• Мое избранное
Жер туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.01.2001 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 22 желтоқсан N 2717.

Заң күшi бар
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының  

 
  1-бабына сәйкес және 
Қазақстан Республикасында жер қатынастарының құқықтық реттелуiн 
жетiлдiру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
                             I БӨЛIМ
                         НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
                              1-тарау
                          ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
     1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар
     Осы Жарлықта қолданылатын терминдер мен анықтамалар мынаны
бiлдiредi:
1) жерге заттық құқық - меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы, мiндеттiлiк (сервитут) және өзге де заттық құқықтар; 
2) жер учаскесiнiң және жер пайдалану құқығының кепiлi - жер учаскесiн меншiк иесi немесе жер пайдаланушы (кепiл берушi) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, кредитордың (кепiл ұстаушының) кепiлге берiлген жер учаскесiнiң құнынан немесе жер пайдалану құқығынан заң актiлерiмен белгiленген шегерiмдердiң сыртында, басқа кредиторлардан артықшылық ретiмен кепiлдiк шартына негiзделген қайтарым алудың құқығы; 
3) жер үлесi (шартты жер үлесi) - осы Жарлықпен және өзге де заңдармен белгiленген жағдайларда және шартпен бөлiнiс жасалуы мүмкiн жер учаскесiне құқық пен мiндеттерге басқа адамдармен бiрге қатысудың сан жағынан анықталған үлесi;  
4) жер құқығы қатынастары - жер ресурстарын басқаруға, жеке субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге, жерге меншiк құқығын және басқа да заттық құқықтарды жүзеге асырумен байланысты жер пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар; 
5) жер ресурстары - экономиканың салаларында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер; 
6) жер учаскесi - осы Жарлықпен белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекарада бөлiнген жер бөлiгi; 
7) жерге орналастыру - жердi тиiмдi пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесi; 
8) жер - заңдарға сәйкес меншiк және жер пайдалану объектiсi (жылжымайтын мүлiк) болып табылатын табиғи шаруашылық жүргiзу объектiсi; 
9) кондоминиум - жылжымайтын мүлiкке меншiк нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi, соның iшiнде жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғалардың және (немесе) мемлекеттiң дербес меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкке жатпайтын бөлiктерi (үй маңындағы бөлiнбейтiн жер учаскесi, ортақ пайдаланыстағы жер) ортақ меншiк құқығы негiзiнде жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң меншiк иелерiне тиесiлi болады; 
10) жер құқығы қатынастарының объектiсi - жер учаскелерiне орналасқандығына және олардың жеке субъектiлерге бекiтiлуiнiң құқықтық негiздерiне, сондай-ақ жер учаскелерi мен жер үлестерiне құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы бүкiл жер, жекелеген жер учаскелерi; 
11) жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы - жер учаскесiнiң меншiк иесi мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе ақысыз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайтын, субъектiнiң жер учаскесiн иелену және пайдалану құқығы; 
12) жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекет меншiгiндегi жер учаскесiн мерзiмсiз (тұрақты жер пайдалану) немесе белгiлi мерзiм iшiнде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы. Осы Жарлықта белгiленген шарттар мен шекте жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығына билiк етуге хақылы; 
13) жерге жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың осы Жарлық пен өзге де заңдарда белгiленген шарттар мен шектерде өздерiне тиесiлi жер учаскесiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығы; 
14) сервитут - азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа адамдардың жеке меншiк құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығы; 
15) жер құқық қатынастарының субъектiсi - жер құқық қатынасында тарап болып табылатын (мемлекет, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер, мемлекеттiк органдар, азаматтар мен заңды тұлғалар) және соған орай осы құқық қатынасында құқықтары мен атқаратын мiндеттерi бар субъект. 
16) төлемнiң базалық ставкасы - жеке меншiкке берiлетiн немесе мемлекет жердi пайдаланушыға беретiн жер үшiн төлемақы нормативi.  
#$1-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
       Республикасының 1997.07.14. N 158 Заңымен.  
2-бап. Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi
Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi жердi тиiмдi пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын қалпына келтiру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең дамыту үшiн жағдай туғызу, азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқығын қорғау, жылжымайтын мүлiк нарығын жасау мен дамыту, жер 
қатынастары саласында заңдылықты нығайту мақсатында жер қатынастарын
реттеу болып табылады.
     3-бап. Қазақстан Республикасы жер заңдарының принциптерi
     Қазақстан Республикасының жер заңдары мынадай принциптерге:
     1) жердi табиғи объект, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi
мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
     2) жердi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
     3) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
     4) жердi нысаналы пайдалану;
     5) ауыл шаруашылығына арналған жерлердiң басымдығы;
     6) жердiң жай-күйi туралы ақпараттың ашық болуы;
     7) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк
қолдау;
     8) жерге келтiрiлетiн залалдың алдын алу немесе оның зардаптарын
жою;
     9) жердi пайдаланудың ақылылығы принциптерiне негiзделедi.
     4-бап. Қазақстан Республикасының жер заңдары
1. Қазақстан Республикасындағы жер қатынастары осы Жарлықпен және соған сәйкес шығарылатын Қазақстан Республикасы заңдарының басқа да актiлерiмен реттеледi. 
