Toggle Dropdown
5
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 24.02.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Жоспар) мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған негiзгі бағыттары (1-бөлiм);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштерi (2-бөлiм);
Toggle Dropdown
қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi (4-бөлiм);
Toggle Dropdown
қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегі 2005-2007 жылдарға арналған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi (5-бөлiм).
Toggle Dropdown
2. Құпия.
Toggle Dropdown
3. Құпия.
Toggle Dropdown
4. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған аса маңызды көрсеткіштерiнiң болжамы (3-бөлiм) бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
5. Ұлттық компанияларды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгi көрсеткіштерiнiң болжамы назарға алынсын (6-бөлiм).
Toggle Dropdown
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi облыстар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарларын заңнамада белгiленген тәртiппен уақтылы әзiрлеудi және бекiтудi қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
7. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы және Жоспардың iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн тоқсан сайын хабардар етсiн.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы
N 917 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары
Toggle Dropdown
1-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттар
Toggle Dropdown
Астана-2004
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.
Toggle Dropdown
Жоспар сыртқы және iшкi факторларға қарай 2005-2007 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындарын негiздейдi әрi орталық және жергiлiктi органдардың экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылын айқындайды.
Toggle Dropdown
Жоспар стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2005-2007 жылдарға арналған мiндеттердi және оларды шешу жолдарын айқындайды.
Toggle Dropdown
1. Елдiң 2003 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және 2004 жылға арналған дамуын бағалау
Toggle Dropdown
2003 жылы ЖIӨ-нiң нақты өсуi 9,2%-ды құрады, ал орташа жылдық инфляция 6,4% деңгейiнде қалыптасты.
Toggle Dropdown
Өткен жылы әлемдiк экономика үрдiстерiнiң негізiнде болжанғандай теңгенiң АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы күшейдi. Бұл ретте, болжам 151 теңге болғанымен, айырбас бағамының нақты мәнi өткен жыл iшiнде орташа 149,45 теңге құрады. Теңге, ең алдымен, мұнайға қойылатын жоғары бағаның және доллардың еркiн айырбасталатын басқа валюталарға қатысты 20%-дан астам құнсыздануының салдарынан күшейдi.
Toggle Dropdown
Саудадағы негізгі әрiптес елдер валюталарының қоржынына (евро, ресей рублi, қытай юанi) қарағанда, теңгенiң АҚШ долларына қатысты күшеюiне қарамастан, теңгенiң нақты мәнi 2,5%-ға құнсызданды.
Toggle Dropdown
Бұл елдiң ағымдағы операциялар шотының және тұтастай алғанда, төлем теңгерiмiнiң оң сальдосын қамтамасыз етуге ықпал eттi.
Toggle Dropdown
Елдегi макроэкономикалық тұрақтылық экономиканың дамуына ынталандырушы әсер етуiн жалғастырды, бұл тауарлар мен қызметтер көрсету өндiрiсiн ұлғайтудың, тiкелей шетелдiк инвестициялардың едәуiр ағынын, мемлекеттік бюджетке кiрiстер түсiмiнiң және, сайып келгенде, ел халқының әл-ауқатын арттырудың басты факторына айналды.
Toggle Dropdown
Сыртқы фактор - әлемдiк сауда рыноктарындағы қолайлы конъюнктура, сондай-ақ экономикалық өсудi қамтамасыз етуге оң әсерiн тигiздi.
Toggle Dropdown
Сыртқы экономикалық тауар айналымы 2003 жылы 22,4 млрд. АҚШ долларын құрады және 2002 жылмен салыстырғанда 26%-ға ұлғайды. Бұл ретте экспорт Қазақстан үшiн рекордтық көрсеткiш 13,2 млрд. АҚШ долл. құрап, 32%-ға ұлғайды. 2003 жылы тауарлар импорты 9,1 млрд. АҚШ долл. құрады және 2002 жылмен салыстырғанда 18,4%-ға ұлғайды.
Toggle Dropdown
Импорт құрылымындағы инвестициялық тауарлардың үлесi 38%-ды, аралық өнеркәсiптік тұтыну тауарларының үлесi 39%-ды, ал тұтыну тауарларының үлесi 22%-ды құрайды.
Toggle Dropdown
2003 жылы еңбекақының нақты өсуi 7,6%-ды құрады.
Toggle Dropdown
2002 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 20,1 мың адамға немесе 2,9%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейi 8,8% мөлшерiнде қалыптасты (2002 жылы 9,3 %).
Toggle Dropdown
2003 жылы еңбекақының 73,6%-дық өсiмi еңбек өнiмділiгiнiң өсуi есебiнен қамтамасыз етілдi. Өнеркәсiптегi еңбек өнiмдiлігі нақты еңбекақының өсуiнен 17%-ға дерлiк басып озды. Осы салада капиталды жаңа өнiм түрлерін шығаруды ұйымдастыруға қайта инвестициялау үшін жинақтау процесi басталды.
