Toggle Dropdown
1
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 08.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 2-бабының 17) тармақшасына және 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысаны;
Toggle Dropdown
2) «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысаны;
Toggle Dropdown
3) Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1324 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6 және 7-баптарына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың, оның ішінде мәміле мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілені жүзеге асыратындардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1
2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары (бұдан әрі - салық қызметі органдары) мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабына сәйкес мониторингке жататын салық төлеушілерден тізбесі «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 293 қаулысымен бекітілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар жөнінде ақпарат жинау арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі
Toggle Dropdown
3. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмілелерге қатысушылар «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын (бұдан әрі – мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі – Салық комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей табыс етеді. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
Toggle Dropdown
1
4. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Салық комитетіне салық есептілігін салық қызметі органдарының қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Toggle Dropdown
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Toggle Dropdown
Қағидалардың осы тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн Салық комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электронды түрде табыс етiлген күнi болып табылады.
Toggle Dropdown
Салық комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын тапсыру үшін осы Қағидаларда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары мерзімінде табыс етілді деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электронды түрде табыс етілген кезде Салық комитеті салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мәмілеге қатысушыға көрсетілген жүйенің мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жібереді.
Toggle Dropdown
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары, егер:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмесе, немесе
Toggle Dropdown
2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
Toggle Dropdown
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
Toggle Dropdown
4) салық кезеңі көрсетілмесе, немесе
Toggle Dropdown
5) электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса немесе дұрыс емес болса, немесе
Toggle Dropdown
6) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарының елу бірінші бөлігінің талаптары бұзылса, немесе
Toggle Dropdown
7) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электрондық формат құрылымы бұзылса, Салық комитетіне табыс етілмеген деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Салық қызметі органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегi мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер анықталған жағдайда, Салық комитеті мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімін осындай есептілік нысандарын табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге ұзартады.
Toggle Dropdown
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында айқындалған мәмілелерге қатысушыларда есепті кезеңде халықаралық іскерлік операциялар болмағанда мұндай мәмілелерге қатысушылар мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын Салық комитетіне табыс етпейді.
Toggle Dropdown
6. Егер мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келген жағдайда табыс ету мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Салық қызметі органдары тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялардың мәмілелер мониторингін Заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
8. Мәмілелер мониторингі нәтижелері бойынша мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы анықталған жағдайда салық қызметі органдары мәмілеге қатысушының салық салу объектілеріне, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерге дербес түзету жасауы үшін мәмілеге қатысушыға мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуының орын алғаны туралы хат жібереді.
Toggle Dropdown
Мәмілеге қатысушы салық қызметі органдарына салық салу объектілеріне, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерге дербес түзету жасағанын растайтын құжаттарды (ақпаратты) күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынады.
Toggle Dropdown
Мәмілеге қатысушы салық қызметі органдарына салық салу объектілеріне, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерге дербес түзету жасағанын растайтын құжаттарды (ақпаратты) ұсынбаған жағдайда, салық қызметі органдары трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру тағайындайды.
Toggle Dropdown
9. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету жолымен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету және өңдеу осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын жасағанда бағандарда деректер өзгертілген жағдайда жаңа мәндер көрсетіледі, деректері өзгермеген бағандарда бұрын табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарында көрсетілген бастапқы мәндер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мәмілелерге қатысушылар табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізілу басталғанға дейін енгізеді.
Toggle Dropdown
2.1. Мамілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыру тәртібі
Toggle Dropdown
1
10. «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары төлеу уақытына қарамастан, экспортқа өткізумен байланысты тауардың тиеп-жөнелтілуіне, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне қарай толтырылады.
Toggle Dropdown
«№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуден аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
«СТН» деген 2-бағанда жөнелтуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Баған есептілік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырылған кезде толтыруға жатады.
Toggle Dropdown
ЖСН/БСН» деген 3-бағанда жөнелтуші - мәмілеге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Жіберушінің (экспорттаушының) атауы» деген 4-бағанда заңды тұлғаның (жөнелтушінің) толық атауы көрсетіліп, оның ұйымдық-құқықтық нысанына сілтеме жасалады.
