Toggle Dropdown
Осы редакция 21.07.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1372 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне кезең-кезеңімен көшу арқылы қоршаған ортаға зиянды шығарындылар бойынша автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау, Ішкі істер министрліктері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1372 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарына қолданылады және атмосфераға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бойынша олар пайдаланатын отынға және экологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Техникалық регламенттің объектілері:
Toggle Dropdown
Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес жіктелетін М 1 , М 2 , М 3 , N 1 , N 2 және N 3 санаттарындағы және іштен жану қозғалтқыштарымен жабдықталған, рұқсат етілген ең үлкен массасы 400 кг-дан астам болатын және (немесе) ең жоғары жылдамдығы 50 км/сағ-дан асатын автокөлік құралдары;
Toggle Dropdown
зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бөлігінде автокөлік құралдарына орнатылған іштен жану қозғалтқыштары;
Toggle Dropdown
іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Автомобиль бензині, дизельдік және газды отын автокөлік құралдарының іштен жану қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылатын отын болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Техникалық регламентте тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
Toggle Dropdown
1) шығарындылар - іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған және картерлік газдары мен автокөлік құралдары отынының булануы түріндегі зиянды (ластаушы) заттар;
Toggle Dropdown
2) іштен жану қозғалтқышы - отын тікелей жұмыс қуыстарында жанатын (мысалы, цилиндрде) немесе жанған отын жұмыс қуысына өтетін жылу қозғалтқышы;
Toggle Dropdown
3) газды қозғалтқыш - сұйытылған мұнаймен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш;
Toggle Dropdown
4) күшпен от алатын қозғалтқыш - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы энергияның қосымша көзі (мысалы, электрлік ұшқын) есебінен болатын қозғалтқыш;
Toggle Dropdown
5) дизель - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы оның қысымнан термодинамикалық қызуы салдарынан болатын қозғалтқыш;
Toggle Dropdown
6) шығарындылардың үлестік нормативтері - автокөлік құралдарына қатысты белгіленетін шығарындылар нормативтері, олар автокөлік құралының жасаған жұмысы немесе жүрісі бірлігіне есептелген атмосфераға шығаруға жол берілетін шығарындылардың ең үлкен көлемін көрсетеді;
Toggle Dropdown
7) экологиялық кезең - шығарындылар деңгейіне қарай автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтерді жіктеу коды;
Toggle Dropdown
8) БҰҰ ЕЭК N ережесі - Техникалық регламентке 2-қосымшаның тізбесіне сәйкес осы Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының ережесі.
Toggle Dropdown
2. Автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері Техникалық регламенттің 6-8-тармақтарына сәйкес экологиялық кезеңдер бойынша белгіленеді.
Toggle Dropdown
6. Еуро-2 экологиялық кезеңінде: