1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Отправить по почте
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.06.2013 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы
Бағдарлама жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1772 (30.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы - Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың
iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №
922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама
Әзiрлеуге және iске - Қазақстан Республикасы Еңбек және асыруға жауапты халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мемлекеттiк орган
Мақсаттарға, нысаналы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы индикаторларға, министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм мiндеттерге, нәтижелер және ғылым министрлiгi, Қазақстан көрсеткiштерiне қол Республикасы Индустрия және жаңа жеткiзуге жауапты технологиялар министрлiгi, Қазақстан мемлекеттiк және Республикасы Экономикалық даму және сауда өзге де органдар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi
Бағдарламаның мақсаты - Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу
Бағдарламаның мiндеттерi - Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтары арасынан адамдарды жұмыспен нәтижелi қамтылуға тарту; Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн кадр әлеуетiн дамыту; Әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру.
Бағдарламаны iске - 1-кезең - 2011 (пилоттық) асыру мерзiмi 2-кезең - 2012 – 2015 жылдар және кезеңдерi 3-кезең - 2016 – 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар - Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген мiндеттердi iске асыру барысында 2020 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткiзу жоспарланып отыр:
Бағдарламамен 1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады;
2016 жылға қарай:
кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi;
жұмыссыздық деңгейi 5,5 % аспайтын болады;
өз бетiнше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың саны 2015 жылға қарай 56
%-ға дейін, 2020 жылға қарай – 75 %-ға дейін ұлғаяды.
Қаржыландыру көздерi - Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске мен көлемi асыруға республикалық бюджетте:
2011 жылға – 37,4 млрд. теңге;
2012 жылға – 57,6 млрд. теңге;
2013 жылға – 94,7 млрд. теңге (оның ішінде 20 млрд. теңге шартты-қаржыландырылатын шығыстар);
2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;
2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.
Келесi жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттi тиiстi жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
2. Кiрiспе
Мемлекет басшысы өзiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еңбек нарығының тиiмдiлiгiн арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз мен өз бетiнше жұмыспен айналысушы халықты жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларына тарту мiндеттерiн қойды.
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 %-ға дейін төмендедi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы шараларын әзiрлеу және iске асыру әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiне байланысты уақытша экономикалық қиындық жылдары да (2008 – 2010 жылдар) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi.
3. Ағымдағы жағдайды талдау Қазақстан Республикасында еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеу 1991 жылдан бастап негiзiнен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 – 2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы
2008 – 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға, жұмыспен нәтижелi қамтудың өсуіне жәрдемдесуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 қаулысымен бекiтiлген болатын.
Алайда әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндiрiс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуi байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуi және тиiсiнше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсiпорын өндiрiсiн толық немесе iшiнара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер iшiнара жұмыспен қамту режимiне ауыстырылды не ақысы төленбейтiн демалыстарға жiберiлдi. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсендi халықтың 6,6%).
Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң одан әрi босатылуы, әсiресе өндiрiстiң экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлiк және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупi күтілді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |