Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерiс енгiзу жөнiнде
Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы N 216 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1152
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 2 қаулысымен бекiтiлген Тендер комиссиясының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жүйесi шеңберiндегi "Ақша аударудың банкаралық жүйесiн басқару" шағын жүйесi бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудi жасау үшiн ұйым таңдау жөнiндегi шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесi бекiтiлсiн және 2000 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлсiн.".
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
3. Төлем жүйесi басқармасы (Мусаев Р.Н.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.