• Мое избранное
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1372 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне кезең-кезеңімен көшу арқылы қоршаған ортаға зиянды шығарындылар бойынша автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау, Ішкі істер министрліктері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1372 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарына қолданылады және атмосфераға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бойынша олар пайдаланатын отынға және экологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Техникалық регламенттің объектілері: 
Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес жіктелетін М1, М2, М3, N1, N2  және N3  санаттарындағы және іштен жану қозғалтқыштарымен жабдықталған, рұқсат етілген ең үлкен массасы 400 кг-дан астам болатын және (немесе) ең жоғары жылдамдығы 50 км/сағ-дан асатын автокөлік құралдары; 
зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бөлігінде автокөлік құралдарына орнатылған іштен жану қозғалтқыштары; 
іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын болып табылады.
3. Автомобиль бензині, дизельдік және газды отын автокөлік құралдарының іштен жану қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылатын отын болып табылады.
4. Техникалық регламентте тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
1) шығарындылар - іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған және картерлік газдары мен автокөлік құралдары отынының булануы түріндегі зиянды (ластаушы) заттар; 
2) іштен жану қозғалтқышы - отын тікелей жұмыс қуыстарында жанатын (мысалы, цилиндрде) немесе жанған отын жұмыс қуысына өтетін жылу қозғалтқышы; 
3) газды қозғалтқыш - сұйытылған мұнаймен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш; 
4) күшпен от алатын қозғалтқыш - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы энергияның қосымша көзі (мысалы, электрлік ұшқын) есебінен болатын қозғалтқыш; 
5) дизель - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы оның қысымнан термодинамикалық қызуы салдарынан болатын қозғалтқыш; 
6) шығарындылардың үлестік нормативтері - автокөлік құралдарына қатысты белгіленетін шығарындылар нормативтері, олар автокөлік құралының жасаған жұмысы немесе жүрісі бірлігіне есептелген атмосфераға шығаруға жол берілетін шығарындылардың ең үлкен көлемін көрсетеді; 
7) экологиялық класс – шығарындылар деңгейіне қарай автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтерді жіктеу коды;
8) БҰҰ ЕЭК N ережесі - осы Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының ережесі. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.07.2009 № 1109; 06.02.2013 № 97 қаулыларымен (16.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар
5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері техникалық регламенттің 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес экологиялық кластар бойынша белгіленеді.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6. 2-экологиялық класта: 
1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензинмен және газбен) және дизель қозғалтқышы бар N 1  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 83-04 ережесінде (В, С, D шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы бар (тек дизельдер үшін) N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 
2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-02 ережесінде (В шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы бар (тек дизельдер үшін) N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 
3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1  бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-03 ережесінде көзделген сынақтар кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді.
#$6-тармаққа өзгерістер енгізілді ҚР Үкіметінің 24.09.2010 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс
 06.02.2013 № 97 қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. 3-экологиялық класта: 
1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензин, газ және дизель қозғалтқышы бар N1  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК 1-3-түзетулері, 1-5-толықтырулары (А шығарындылар деңгейі), бар N 83-05 ережесінде, БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 
2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-04 ережесінде (А шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 
3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-03 ережесінде көзделген сынақтар (ЕТС сынау циклы) кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 
4) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, өткіштігі жоғары дизельдері бар М2, М3, N1, N2, N3  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК 1, 2-толықтырулары бар N 96-01 ережесінде, БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді.
#$7-тармаққа өзгерістер енгізілді ҚР Үкіметінің 24.09.2010 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс
 06.02.2013 № 97 қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
8. 4-экологиялық класта: 
1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензинмен, газ) және дизель қозғалтқышы бар М1  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері 1-3-түзетулері бар, 1-5-толықтырулары (В1 шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК N 83-05 ережесінде (В, С, D шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 
2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-04 ережесінде (В1 шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 
3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3  санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-03 ережесінде көзделген сынақтар (ЕТС сынау циклы) кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;
4) ең үлкен массасы 3,5 тоннадан жоғары М1, барлық доңғалақтарға жетектің жоғарғы өткізгіштігі, оның ішінде осьтердің бірінің өшірілетін жетегімен, дизелі бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативі БҰҰ ЕЭК № 96-02 ережесінде көзделген шығарындылардың нормативті деңгейінде белгіленеді.
#$8-тармаққа өзгерістер енгізілді ҚР Үкіметінің 24.09.2010 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс
 06.02.2013 № 97 қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
  • 1
9. Техникалық регламенттің 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтерінің орындалуын қамтамасыз ететін отын сипаттамасына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық кластар бойынша негізгі техникалық талаптар қойылады.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Сәйкестікті растау
10. Автокөлік құралдарының техникалық регламенттің 3, 4, 5 және одан жоғары экологиялық кластар бойынша талаптарына сәйкестігі «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификаттарымен куәландырылады.
Ұсынылатын көлік құралында экологиялық кластарға сәйкес келетін пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесінің болуын растау дайындаушы зауыттың сертификаты немесе көлік құралы паспортының түпнұсқасы болып табылады.
10-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11. Отынның Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификатымен куәландырылады.
4. Сәйкестік презумпциясы Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-бөлім алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.07.2009 № 1109 Қаулысымен. (16.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қолданысқа енгізудің тәртібі мен мерзімі
14. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері техникалық регламентке сәйкес мынадай мерзімдерде:
14-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) 2-экологиялық класс 2009 жылғы 15 шілдеден;
2) 3-экологиялық класс 2013 жылғы 1 қаңтардан;
3) 4-экологиялық класс:
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 57 Қаулысымен (06.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін автокөлік құралдарына қатысты 2013 жылғы 1 шілдеден;
дизельдік отында жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқыштары бар М3, N2 және N3 санатты автокөлік құралдарына 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасында өндірілетін автокөлік құралдарына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
***
  • 1
15. Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай мерзімдерде:
1) 2-экологиялық класс 2010 жылғы 1 қаңтардан;
2) 3-экологиялық класс 2014 жылғы 1 қаңтардан;
3) 4-экологиялық класс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
15-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының экологиялық кластардың талаптарына сәйкестiгiн растау Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.
16-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 57 Қаулысымен (06.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
  • 3
Техникалық регламентке
 1-қосымша
Санаттары бойынша автокөлік құралдарын жіктеу
 