Toggle Dropdown
«Салық кезеңі» деген 5-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезең көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні» және «Тауарларға декларацияның (Өтініштің) №» деген 6 және 7-бағандарда тауарларға декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі Кеден одағына мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«КО СЭҚ ТН коды» деген 8-бағанда Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі. «Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы» деген 9-бағанда экспортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары» деген 10-бағанда осындай шарт болған жағдайда тауардың (жұмыстың, қызметтер) сапасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапа сертификатында көрсетілген және олардың мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіктерді қанағаттандыруға жарамдылығына негізделген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығын білдіреді. Қасиеті — тауарды (жұмысты, қызметті) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде білінетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет) қасиеттерінің сандық және сапалық мәні. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық және тағы басқалар) санмен және сапамен өлшенуі мүмкін. Көрсеткіштің атауы тауардың сапалық сипаттамасы болады (мысалы, шырындағы қанттың салмақтық үлесі, мақта талшығының ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
Toggle Dropdown
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі» деген 11-бағанда іскерлік кәлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы орнықты пікірден тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділік, оның жариялылығы және танымалдығы сияқты көрсеткіштерден және тағы басқалардан қалыптасады.
Toggle Dropdown
«Тауарды жөнелту жұмысты орындау, қызметті көрсету елі» деген 12-бағанда тауар экспортталатын, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін ел көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тасымалдау түрі» деген 13-бағанда тауарды экспорттау үшін пайдаланылатын көлік түрлері (теміржол, әуе және басқа) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел» деген 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші» деген 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы» деген 16-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды жеткізу шарттары» деген 17-бағанда Инкотермске сәйкес тауарды жеткізу шарттары көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны» деген 18 және 19-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны керсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі» деген 20-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті» деген 21-бағанда тауарды (жұмысты, қызметтер) жеткізу пункті көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Сатып алушының атауы» және «Сатып алушының заңды мекенжайы» деген 22 және 23-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы және сатып алушының заңды мекенжайы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Сатып алушының тіркелген елі» деген 24-бағанда сатып алушының тіркелген елі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Сауда жасаушы ел» деген 25-бағанда Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 «Кеден декларацияларын толтыру үшін қолданылатын жіктеуіштер туралы» шешімімен бекітілген Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің цифрлық коды қойылады.
Toggle Dropdown
Мәмілеге қатысушы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды соған сәйкес өткізетін келісімшарт жасасқан тұлға тіркелген немесе тұрақты тұратын ел сауда жасаушы ел деп түсініледі.
Toggle Dropdown
«Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат» деген 26-бағанда ондай деректер болған жағдайда тараптардың (сатушы мен сатып алушыны) өзара байланысы туралы ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Келісімшарттың (шарттың) күні және №» деген 27 және 28-бағандарда келісімшарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Шот-фактураның күні және №» деген 29-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі керсетіледі.
