Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 1341 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 30.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрi С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 1341 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалар әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік (бұдан әрі – сәйкестік куәлігі) беру тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әуе кемесi (бұдан әрі – ӘК) – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесудi болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
Toggle Dropdown
2) дәлелдемеу құжаттамасы – авиациялық техникаларды тексеру, сынау, зерттеу мен техникалық жай-күйін бағалау нәтижелерін қамтитын құжаттама;
Toggle Dropdown
3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесінің данасын (бұдан әрі – АӘКД) сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтінім жасаған жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) дайындаушы – ӘК дайындауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
Toggle Dropdown
5) ӘК түрлендіру – ӘК-нің қабылданған конструкциясын және (немесе) олардың ұшу жарамдылығына елеулі әсерін тигізетін немесе қоршаған ортаға әсер ететін сипаттамаларын қозғайтын құрамдастарын кез келген түрде өзгерту;
Toggle Dropdown
6) ұшуға жарамдылық нормалары (бұдан әрі – ҰЖН) – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелерінің конструкциясына, параметрлері мен ұшу сапаларына және олардың құрамдастарына қойылатын талаптар;
Toggle Dropdown
7) әзірлеуші – авиациялық техниканы әзірлеуді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
Toggle Dropdown
8) үлгі сертификаты – азаматтық ӘК үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
9) техникалық сараптамалық комиссия – ұшу аппаратының конструкциясына, ұшу сипаттамаларына сараптамалық және оның техникалық жай-күйі мен ұшуларға жарамдылығын анықтауды жүзеге асыру үшін уәкілеттік берілген сараптамалық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органы;
Toggle Dropdown
10) АӘКД ҰЖН-ға сәйкестік куәлігі – АӘКД конструкциясының сәйкестігін, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;
Toggle Dropdown
11) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
12) АӘКД пайдалану құжаттамасы – АӘКД ұшу және техникалық пайдалануды регламенттейтін (реттейтін) құжаттар жиынтығы, ол нақты АӘКД және оның құрауыштарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдалану шектеулерін қамтиды;
Toggle Dropdown
13) сараптамалық ұйым – әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;
Toggle Dropdown
14) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
Toggle Dropdown
4. Бекітілген үлгілік конструкциясы (үлгі сертификаты) жоқ әрбір АӘКД-ны оның Қазақстан Ресубликасының азаматтық ӘК конструкциясының, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ҰЖН-ға сәйкестігіне уәкілетті орган сертификаттауы тиіс.
Toggle Dropdown
Сәйкестік куәлігі берілген ӘК коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға жіберілмейді.
Toggle Dropdown
5. Осы Қағидаларда қамтылған рәсімдер мен жалпы техникалық талаптар жеңіл және аса жеңіл авиацияның ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 2250 кг аспайтын АӘКД (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростаттық әуе кемелері) қолданылады.
Toggle Dropdown
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7. АӘКД түрлендіру кезінде ол екінші қайта сертификаттауға жатады.
Toggle Dropdown
2. АӘКД сертификаттау тәртібі
Toggle Dropdown
8. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АӘКД-ні сертификаттауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім береді.
Toggle Dropdown
Өтінімге:
Toggle Dropdown
1) ӘК данасының пайдалану құжаттамасының жиынтығы;
Toggle Dropdown
2) ӘК данасының ерекшелігі, ол қысқаша техникалық сипаттаманы, жүйелердің басты схемаларын, негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ ӘК данасы сертификатталатын ауқымдағы, пайдаланудың күтілетін жағдайлары мен шектеулерін қамтуы тиіс;
Toggle Dropdown
3) ӘК-нің үш проекциядағы немесе фотографиядағы түрлі кескіндердегі түрлері: алдынан, бүйірінен, артынан;
Toggle Dropdown
4) ӘК немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, қалақты, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттары.
Toggle Dropdown
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* көшiрмесi не анықтамасы немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
Toggle Dropdown
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Toggle Dropdown
6) азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті орган өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде АӘКД-нің конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалауға сертификаттық тексеру бойынша жұмыстар жүргізуге сараптамалық ұйымды тартады.
Toggle Dropdown
10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сараптамалық ұйымды тарта отырып, сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген нұсқаулық материалды пайдалана отырып, ӘК аэродинамикалық және беріктік сипаттамаларын, конструкциясын, оның жасалу сапасын (күрделі жөнделуін) бағалайды.