Санаты Рұқсат етілген ең үлкен масса*, т Автокөлік құралдарының сипаттамасы
М1 - Жолаушыларды тасымалдау үшін (жүргізушіден басқа, сегізден аспайтын отырғызу орны бар автокөлік құралдары)
М2 5-ке** дейін Сол тәрізді (жүргізушіден басқа, сегізден аспайтын отырғызу орны бар автокөлік құралдары)
М3 5-тен** жоғары
N1 3,5-ке*** дейін Жүктерді тасымалдау үшін
N2 3,5-ден жоғары
12,0-ге*** дейін
N3 12,0-ден*** жоғары
Ескертпе:
* арнайы автокөлік құралдарында орнатылатын арнайы жабдық, жүк баламасы ретінде қарастырылады; 
** екі немесе одан да көп бөлінбейтін, бірақ біріктірілген секциялардан тұратын біріктірілген автобус бір көлік құралы ретінде қарастырылады. 
Біріктірілген автобус жолаушылардың еркін орын ауыстыруы үшін бір-бірімен өзара өтпе дәліз арқылы байланысқан, жолаушы салоны орналастырылған екі немесе одан да көп ажырамай бекітілген секциялардан тұрады; ажырамайтын секциялар бір-бірімен тұрақты бекітілген және тек шеберханада ғана бар арнайы жабдықтың көмегімен ажыратылады; 
*** жартылай тіркемені сүйретуге арналған ершікті тартқыштар үшін рұқсат етілген ең үлкен масса ретінде тартқыштың жабдықталған жағдайдағы массасының және тартқышқа жартылай тіркемеден ершікті-ілінісу құрылғысы арқылы берілетін, ең үлкен статикалық тік жүктемеге сәйкес келетін массаның, сондай-ақ қажет болғанда тартқыш жүгінің ең үлкен массасының қосындысын қарастырады.
Техникалық регламентке
 2-қосымша
Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын және автокөлік құралдарының сәйкестігін растау үшін ұсынылатын ережелерінің тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.07.2009 № 1109 Қаулысымен. (16.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Техникалық регламентке
 3-қосымша
Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 01.03.2010 № 153 Қаулысымен (21.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Техникалық регламентке
 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 57 Қаулысымен (06.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Автокөлік құралдарының және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты 2, 3, 4 және 5 экологиялық кластар бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел

Экологиялық класстар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары

2-класс

3-класс

4-класс

5-класс

Еуропалық Одаққа кіретін*, бензин қозғалтқыштары

1997-2000

2001-2004

2005-тамыз 2009

М1-3 санаты,
N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек

N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек

N3 санаты - 2008 қазаны және кейінірек

Еуропалық Одаққа кіретін*, дизельдер

1997-2001

2002-2004

2005-тамыз 2009

М1-3 санаты,
N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек

N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек

N3 санаты - 2008 қазан және кейінірек

АҚШ

1996-2000

2001-2005

2006 және кейінірек

-**

Жапония

1998-2004

2005-2010

2010 және кейінірек

-

Үндістан

2005-2009

2010

-

-

Малайзия

2003

-

-

-

Қытай

2004-2007

-

-

-

М3 санаты
2012 қаңтар және кейінірек

Корея

2001-2002

2003-2005

2006 және кейінірек

-

Ресей

2006-2007

-

2010 және кейінірек

-

Өзбекстан

2007-2009

2012 және кейінірек

-

-

Беларусь

2007

-

-

-

Украина

М санаты - 2006

-

-

-

N санаты - 2007

Ескертпе:
* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Хорватия және Эстония кіреді;
**
1) «3-класс», «4-класс» және «5-класс» кестелеріндегі (-) сызықша осындай автокөлік құралдарының экологиялық класқа сәйкестігін растау Доңғалақты көлiк құралдарына, доңғалақты көлiк құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкiн жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бiрыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негiзiнде берiлетiн ресми бекiтулердi өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келiсiмi) аясында берілген құжат (БҰҰ ЕЭК ережесі негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту) негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
2) автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел «Қытай» бойынша 4-экологиялық класс М3 санаты бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап және кейінірек, ал басқа санаттағы автокөлік құралдары (-) сызықша үшін белгіленген тәртіпке сәйкес анықталады.
Осы қосымша сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдар сәйкестікті растау рәсімдерін өткізген кезде қолданылады.
Техникалық регламентке
 5-қосымша
Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 97 қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)