Toggle Dropdown
«Өлшем бірлігі» деген 30-бағанда тауардың өлшем бірлігі (дана, килограмм, тонна, метр, текшеметр, литр, кВТ және Қазақстан Республикасында қолданылатын басқа да өлшем бірліктер) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды өткізу көлемі» деген 31-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерде іс жүзінде жүргізілген тауар экспортының көлемі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Құн (келісімшарт (шарт) валютасымен)» деген 32-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен құны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Мәміле бағасы (келісімшарт (шарт) валютасымен)» деген 33-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен мәміле бағасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Келісімшарт (шарт) валютасы» деген 34-бағанда келісімшарт (шарт) бойынша экспортталатын тауарға (жұмысқа, қызметке) төлем жүзеге асырылған валюта көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Теңге бағамы» деген 35-бағанда тауарға декларация кедендік ресімдеуге қабылданған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде тауарға ілеспе жүкқұжаттар ресімделген күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы» деген 36-бағанда осы баға серпінінің деңгейін негіздейтін мәміле бағаларын белгілеу қағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар» деген 37-бағанда мәміленің бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс» деген 38-бағанда Заңның 12-бабымен айқындалған және нарықтық бағаны айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Ақпарат көзі» деген 39-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Дифференциал» деген 40-бағанда құжаттамамен және (немесе) Заңның 18-бабында көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы» деген 41-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарық шарттары» деген 42-бағанда тауарларды ендіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет, бағалы қағаздармен операциялар бойынша мәмілеге қатысушы қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Бизнестің стратегиясы» деген 43-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін қолда бар әлеуетті пайдалану үдерістерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асыру жоспарларын қамтиды, компанияның негізгі қызметі жұмылдырылған бизнестің саласын, сондай-ақ экономикалық және сыртқы экономикалық жетістіктерінің табиғатын айқындайды.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат» деген 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат» деген 45-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Экспорттық нарықтардағы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы» деген 46-бағанда мәмілеге қатысушы экспорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы» деген 47-бағанда іскерлік оиерацияларды жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік» деген 48-бағанда ұйымның қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы бірыңғай деректер жүйесін білдіретін ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау» деген 49-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай бөлінгенін айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен активтері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (кәсіптік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін етемақы» деген 50-бағанда маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында көрсетілуге тиісті ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда Салық комитетінің жазбаша сұрау салуы бойынша, көрсетілген сұрау салуды алған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат өзінің келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығышта қосымша түрінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат бар болса «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында тиісті қосымшаға сілтеме көрсетіледі, мұндай ақпарат жоқ болған жағдайда - деректер жоқ деп көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мәмілеге қатысушы қағаз тасығышта табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырылады.
Toggle Dropdown
1
11. «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары төлеу уақытына қарамастан, импортқа байланысты тауарды алуына, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне қарай толтырылады.
Toggle Dropdown
«№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуден аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
«СТН» деген 2-бағанда алушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Баған есептілік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырылған кезде толтыруға жатады.
Toggle Dropdown
ЖСН/БСН» деген 3-бағанда алушы - мәмілеге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Сатып алушының (импорттаушының) атауы» деген 4-бағанда заңды тұлғаның (импорттаушының) толық атауы көрсетіліп, оның ұйымдық-құқықтық нысанына сілтеме жасалады.
Toggle Dropdown
«Салық кезеңі» деген 5-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезең көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні» және «Тауарларға декларацияның (Өтініштің) №» деген 6 және 7-бағандарда тауарларға декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі Кеден одағына мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«КО СЭҚ ТН коды» деген 8-бағанда Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы» деген 9-бағанда импортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары» деген 10-бағанда осындай шарт болған жағдайда тауардың (жұмыстың, қызметтер) сапасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапа сертификатында көрсетілген және олардың мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіктерді қанағаттандыруға жарамдылығына негізделген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығын білдіреді. Қасиеті — тауарды (жұмысты, қызметті) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде білінетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет) қасиеттерінің сандық және сапалық мәні. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық) санмен және сапамен өлшенуі мүмкін. Көрсеткіштің атауы тауардың сапалық сипаттамасы болады (мысалы, шырындағы қанттың салмақтық үлесі, мақта талшығының ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
Toggle Dropdown
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі» деген 11-бағанда іскерлік әлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы орнықты пікірден тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділік, оның жариялылығы және танымалдығы сияқты көрсеткіштерден және тағы басқалардан қалыптасады.
Toggle Dropdown
«Тауарды жөнелту, жұмысты орындау, қызметті көрсету елі» деген 12-бағанда тауар импортталатын, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін ел көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тасымалдау түрі» деген 13-бағанда тауарды импорттау үшін пайдаланылатын көлік түрлері (теміржол, әуе және басқа) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел» деген 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші» деген 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы» деген 16-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды жеткізу шарттары» деген 17-бағанда Инкотермске сәйкес тауарды жеткізу шарттары көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны» деген 18 және 19-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі» деген 20-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті» деген 21-бағанда тауарды (жұмысты, қызметтер) жеткізу пункті көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Сатушының (женелтушінің) атауы» және «Сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы» деген 22 және 23-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы (жөнелтуші) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы және сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Сатушының (женелтушінің) тіркелген елі» деген 24-бағанда сатып алушының тіркелген елі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Сауда жасаушы ел» деген 25-бағанда Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 «Кеден декларацияларын толтыру үшін қолданылатын жіктеуіштер туралы» шешімімен бекітілген Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің цифрлық коды қойылады.
