• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014 г

Отправить по почте

1

Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3314

Осы Қаулы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (30.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.04.2014 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесі бекітілсін. 
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы", "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестіктеріне жiберсiн. 
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау жөніндегі
 агенттігі Басқармасының
 2004 жылғы 27 қарашадағы
 N 328 қаулысымен Бекітілген
Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесі
1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқарушының есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.09.2011 № 118 (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Инвестициялық портфельді басқарушының есебіне мыналар жатады: 
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа); 
2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы есеп (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа); 
3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен орналастырылған екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа); 
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа); 
5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес пай кірістілігі мен пай иелерінің саны туралы мәліметтер (әрбір инвестициялық қор бойынша толтырылады); 
8) осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес клиенттердің активтері есебінен сатып алынған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есеп; 
9) осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес инвестициялық қордың өзге мүлкінің құрылымы туралы есеп; 
10) осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес акционерлік қоғам болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялық қордың инвестициялары туралы есеп.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.09.2011 № 118 Қаулысымен (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Инвестициялық портфельді басқарушы есепті электрондық тасымалдағышта тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді. 
Инвестициялық портфельді басқарушы есепті электрондық тасымалдағышта осы Ереженің 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 26.05.2009 № 100 Қаулысымен (26.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3-1. Ай сайын және тоқсан сайын жасалатын қағаз тасымалдағыштағы есепке бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және инвестициялық портфельдi басқарушысында сақталады. Инвестициялық портфельдi басқарушы уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз тасымалдағышта ұсынады.
: 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 27.08.2005 № 310 қаулысымен, өзгертілдіҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 26 (27.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).05.2008 № 79 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 03.09.2010 № 131 Қаулыларымен.(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
3-2. электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы ұсынылады. 
Ай сайын жасалатын электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы уәкілетті орган көрсеткен мекен-жай бойынша ұсынылады.
3-2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 26.05.2009 № 100 (26.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
3-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн инвестициялық портфельдi басқарушысының бiрiншi басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етедi.
: 3-3-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 27.08.2005 № 310 қаулысымен, өзгертілдіҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 26 (27.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).05.2008 № 79 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 03.09.2010 № 131 Қаулыларымен.(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
3-4. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, инвестициялық портфельдi басқарушы есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
Инвестициялық портфельдi басқарушы ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында инвестициялық портфельдi басқарушыға хабарлайды. Инвестициялық портфельдi басқарушы уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның лерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
3-4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 131 (01.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
4. Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен көрсетіледі.
5. Есепті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
6-10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-10-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 131 Қаулысымен (01.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
13. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Инвестициялық портфельді
басқарушының есеп беру
ережесіне 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 27.08.2005 № 310 қаулысымен, толықтыру енгізілді, жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 26 (27.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).05.2008 № 79 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 03.09.2010 № 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi), ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.09.2011 № 118 Қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      Өз активтері есебінен сатып алынған  
                 бағалы қағаздар туралы есеп 
№ р/с Эмитенттің атауы Бағалы қағаздың түрі Ұлттық бірегейлендіру нөмірі Бағалы қағаздардың саны (данамен) Номиналдық құны Номиналдық құны валютасы Қалыптастырылған резервтер (провизиялар) Жиынтық ағымдағы құны
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:
1 2 3 4 5 6 7 7-1 8
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары              
1.1                
...                
2. Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары              
2.1. Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары              
2.1.1.                
...                
                 
2.2 Екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, заңды тұлғалардың бағалы қағаздары              
2.2.1.                
...                
3. Шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары              
3.1.                
...                
4. Қазақстан Республикасының резидент емес - эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары              
4.1.                
...                
5. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары              
5.1.                
...                
6. Инвестициялық қорлардың пайлары              
...                
7. Барлығы              
№ р/с Жиынтық ағымдағы құны Күні Листинг рейтинг  
Есептелген сыйақы Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде: Есептелген сыйақы Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде: Есептелген сыйақы Сатып алу Өтеу
1 9 10 11 12 13 14 15 16 17
1.                  
1.1.                  
...                  
2.                  
21.                  
2.1.1                  
...                  
2.2.                  
2.2.1.                  
...                  
3.                  
3.1.                  
...                  
4.                  
4.1.                  
...                  
5.                  
5.1.                  
...                  
6.                  
...                  
7.                  
* егер, бағалы қағаздарға меншiк құқығын шектеу болса, онда "иә" деген сөз қойылуы керек
Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)