• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 158 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2369

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің жұмыс істеуін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 29 наурыз-11 сәуір жарияланған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1538 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1999 тіркелген, 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 362 қаулыларымен бекітілген өзгерістер және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде: 
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"34. Жүйеде ақшаны аудару Ұлттық Банк белгілейтін операциялық күн ішінде жүргізіледі."; 
35-тармақтағы "бақылау мерзімі" деген сөздер "операциялық күн жабылған уақыт" деген сөздермен ауыстырылсын; 
48-тармақтағы "палатасына" деген сөз "ұйымына" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін. 
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк 
Төрағасы