Toggle Dropdown
Мәмілеге қатысушы оған сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар еткізілетін шарт жасасқан тұлға тіркелген немесе тұрақты жасайтын ел сауда жасаушы ел деп ұғынылады.
Toggle Dropdown
«Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат» деген 26-бағанда ондай деректер болған жағдайда тараптардың (сатушы мен сатып алушыны) өзара байланысы туралы ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Келісімшарттың (шарттың) күні және №» деген 27 және 28-бағандарда келісімшарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Шот-фактураның күні және №» 29-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі керсетіледі.
Toggle Dropdown
«Өлшем бірлігі» деген 30-бағанда тауардың өлшем бірлігі (дана, килограмм, тонна, метр, текшеметр, литр, кВТ және Қазақстан Республикасында қолданылатын басқа да өлшем бірліктері) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарды өткізу көлемі» деген 31-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерде іс жүзінде жүргізілген тауар импортының көлемі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Құн (келісімшарт (шарт) валютасымен)» деген 32-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен құны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Мәміле бағасы (келісімшарт (шарт) валютасымен)» деген 33-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен мәміле бағасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Келісімшарт (шарт) валютасы» деген 34-бағанда келісімшарт (шарт) бойынша импортталатын тауарға (жұмысқа, қызметке) төлем жүзеге асырылған валюта көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Теңге бағамы» деген 35-бағанда тауарға декларация кедендік ресімдеуге қабылданған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде тауарға ілеспе жүкқұжаттары ресімделген күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы» деген 36-бағанда осы баға серпінінің деңгейін негіздейтін мәміле бағаларын белгілеу қағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар» деген 37-бағанда мэміленің бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс» деген 38-бағанда Заңның 12-бабымен айқындалған және нарықтық бағаны айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Ақпарат көзі» деген 39-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Дифференциал» деген 40-бағанда құжаттамамен және (немесе) Заңның 18-бабында көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтік) нарықтық бағасы» деген 41-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Мәмілеге қатысушының (импорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарық шарттары» деген 42-бағанда тауарларды ендіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет, бағалы қағаздармен операциялар бойынша мәмілеге қатысушы қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Бизнестің стратегиясы» деген 43-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету үшін қолда бар әлеуетті пайдалану үдерістерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асыру жоспарларын қамтиды, экономикалық және сыртқы экономикалық жетістігінің табиғатын, сондай-ақ компанияның негізгі қызметіне жұмылдырған бизнестің саласын айқындайды.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат» деген 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауардың (жұмыстың, қызметтер) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат» деген 45-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы» деген 46-бағанда мәмілеге қатысушы импорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы» деген 47-бағанда іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік» деген 48-бағанда ұйымның қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы бірыңғай деректер жүйесін білдіретін ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау» деген 49-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай бөлінгенін айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен активтері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы» деген 50-бағанда маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында көрсетілуге тиісті ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда Салық комитетінің жазбаша сұрау салуы бойынша, көрсетілген сұрау салуды алған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат өзінің келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығышта қосымша түрінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат бар болса «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында тиісті қосымшаға сілтеме көрсетіледі, мұндай ақпарат жоқ болған жағдайда - деректер жоқ деп көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мәмілеге қатысушы қағаз тасығышта табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырылады.
Toggle Dropdown
2.2. Мәмілелер мониторингіне жататын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылардың және мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылардың мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
12. Мәмілеге қатысушылар, оның ішінде Заңға сәйкес мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттама жүргізеді және салық қызметі органдарының сұрау салуы бойынша оны салық қызметі органдарына табыс етеді.
