"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
"Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 392 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 392 қаулысымен бекітілген
"Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Жалпы ережелері
1. Осы "Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне және өмір сүру циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Техникалық регламенттің талаптары кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша "Ұнтақталған күріш» 1006 40 000 0 тауар позициясына және "Ұн тарту-жарма өнеркәсібінің өнімдері; мия; крахмалдар; инулин; бидай дәнінің маңызы" 11 тобына жататын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар мен крахмал өнімдеріне қолданылады.
Техникалық регламент осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген өнімдерге міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2011 № 451 Қаулысымен (26.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Техникалық регламент балалар және емдеу-алдын алу тағамдарына арналған ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар мен крахмал өнімдеріне, сондай-ақ жем-шөптік өнімдерге қолданылмайды.
4. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар тарапынан талаптар белгіленетін ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағында адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделері мен қоршаған ортаны қорғауға әсерінен туындайтын тәуекелдерге мыналар жатады:
1) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтер мен металлмагнитті қоспалардың болуы;
2) ұн-тарту және жарма өнімдерінің астық қорларының зиянкестермен ластануы мен жұқтыруы;
3) бидай ұны нанының "картоп ауруының" қоздырғыштарымен зақымдануы;
4) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі микробиологиялық көрсеткіштер;
5) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың болуы.
5. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру кезінде мынадай жағдайларда туындайтын барлық ықтимал тәуекелдер ескерілуі тиіс:
1) шикізатты қабылдау және қайта өңдеуге дайындау;
2) жабдықтарды, өндірістік және қойма үй-жайларын дайындау;
3) ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру (шығару), сақтау, тасымалдау және өткізу процестері (сатылары);
4) кәдеге жарату және жою процестері (сатылары).
6. Осы Техникалық регламентті қолдану мақсатында ұн тарту-жарма, өнеркәсібінің өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін сәйкестендіру мынадай негізде жүзеге асырылады:
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (18.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1) өнімді көзбен көріп тексеру;
2) этикеткадағы, тұтыну ыдысындағы, зат белгідегі, салынба парақтағы мәтін түрінде өніммен бірге берілетін ақпарат;
3) зертханалық бақылау мен сынақтардың деректері (қажетті және төрелік жағдайларда).
Осы Техникалық регламенттi қолдану мақсаттарындағы сәйкестендiру әдiстерi қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиiс.
2. Терминдер мен анықтамалар
Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
жылтыратқыш машина - дәннің (тұқымның) бетінен қауыздаудан кейін қалып қойған кебектерді (және ішінара ұрықты) түпкілікті жоюға, сондай-ақ жармаларды белгіленген нысанға (жұмыр, домалақ) және талап етілетін сыртқы пішініне дейін өңдеуге арналған машина;
жем-шөптік астық өнімі - жем-шөптік мақсатқа бағытталатын астық өнімі;
арпа ұны - арпа дәнін тарту нәтижесінде алынатын ұн;
аспирация - өндірістік үй-жайлардан технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу процесінде түзілетін шаң мен газдарды жою процесі;
астықтың зиянды қоспалары - адам және жануарлар денсаулығы үшін қауіпті өсімдіктен алынатын қоспа;
бидай ұны - жұмсақ бидайдан немесе құрамындағы қатқыл қоспа 20%-дан аспайтын жұмсақ бидайдан тартылатын нан пісіретін ұн;
құрғақ бидай дәнінің маңызы - нан пісіру өндірісінде жақсартқыш ретінде қолданылатын, астықты қайта өңдеудің ұнтақ түріндегі өнімі;
бункер - сусымалы материалдарды қысқа мерзімді сақтауға және __ гравитациялық түсіруге арналған ыдыс, оның тік бөлігі 1,5\/F-тен артпайды, бұл жерде Ғ - бункердің жоспардағы көлденең кесіндісінің алаңы;
білікті станок - дән ұсатуға арналған станок, оның жұмыс органдары беттері бұдыр немесе кедір-бұдыр және түрлі айналма жылдамдықпен бір-біріне қарсы айналатын көлденең орналасқан екі цилиндр білік болып табылады;
дайын өнімді түю - дайын өнімді түю бөлімшесіндегі бункерлерден тұтынушылық ыдысқа буып-түю немесе қаптаусыз беру;
дақылдың жанышталған дәні - дән жаныштағыш білдектен өткізілген дақылдар дәндері;
дән қоспасы - техникалық талаптарға (ГОСТқа, ұйым стандартына) сәйкес негізгі астыққа және арамшөп қоспасына жатпайтын кетілген, үгілген, өніп кеткен, жемірілген немесе бүлінген дән;
дән бастыру машинасы - дәннің қауызын (кебектерін) эндоспермнен айыруды жүзеге асыратын сыртқа тепкіш қозғалыстағы машина;
дәнді дақыл - астық тұқымдастарға жататын өсімдік, олардың дәндері (бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш, тары) адамдарды тамақтандыру үшін және мал азығы үшін кеңінен қолданылады;
дәнді сулап қауызынан айыруға арналған машина - астықты ылғалдау және қауызынан ішінара тазарту үшін қолданылатын машина;
дәнді-бұршақты дақылдар - өндірісте кеңінен баптап-өсірілетін бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдік;
жарма - жарма дақылдарын (бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық, күріш) қайта өңдеу өнімдері. Дәннің орталық бөлігінен (өзегінен) гүлшікті үлдірлерін, жеміс және тұқым қабыршықтарын, кейбір жағдайда алейрон қабатын да алып тастау арқылы алынған ірі бөлшектер (мөлшері 1-3 мм) болып табылады;
жарма өнімдері - астықты жармаға қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер;
жасыл сірне - кристалды глюкоза өндірісінің қалдығы;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |