• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж.; № 32, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«5В050000» және «5В070000» деген жолдардың 9 және 10-бағандарындағы 158,1 және 316,3 деген сандар тиісінше 211,9 және 423,9 деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                К. Мәсімов