Toggle Dropdown
Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісін ресімдеп, қоса береді:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰЖН сәйкестік куәлігінің деректер картасы;
Toggle Dropdown
2) АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі, АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасы;
Toggle Dropdown
3) АӘКД техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті).
Toggle Dropdown
Ескертпе: АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі және АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасы екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге беріледі.
Toggle Dropdown
11. АӘКД сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болатын жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап, күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Toggle Dropdown
Егер осы Қағидаларда белгіленген мерзімде уәкілетті орган өтініш берушіге сәйкестік куәлігін бермесе немесе дәлелді жазбаша бас тарту ұсынылмаған жағдайда, оны беру мерзімі аяқталған күннен бастап сәйкестік куәлігі берілді деп есептеледі.
Toggle Dropdown
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
13. АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі негізінде уәкілетті орган өтініш берушіге осы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін береді.
Toggle Dropdown
АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтаудың теріс актісі жағдайында уәкілетті орган АӘКД ҰЖН беруден бас тартады. Бұл ретте өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде осы актіні алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде дәлелді жауап беріледі.
Toggle Dropdown
Егер сертификаттық тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін сәйкессіздіктерді жою бойынша жауапты адамдарды және күнін көрсетіп, түзету іс-қимылының жоспарын жасайды.
Toggle Dropdown
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылының жоспарын бекіткен сәтінен бастап сертификаттау мерзімінің ағымы анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Toggle Dropdown
14. АӘКД конструкциясына, оның құрауыштарына немесе пайдалану құжаттамасына өзгерістерді жүзеге асырған АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің ұстаушысы бір ай мерзімнің ішінде уәкілетті органды осы өзгерістер туралы хабардар етеді және АӘКД-ны қайта сертификаттауға ұсынады.
Toggle Dropdown
15. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым төленеді. Сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің қолданылуы мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:
Toggle Dropdown
1) егер уәкілетті орган сертификаттаған АӘКД немесе оның пайдалану құжаттамасына уәкілетті органмен келісілмеген, осы Қағидаларда көзделген рәсімдер бұзыла отырып, өзгеріс немесе толықтыру енгізілсе;
Toggle Dropdown
2) жоғалған немесе бүлінген жағдайда;
Toggle Dropdown
немесе мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Toggle Dropdown
1) осы АӘКД пайдалану үдерісінде оның ұшу жарамдылығын бұзуға және ұшудың қауіпсіздігіне қатер төндіруге байланысты кемшіліктер анықталса;
Toggle Dropdown
2) ұшу жарамдылығын бұзуға әкелген авиациялық оқиға болған немесе АӘКД зақымдалған жағдайда.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, уәкілетті орган АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің қолданылуы тоқтатылса және тоқтатылғандығы туралы пайдаланушыға осы куәліктің қолданылуының тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына әкелген себептер анықталған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Toggle Dropdown
Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайда АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің ұстаушысы хабарлауы немесе тоқтатыла тұрған жағдайда АӘКД сертификатын уәкілетті органға 5 жұмыс күні ішінде қайтаруы тиіс.
Toggle Dropdown
17. АӘКД сертификатының қолданылуын қалпына келтіру өтініш беруші дәлелдеме құжаттамасымен бірге ұсынған оның қолданысын тоқтата тұруға әкелген себептердің жойылғаны туралы актіге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган келісім берген күннен бастап жүргізіледі.
Toggle Dropdown
18. АӘКД сертификаты қолданысының тоқтатыла тұруына негіз болған себептер жойылмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті өтінімді алғаннан бастап 15 жұмыс күні ішінде АӘКД сертификатының қолданысын жаңартудан бас тартады. Бұл ретте, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Toggle Dropdown
19. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынудың негізінде оның телнұсқасын беру жүргізіледі:
Toggle Dropdown
1) АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі ұстаушысының АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін жоғалтудың немесе бүлінуінің себептері мен жағдайлары көрсетіліп, еркін нысанда ресімделген АӘКД сертификатының телнұсқасын беру туралы өтініші;
Toggle Dropdown
2) егер жарамсыз болса, АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі.
