Ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 мамырдағы N 74 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2887
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес
Ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 29 наурыз - 11 сәуірде жарияланған), 1999 жылғы 16 тамыздағы N 266 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 910 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда жарияланған), 2000 жылғы 16 мамырдағы N 216 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1152 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда жарияланған), 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1538 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 18 маусым - 1 шілдеде жарияланған), 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 362 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1999 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 4-17 қарашада жарияланған), 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 10-23 наурызда жарияланған), 2003 жылғы 27 мамырдағы N 158 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2369 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 16-29 маусымда жарияланған) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесінде:
19-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Орталық бір ақша жіберуші және бір бенефициар көрсетілген төлем құжатын орындауға қабылдайды.".
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны ақша аударымдарының банкаралық жүйесін пайдаланушыларға жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Абдулкаримов С.Х.) осы қаулыны орындау мақсатында ақша аударымдарының банкаралық жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |