• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 Қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 96 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5422 болып енгізілді.

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес
Банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі операциялық күнді ұзарту тәртібін нақтылау және банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 910 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 266, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1152 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгеріс енгізу жөнінде" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 216, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1538 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1999 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылғы N 45-46 жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 362, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 64-65 (23275) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2369 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 27 мамырдағы N 158, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2887 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 150 (23785) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 15 мамырдағы N 74, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде: 
жоғарғы оң жақ бұрышындағы "бекiтiлген" деген сөз өзгеріссіз қалады; 
22-тармақтың екінші абзацында: 
"(N 1 қосымша)" деген сөздер ", осы Ереженің қосымшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
"Тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасының күшін Ұлттық Банкке ұсынған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жаңа тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасын пайдаланушы жояды."; 
38-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"38-1. Пайдаланушы төлем құжаттарын өңдей алмайтын немесе оларды Орталықпен техникалық себептермен айырбастай алмайтын ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жүйенің операциялық күнін жүйе пайдаланушысының жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы өтініші  (бұдан әрі – өтініш) негізінде ұзартады. 
Жүйенің операциялық күнін бір сағатқа дейін ұзарту туралы шешімді пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің басшысы қабылдайды. 
Жүйенің операциялық күнін бір сағаттан астам ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банк Төрағасының Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне жетекшілік ететін орынбасары (бұдан әрі – Төрағаның орынбасары) қабылдайды. 
Өтініш жүйені пайдаланушының атауын, ұзарту себебін және пайдаланушы жүйенің операциялық күнін ұзартуды сұрап отырған уақытты көрсете отырып еркін нысанда жасалады. 
Жүйенің операциялық күні бір сағатқа дейін ұзартылған кезде өтініш Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне (алдын ала ауызша келісілгеннен кейін), жүйенің операциялық күні бір сағаттан астам ұзартылған кезде Төрағаның орынбасарына жіберіледі. 
Жүйенің операциялық күні өтініш негізінде ұзартылған және жүйеде осы пайдаланушы жіберген төлем құжаты болмаған кезде, пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады."; 
N 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақша аударымының
 банкаралық жүйесіндегі
 ақша аударымы ережесіне
 қосымша
      ____________________            Қазақстан Республикасының 
      (пайдаланушының атауы)                 Ұлттық Банкі
Жүйенің Ұлттық Банктегі шотына 
 корреспонденттік шоттан ақша аударуға арналған 
 20 __ жылғы "___" ___________ 
 N ___ Тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасы
      Осы арқылы N _________ корреспонденттік шоттан жүйенің Ұлттық Банктегі N _________ шотына _________ мөлшерде күн сайын ақша аударуды тапсырамыз.
                                              Басшы ________ қолы 
                                            (аты-жөні) 
 Мөр орны                              Бас бухгалтер ________ қолы 
                                            (аты-жөні)".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 
3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.
 Ұлттық Банк 
Төрағасы                                         Ә. Сәйденов