Toggle Dropdown
20. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің телнұсқасын беру өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Куәлік телнұсқасының жоғары оң жақ бұрышына «Телнұсқа» белгісі қойылады.
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесі
данасын сертификаттау және
оның ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігіне
куәлік беру қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның
басшысына
Toggle Dropdown
ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ДАНАСЫН СЕРТИФИКАТТАУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІМ ____________________________________________________________ тиесілі.
Toggle Dropdown
(АӘКД иесі)
Toggle Dropdown
____________, әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді өтінемін (АӘКД атауы)
Toggle Dropdown
Мекенжайы мен телефоны ______________________________________________
Toggle Dropdown
Әуе кемесі туралы негізгі мәліметтерді хабарлаймын:
Toggle Dropdown
Әуе кемесінің түрі __________________________________________________ (ұшақ, тікұшақ, планер, аэростатикалық әуе кемесі және т.б.)
Toggle Dropdown
Пайдаланылған конструкторлық құжаттама
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________ (жеке жоба, прототипі бар, дайын КҚ, қалпына келтірілген ӘК және т.б.)
Toggle Dropdown
Мына жағдайларда жасалған ___________________________________________ (жеке, техникалық клубта, зауытта және т.б.)
Toggle Dropdown
АӘКД пайдалану ______________________________________________________
Toggle Dropdown
Пайдаланудың күтілетін шарттары _____________________________
Toggle Dropdown
Мен ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауап беремін.
Toggle Dropdown
Сараптама үшін мәлімденген ӘК оған қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы куәландыратын фактілер маған белгілі емес.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші ____________ /_________________/ қолы тегі, аты-жөні
Toggle Dropdown
20_ ж. «__» __________
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесі данасын
сертификаттау және оның
ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігіне
куәлік беру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау АКТІСІ
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
20__ жылғы «___» ________________ № ________________ бұйрығына сәйкес
комиссия мынадай құрамда:
Төраға: _____________________________________________________________
(Т.А.Ә., қызметі)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
(Т.А.Ә., қызметі)
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қызметі)
Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша _________________
___________________________________________________ бағалау жүргізді.
(ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығын бағалау актісінің
мәтіні
Toggle Dropdown
Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, әуе
кемесі мен оның жабдығының азаматтық әуе кемесінің данасына
белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының азаматтық
авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, мәлімделетін ұшу
түрлеріне сәйкестігі (сәйкессіздігі) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Төраға: ____________________________ ___________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: ____________________________ ___________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
____________________________ ___________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы ____________________________ ___________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесі
данасын сертификаттау және
оның ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігіне
куәлік беру қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
ДЕРЕКТЕР КАРТАСЫ (Аэростатикалық әуе кемесінің жеке данасын қоспағанда, азаматтық әуе кемесінің данасы үшін)
Toggle Dropdown
Осы деректер картасы № _____ сәйкестік куәлігінің ажырамас бөлігі болып табылады______________________________________________________ және азаматтық әуе кемесінің данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын қамтиды (ұшақ, тікұшақ, автожир және т.б., оның атауы)
Toggle Dropdown
1. Қозғалтқыш (қозғалтқыштар)
Toggle Dropdown
__________________________________________
Toggle Dropdown
1) қуаты, л.с. ____
Toggle Dropdown
2) ең жоғары айналымдары, айн/мин _______
Toggle Dropdown
2. Әуе винті____________________________________________
Toggle Dropdown
