• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi Ереженi бекiту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 29.09.2005 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi Ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 7 маусым N 720
"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 Жарлығының 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк 
қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң
тәртiбi мен шарттары жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     
2. Облыстардың және Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерi жеке
тұрғын үй салу көзделген жалпы жер массивiнен тұрғын үй жағдайын
жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлер үшiн жеке тұрғын үй салуға
аумақтарды қалдыруды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 7 маусымдағы
                                         N 720 қаулысымен
                                           БЕКIТIЛГЕН
          Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк
       қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн
              берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi
                              ЕРЕЖЕ 
     
1. Осы Ереже тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлер үшiн жеке тұрғын үй салуға жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындайды. 
2. Мемлекеттiк қызметшiлерге бөлу үшiн көзделiп жеке тұрғын үй салуға қалдырылған аумақтар тиiстi қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде, ереже бойынша, бiрыңғай массивпен белгiленедi. 
Мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн беру басым тәртiппен жүзеге асырылады. 
3. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскесi 0,15 гектар ("Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерiн беру нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 401 қаулысымен белгiленген азаматтарға тұрғын үй салу және қызмет көрсету үшiн жер учаскелерiн беру нормаларынан айырмашылығы - 0,1 гектар) көлемде тегiн берiледi. 
Белгiленген нормадан жоғары көлемде жер учаскесiн беру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жалпы негiзде жүзеге асырылады. 
4. Мемлекеттiк қызметшi жер учаскесiн алу үшiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органға немесе қызметшi өзi кәсiптiк қызметiн атқаратын аппараттағы мемлекеттiк органға өтiнiш бередi.