Toggle Dropdown
13. Халықаралық іскерлік операцияларда қолданылатын бағалардың негіздемесінде мәмілеге қатысушылар мынадай құжаттама жүргізеді:
Toggle Dropdown
1) тауарларды сату жөніндегі келісімшарттар (шарттар) (толықтырулармен және өзгерістермен);
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларындағы инвестициялар (үлестер, акциялар) туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
3) шот-фактуралар (инвойстар), тауарларды қабылдау-беру актілері;
Toggle Dropdown
4) тауарлар экспортынан түсімдер бойынша банктен көшірме жазбалар;
Toggle Dropdown
5) тауарларға декларациялар (екі жақты) (өтініштер);
Toggle Dropdown
6) мәмілелер паспорты;
Toggle Dropdown
7) тауарлардың сапа сертификаты;
Toggle Dropdown
8) тауарлардың шығу сертификаты;
Toggle Dropdown
9) нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері;
Toggle Dropdown
10) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
11) бағалардың дұрыс қолданылуын негіздейтін және тауарларды сату жөніндегі шығыстарды (тауарды тасымалдау, сақтандыру, делдал қызметіне ақы төлеуге, порттардағы ауыстырып тиеу бойынша шығыстар, кемені жалға алу, кеден төлемдері мен салықтарды растайтын, темір жол және басқа да көлік жүкқұжаттары, сапа үшін жеңілдіктер мен үстемеақыларды растайтын теңіз коносаменттері және басқа да шығыстар) растайтын басқа да құжаттар.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1324 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
"Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік
Toggle Dropdown
р/с № | СТН | ЖСН/БСН | Жіберушінің (экспорттаушынын) атауы | Салық кезеңі | Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні | Тауарларға декларацияның (Өтініштің) № |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| КО СЭҚ ТН коды | Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары | Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі | Тауарды жөнелту, жұмысты орындау, қызметті көрсету елі | Тасымалдау түрі | Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел | Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы | ИНКОТЕРМС-ке сәйкес тауарды жеткізу шарты | Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні | Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі | Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті | Сатып алушының атауы | Сатып алушының заңды мекенжайы |
| 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Сатып алушының тіркелген елі | Сауда жасаушы ел | Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы аппарат | Келісімшарттың (шарттың) күні және № | Келісімшарттың (шарттың) күні және № | Шот-фактураның күні және № | Өлшем бірлігі |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Тауарды өткізу көлемі | Құн (келісімшарт (шарт) валютасымен) | Мәміле бағасы (келісімшарт (шарт) валютасымен) | Келісімшарт (шарт) валютасы | Теңге бағамы | Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы | Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар |
| 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс | Ақпарат көзі | Дифференциал | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы | Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарық шарттары | Бизнестің стратегиясы |
| 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 |
| | | | | |
| | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат | Экспорттық нарықтардағы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы | Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы | Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік | Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау | Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда- делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы |
| 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 |
| | | | | | |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1324 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
"Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік
Toggle Dropdown
р/с № | СТН | ЖСН/БСН | Сатып алушының (импорттаушының) атауы | Салық кезеңі | Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні | Тауарларға декларацияның (Өтініштің) № |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| КО СЭҚ ТН коды | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары | Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі | Тауарды жөнелту, жұмысты орындау, қызметті көрсету елі | Тасымалдау түрі | Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел | Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы | ИНКОТЕРМС-сәйкес тауарды жеткізу шарттары | Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны | Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі | Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті | Сатушының (жөнелтушінің) атауы | Сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы |
| 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Сатушының (жөнелтушінің) тіркелген елі | Сауда жасаушы ел | Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат | Келісімшарттың (шарттың) күні және № | Келісімшарттың (шарттың) күні және № | Шот-фактураның күні және № | Өлшем бірлігі |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Тауарды өткізу көлемі | Құн (келісімшарт (шарт) валютасымен) | Мәміле бағасы (келісімшарт (шарт) валютасымен) | Келісімшарт (шарт) валютасы | Теңге бағамы | Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы | Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар |
| 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс | Ақпарат көзі | Дифференциал | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы | Мәмілеге қатысушының (импорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарық шарттары | Бизнестің стратегиясы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат |
| 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы:
Toggle Dropdown
| Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат | Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы | Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы | Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік | Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау | Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда- делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы |
| 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 |
| | | | | |
| | | | | |