Toggle Dropdown
Сонымен бiр мезгілде, 2003 жылы саудада еңбек өнімділігі 5,3%-ға төмендедi, ал нақты еңбекақының өсуi 11,9%-ды құрады. Бұл алшақтық осы салада көлеңкелi экономиканың жоғары үлесінің бар екендігін көрсетедi.
Toggle Dropdown
Әлемдiк тауар рыноктарындағы жалғасып отырған қолайлы ахуал, елге шетелдiк инвестициялар ағымының ұлғаюы, өндiрістiк сектордың тұрақты жұмысы және iшкi сұраныстың артуы 2004 жылғы бiрiншi жарты жылдықтағы республика экономикасын дамытудың оң қарқынын сақтаудың негізгі факторлары болды.
Toggle Dropdown
Инфляцияның төменгi деңгейі, бюджет жүйесінің сенiмділігі, елдің төлем теңгерiмi мен теңгенің айырбас бағамының тұрақтылығы, сондай-ақ тұтастай қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттілігі макроэкономикалық тұрақтылықпен қатар жүрдi.
Toggle Dropdown
Бағалау бойынша 2004 жылғы бiрiншi жарты жылдықта өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда жалпы iшкi өнiмнің (ЖIӨ) өсуi 9,1%-ды құрады. 9,4%-ға өнеркәсiптегі, 5,2%-ға ауыл шаруашылығындағы көлемдердің ұлғаюы өсудi қамтамасыз етті. Қызметтер көрсету секторында барлық көлік түрiмен жүк тасымалдау көлемi 9,3%-ға және бөлшек тауар айналымы - 7,1%-ғa ұлғайды.
Toggle Dropdown
2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2004 жылғы бiрiншi жарты жылдықта ЖIӨ құрылымында айтарлықтай өзгерiстер болған жоқ. Бағалау бойынша ЖIӨ-дегi тауарлар өндiрiсiнiң үлесi 40,6%-ды (2003 жылғы қаңтар-маусымда 39,1%) қызметтер көрсету - 53,3%-ды (55,5%) құрады.
Toggle Dropdown
Ағымдағы жылдың бiрiншi жарты жылдығының қорытындылары бойынша орташа инфляция деңгейi 6,6%-ды құрады және өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ (6,7%).
Toggle Dropdown
Негiзгі Қазақстандық тауарлар бағаларының әлемдiк рыноктағы жоғары деңгейi экспорт түсiмдерi көлемiнiң едәуiр ұлғаюына ықпал eттi. Ағымдағы жылдың бес айында сыртқы сауда айналымы 11,5 млрд. АҚШ долларын құрады және 2003 жылғы осындай кезеңнен 46%-ға жоғары. Экспорт 7 млрд. АҚШ долларын, импорт 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады, өсу тиiсінше 42 және 52%-ды құрады.
Toggle Dropdown
Мұнай өндiру саласында шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iрi инвестициялық жобаларды, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ бiрқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру экономикаға тартылатын инвестициялар көлемiн жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкiндiк бердi. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда негiзгi капиталға инвестициялар 12,1%-ғa ұлғайды. Салынған инвестициялардың жалпы көлемінiң 60,9% кәсіпорындар, ұйымдар және халық қаражатының үлесiне келедi.
Toggle Dropdown
Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша алтын-валюта резервінің жинақталған көлемi тауарлар мен қызметтер импортын 5 айдан астам қаржыландыруды қамтамасыз еттi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ақшасын қоса алғанда, 2004 жылғы 1 шiлдедегi елдiң халықаралық резервтерi (3,7 млрд. АҚШ долл.) 10,3 млрд. АҚШ долларын құрады және 19,9%-ға ұлғайды.
Toggle Dropdown
Мұнайдың сақталып отырған жоғары бағалары және елге валюта түсiмiнiң зор көлемінің ағылуы теңге бағамы күшеюiнің негiзгi себебi болды. Мысалы, 2004 жылғы бiрiншi жарты жылдықта теңгенiң орташа айырбас бағамы бір доллар үшiн 138,42 теңге құрады. Жыл басынан берi номиналды көрінiстегi теңге AҚШ долларына 5,07%-ға күшейдi.
Toggle Dropdown
Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2004 жылғы қаңтар-мамырда халықтың нақты ақшалай табысы 13,7%-ға ұлғайды. Бұл peттe бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 21,4%-ға, ал нақты еңбекақысы 14%-ға өсті. Номиналды орташа айлық еңбекақы 26452 теңге құрады.
Toggle Dropdown
2004 жылғы 20 мамырда Standard & Рооr's халықаралық рейтингтiк агенттігі Қазақстанға инвестициялық сыныптың екiншi рейтингiн бердi. Ендi Қазақстан екi халықаралық рейтингтік агенттіктiң инвестициялық рейтингін иеленген ТМД-дағы алғашқы мемлекет болып табылады (2002 жылғы қыркүйекте Moody's Investors Service халықаралық рейтингтiк aгенттігі Қазақстанның егемен рейтингін инвестициялық деңгейге дейiн көтердi).
Toggle Dropdown
Бағалау бойынша 2004 жылы инфляция деңгейi орташа 5,6-7%-ды құрайды, бұл индикативтік жоспардың болжамына сәйкес келедi.