Bestprofi Logo

Қаулы № 1372 от 2007-12-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1372 Қаулысы

Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне кезең-кезеңімен көшу арқылы қоршаған ортаға зиянды шығарындылар бойынша автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау, Ішкі істер министрліктері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1372 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарына қолданылады және атмосфераға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бойынша олар пайдаланатын отынға және экологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Техникалық регламенттің объектілері:

Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес жіктелетін М 1 , М 2 , М 3 , N 1 , N 2 және N 3 санаттарындағы және іштен жану қозғалтқыштарымен жабдықталған, рұқсат етілген ең үлкен массасы 400 кг-дан астам болатын және (немесе) ең жоғары жылдамдығы 50 км/сағ-дан асатын автокөлік құралдары;

зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бөлігінде автокөлік құралдарына орнатылған іштен жану қозғалтқыштары;

іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын болып табылады.

3. Автомобиль бензині, дизельдік және газды отын автокөлік құралдарының іштен жану қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылатын отын болып табылады.

4. Техникалық регламентте тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:

1) шығарындылар - іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған және картерлік газдары мен автокөлік құралдары отынының булануы түріндегі зиянды (ластаушы) заттар;

2) іштен жану қозғалтқышы - отын тікелей жұмыс қуыстарында жанатын (мысалы, цилиндрде) немесе жанған отын жұмыс қуысына өтетін жылу қозғалтқышы;

3) газды қозғалтқыш - сұйытылған мұнаймен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш;

4) күшпен от алатын қозғалтқыш - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы энергияның қосымша көзі (мысалы, электрлік ұшқын) есебінен болатын қозғалтқыш;

5) дизель - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы оның қысымнан термодинамикалық қызуы салдарынан болатын қозғалтқыш;

6) шығарындылардың үлестік нормативтері - автокөлік құралдарына қатысты белгіленетін шығарындылар нормативтері, олар автокөлік құралының жасаған жұмысы немесе жүрісі бірлігіне есептелген атмосфераға шығаруға жол берілетін шығарындылардың ең үлкен көлемін көрсетеді;

7) экологиялық кезең - шығарындылар деңгейіне қарай автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтерді жіктеу коды;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание