiс.
: 38-2-тармақпен толықтырылды, өзгертулер енгізілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
39. Пайдаланушы күн сайын Орталық орындаған төлем құжаттарының нәтижесінің дұрыстығын Ұлттық Банктің жазбаша үзіндісі арқылы бақылайды. Орталықтан алған жазбаша үзіндінің сальдосы Ұлттық Банктің Орталық орындаған төлем құжаттарының нәтижесін көрсететін жазбаша үзіндісіндегі жазбамен сәйкес болмағанда, пайдаланушы дереу жазбаша түрде Орталыққа және оның корреспонденттік шоты жүргізілетін Ұлттық Банктің бөлімшесіне хабар беруге және келесі операциялық күн ішінде пайдаланушының барлық орындалған төлемдерін тексеруге тиіс.
#$: 39-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
39-1. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.
: 39-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
7-тарау. Жүйеден ақша қабылдау және 
 алып қою тәртібі 
40. Пайдаланушының Ұлттық Банктiң бөлiмшесiнде ашылған корреспонденттiк есепшотына бiр күн iшiнде қабылданған (есебiне жазылған) ақша сомасын пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі есепшот иесiнiң тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiлеген тәртiппен пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жүйесiндегi есепшотқа аударуға тиiс.
: 40-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысымен, 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
40-1. Жүйенi пайдаланушының корреспонденттiк есепшотынан ақшаны бiр операциялық күн iшiнде Ұлттық Банктегi жүйе есепшотына аудару қажет болған кезде, жүйені пайдаланушы Ұлттық Банкке ақшаның аударылу уақытын көрсете отырып осы Ереженің 22-тармағында көзделген тұрақты қолданылып жүрген қағаздағы төлем тапсырмасын жіберуге құқылы.
: 40-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысымен.
41. Пайдаланушының ақшасын Ұлттық Банктегі жүйенің шотына аударған күннен бастап оның корреспонденттік шотына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі Орталыққа электронды тізімді қалыптастырып жібереді, онда пайдаланушының ақша сомасы және оның банктік сәйкестендіру коды туралы ақпарат болады.
: 41-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
42. Орталық пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен алған осы тізімнің негізінде Орталықтағы жүйенің және пайдаланушының жүйесінің позициялары бойынша жазба жасайды.
: 42-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
43. Пайдаланушының корреспонденттік шотында оған беруге, инкассалық өкімдерді орындауға, сондай-ақ басқа мақсаттарға қажетті қолма-қол ақша сомасы жоқ болғанда немесе жетіспеген жағдайда, пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жіберушінің нұсқауы негізінде пайдаланушының жүйедегі жіберушінің нұсқауын орындауға қажетті сомадағы ақшасын алып тастау туралы Орталыққа электронды тізімді қалыптастырып жібереді. Бұл тізімде пайдаланушының банктік сәйкестендіру коды да көрсетіледі.
: 43-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
44. Орталық пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен алған осы тізімнің негізінде Орталықтағы жүйенің және пайдаланушының жүйесінің позициялары бойынша қажетті ақша сомасына жазба жасайды және пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне орындалған операция туралы электронды растау немесе пайдаланушының шотында ақшаның жоқтығы туралы электронды хабарлама жібереді.
#$: 44-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
45. Пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі Орталықтың растауы негізінде Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына жіберушінің нұсқауына сәйкес кейін ақша аудару үшін ақша аударады.
: 45-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.
8-тарау. Корреспонденттік шоттардың 
 мониторингін өткізу  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
: 8-тарау алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысымен.(46-48-тармақтар)
9-тарау. Тараптардың жауапкершілігі 
49. Пайдаланушылар мен үшінші адамдардың атынан немесе солардың пайдасы үшін ақша аударылады, солардың арасындағы ақша аударымын қате орындағаны және уақытылы орындамағаны үшін жауапкершілік пайдаланушы мен оның клиентінің арасындағы келісімдердің шарттарының немесе/және заң актілері талаптарының негізінде белгіленеді.
50. Пайдаланушылардың электронды төлем құжаттарына өзгерту енгізуге Орталықтың құқы жоқ.
#$: 50-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысымен.
51. Ұлттық Банк пен Орталықтың арасындағы шартқа сәйкес Ұлттық Банк Орталықтың электронды тізбеде келтірген шоттарының, пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттарының сальдосының дұрыс көрсетілетіні үшін жауап береді.
52. Ұлттық Банк Орталықтың міндеттемелері, оның ішінде жүйедегі жүзеге асырылған аударымдар бойынша пайдаланушылардың алдында жауап бермейді.    
Ұлттық Банк 
Төрағасы
                                          Ақша аударымының 
                                       банкаралық жүйесіндегі 
                                       ақша аударымы ережесіне 
                                               қосымша
: Қосымша жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2008 № 96 Қ аулысымен. (17.11.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
      ____________________            Қазақстан Республикасының 
      (пайдаланушының атауы)                 Ұлттық Банкі
Жүйенің Ұлттық Банктегі шотына 
 корреспонденттік шоттан ақша аударуға арналған 
 20 __ жылғы "___" ___________ 
 N ___ Тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасы
      Осы арқылы N _________ корреспонденттік шоттан жүйенің Ұлттық Банктегі N _________ шотына _________ мөлшерде күн сайын ақша аударуды тапсырамыз.
                                              Басшы ________ қолы 
                                            (аты-жөні) 
 Мөр орны                              Бас бухгалтер ________ қолы 
                                            (аты-жөні)