3. Отын ___________________________________________________
Toggle Dropdown
4. ӘК-нің ең жоғары ұшу салмағы, кг _______
Toggle Dropdown
5. Теңдестіру:
Toggle Dropdown
1) ең шекті-алдыңғы, % _______
Toggle Dropdown
2) ең шекті-артқы, % _______
Toggle Dropdown
6. Жүк көтергіштігі, кг _______
Toggle Dropdown
7. Жылдамдық бойынша шектеулер:
Toggle Dropdown
1) ең жоғары рұқсат етілген, км/с __________
Toggle Dropdown
2) ең төменгі рұқсат етілген, км/с __________
Toggle Dropdown
3) ұшып көтерілу кезіндегі ажырау жылдамдығы, км/с ________
Toggle Dropdown
4) қону кезіндегі түсу жылдамдығы, км/с ____
Toggle Dropdown
8. экипаж құрамы, адам ________
Toggle Dropdown
9. ұшуды орындау үшін метеожағдайлар:
Toggle Dropdown
1) бұлттардың биіктігі, м _______________
Toggle Dropdown
2) көлденең көріну, м _____
Toggle Dropdown
3) жел, м/с _____________:
Toggle Dropdown
4) ұшуға көтерілгендегі, м/с _____________:
Toggle Dropdown
5) қарсы жел, м/с _____________
Toggle Dropdown
6) жолай жел, м/с ______________
Toggle Dropdown
7) 90 градустағы, м/с __________
Toggle Dropdown
8) қону кездегі, м/с _____________:
Toggle Dropdown
9) қарсы жел, м/с _____________
Toggle Dropdown
10) жолай жел, м/с ______________
Toggle Dropdown
11) 90 градустағы, м/с __________
Toggle Dropdown
12) қоршаған ауаның температурасы, град. 0 С ______
Toggle Dropdown
10. Тыйым салынған: _______________________________________________ АӘКД тексеруді жүргізген ұйымның басшысы
Toggle Dropdown
_________/_________________/ қолы аты-жөні
Toggle Dropdown
20__ ж. "__" ___________ ДЕРЕКТЕР КАРТАСЫ
(Аэростатикалық әуе кемесі данасына)
Осы деректер картасы № _______ сәйкестік куәлігінің ажырамас бөлігі болып табылады және аэростатикалық әуе кемесі данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын мазмұндайды.
_____________________________________________________________________
(аэростатикалық әуе кемесі)
Toggle Dropdown
1. Жалпы мәліметтер:
Toggle Dropdown
Айырым белгісі
Toggle Dropdown
Сәйкестендіру №
Toggle Dropdown
Дайындалған күні
Toggle Dropdown
Пайдалану басталғаннан бергі ұшу
Toggle Dropdown
2. Сырты:
Toggle Dropdown
Айырым белгісінің болуы түсі және өзіндік белгілері сыртының көлемі зауыттық нөмірі дайындаушы
Toggle Dropdown
3. Негізгі жинақтаушы бұйымдар (зауыттық N, жасалған күні, дайындаушы)
Toggle Dropdown
Газ балондарының жинақтамасы
Toggle Dropdown
4. Отынның түрі
Toggle Dropdown
5. Негізгі сипаттамалары мен шектеулері
Toggle Dropdown
Р/с № | Параметрлері | Формуляр бойынша | Сәйкестік бағасының нәтижелері бойынша |
1. | Газ баллонына толтырылатын отынның көлемі, л | | |
2. | Сыртын қыздырудың ең шекті температурасы, град.0 С | | |
3. | Бос аэростаттың салмағы, кг | | |
4. | +15 град.0 С, температура кезінде ұшқыш пен жолаушыларды қоса есептегендегі қажетті жүктің салмағы, кг | | |
5. | Ең жоғары ұшу биіктігі, м | | |
6. | Биіктеу режиміндегі Vу, м/с | | |
7. | Төмендеу режиміндегі Vу, м/с | | |
8. | Ұшуларды орындау үшін метеожағдайлар: Қоршаған ортаның температурасы, град.0 С Жер төңірегіндегі жел жылдамдығы, м/с | | |
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесінің данасын тексеруді жүргізген ұйымның басшысы
Toggle Dropdown
_________/_________________/ қолы аты-жөні
Toggle Dropdown
20__ ж. "__" ___________
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесі
данасын сертификаттау және
оның ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігіне
куәлік беру қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
-Елтаңба- _______________________________________________________ Уәкілетті орган Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігі
Toggle Dropdown
№ ____ сәйкестендіру № _______________________________ азаматтық әуе кемесінің данасы
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________ (ұшақ, тікұшақ, автожир, аэростатикалық әуе кемесі және т.б., оның пайдаланылуы) азаматтық әуе кемесінің данасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес.
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________ (ұшақ, тікұшақ, автожир, аэростатикалық әуе кемесі және т.б., оның пайдаланылуы) азаматтық әуе кемесі жеке данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамалары деректер картасында қамтылған, ол осы куәліктің ажырамас бөлігі болып табылады.
Toggle Dropdown
М.О. Уәкілетті органның басшысы
Toggle Dropdown
__________________________ (қолы) Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігінің күшіне енген күні: _____ ж. «____» _________