Toggle Dropdown
3
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 50 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 29.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Арнайы техникалық құралдарды әкелуге және әкетуге қорытынды (рұқсат беретiн құжат) беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарларды әкелуге немесе әкетуге (рұқсат беретiн құжат) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 50 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
«Жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) тарапынан, сондай-ақ «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы және «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның мекенжайы: 010011, Астана қаласы, Т. Бигелдинов көшесі, 76-үй, интернет-ресурс www.knb.kz, тел: 8 (7172) 76-42-51, 76-42-52, 76-42-53, 76-42-54, 76-42-55, факс: 8 (7172) 76-42-32.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаудың және құжаттамаларды басқарудың үлгілі ережелері;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережелері талаптарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет:
Toggle Dropdown
1)«Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
Toggle Dropdown
2)«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы;
Toggle Dropdown
3)«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы;
Toggle Dropdown
4) «Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 412 қаулысы негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.knb.kz «Маңызды сілтемелер» бөлімінде;
Toggle Dropdown
2) порталда орналастырылған.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты порталдың call-орталық телефоны бойынша (1414) да алуға болады.
Toggle Dropdown
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не электрондық құжат форматында уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз түрінде алу үшін өтініш берген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және уәкілетті орган басшысының қолымен куәландырылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы, алушы).
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
Toggle Dropdown
жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру – мемлекеттік қызметті алушы не оның өкілі осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензияны қайта рәсімдеу – мемлекеттік қызмет алушы не оның өкілі осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензияның телнұсқасын беру (бұдан әрі – лицензияның телнұсқасы) – мемлекеттік қызметті алушы не оның өкілі осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызмет алушыға не оның уәкілетті тұлғасына өтініш берген күні қызметті көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметті алу кезіндегі күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және/немесе құжаттардың көшірмелері қате болу фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде жазбаша дәлелді жауап береді.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысуға лицензия беруге, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге арналған алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде белгіленген тәртіппен өндіріледі.
Toggle Dropdown
Лицензиялық алым қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, мынадай деректемелер бойынша: бюджеттік классификатор коды – 105402, төлем тағайындау коды – 911 төленеді.
Toggle Dropdown
Лицензияны алу, лицензины қайта рәсімдеу үшін сұрау электронды құжат нысанында портал арқылы ұсынылған жағдайда төлем «электронды үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Лицензияның қосымшаларын (лицензия қосымшаларының телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым өндірілмейді.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) құжаттарды уәкілетті органда қабылдау почта арқылы немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес мекенжайлар бойынша.
Toggle Dropdown
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
2) порталда –тәулік бойы.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттiк қызмет:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті органның ғимаратында, үй-жай режимі: ғимаратқа кіру № 1 жеке кіреберістен жүзеге асырылады. Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы сигнализациялар және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.