• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 28.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қазандағы № 162 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 6 желтоқсанда № 6663 тіркелді       
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1534 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесінде:
9-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;