2. Жер қойнауын, орман және су ресурстарын, өсiмдiк және жануарлар дүниесiн, атмосфералық ауаны пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар арнайы заңдармен реттеледi. 
3. Жер учаскелерiне меншiк құқығына және жер пайдалану құқығына байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар осы Жарлыққа қайшы келмейтiн азаматтық заңдар нормаларымен реттеледi. 
4. Осы Жарлықта немесе басқа заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiк азаматтар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және мiндеттер атқарады. 
5. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер заңдарында белгiленген құқықтары атқарушы өкiмет пен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың актiлерiмен шектеле алмайды. Мұндай актiлердiң заңды күшi болмайды және орындалуға жатпайды. 
5-бап. Жерге меншiк Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекет меншiгiнде болады. Осы Жарлықпен немесе оған қайшы келмейтiн өзге де заң актiлерiмен белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер сол сияқты жеке меншiкте болуы мүмкiн.
6-бап. Қазақстан Республикасы жерiнiң құрамы 1. Қазақстан Республикасындағы барлық жер нысаналы арналуына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылығына арналған жер; 2) елдi мекендердiң (қалалардың, поселкелер мен селолық елдi мекендердiң) жерi; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерi; 5) орман қорының жерi; 6) су қорының жерi; 7) босалқы жер.
2. Жердi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген санаттарға жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы арналуының өзгеруiне байланысты жердi бiр санаттан басқа санатқа жатқызу атқарушы органдардың осы Жарлықпен белгiленген құзыретiне сәйкес олардың шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
7-бап. Жердi аймақтарға бөлу 1. Жердi аймақтарға бөлу - жердi нысаналы пайдалану режимiн белгiлей отырып аумағын белгiлеу. 2. Жердi аймақтарға бөлудiң негiзгi ережелерi мен принциптерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 8-бап. Жер салығы мен жердi жалға алу төлемi және жер учаскелерiн беру үшiн төлем
1. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, жер учаскелерi мемлекет меншiгiнен жеке меншiкке ақы төлеу арқылы берiледi. 
Жер учаскелерi мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде инвесторға Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестор арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес берiледi.  
2. Мемлекеттiң уәкiлдi орган арқылы жердi тұрақты пайдалану құқығын беруi (осы Жарлықтың 38-бабы) ақы төлеу ретiмен жүзеге асырылады, бұған мына жер пайдаланушылар қосылмайды: 
1) мемлекеттiк заңды тұлғалар; 
2) белгiленген нормалар шегiнде ауылшаруашылық өндiрiсiн жүргiзу мақсатында жер учаскесiн алған мемлекеттiк емес заңды тұлғалар; 
3) белгiленген нормалар шегiнде берiлген жер үшiн - шаруа (фермер) қожалықтары; 
4) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм шартқа сәйкес жер учаскелерi мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде берiлетiн, инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;  
4-1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiнiң кооперативтерi;  
5) заңдарда көзделген өзге жағдайларда. 
3. Шетелдiк жер пайдаланушыларға жер пайдалану құқығы жер учаскесiн жалға беру шарты негiзiнде берiледi Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес мемлекеттiк заттай гранттарды қоспағанда.   
Жер пайдаланушы болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, осы жер пайдаланушы жер пайдалану құқығының бұрын сатып алынбаған бөлiгiне төлем жасауға мiндеттi. 
4. Мемлекет берген жер үшiн төлем жер учаскесiнiң сапасына, орналасқан жерiне және сумен қамтамасыз етiлуiне байланысты белгiленетiн жер салығы немесе жалдау ақысы түрiнде алынады. 
5. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, сондай-ақ бастапқы жер пайдаланушылар (осы Жарлықтың 36-бабы) Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртiппен және шартта жер салығын төлейдi. 
6. Жер учаскелерi жеке меншiкке сатылған кезде, оларды мемлекет тұрақты пайдалануға берген кезде, сондай-ақ мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде жер учаскелерiн бергенi үшiн базалық төлем ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  
7. Жеке меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа адамдарға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн екiншi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелерiн бергенi үшiн төлем мөлшерi тараптардың келiсуiмен белгiленедi. Тараптардың келiсiмiмен жалдау төлемi заттай түрде төлене алады. 
8. Қазақстан Республикасының аумағында жер учаскелерi басқа 
мемлекеттерге берiлген кезде жалдау төлемiнiң мөлшерi Қазақстан
Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шарттарында
белгiленедi.
      8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.06.3
0. N 139-I Заңымен.  

 
  
      8-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.14. 
              N 158 Заңымен.  

 
  
      8-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. 
              N 283 Заңымен.  

 
  
     9-бап. Жер құқықтарын терiс пайдалануға жол бермеу
     Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды
жүзеге асыруы табиғи объект ретiнде жерге, айналадағы табиғи ортаға,
сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян
келтiрмеуi тиiс.
                                2-тарау
               МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН
                      РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
     10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
     Жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қарауына мыналар жатады:
     1) республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы
мемлекеттiк саясатты белгiлеу;
2) басқа да табиғат қорғау шараларымен бiрге кешендi түрде жердi тиiмдi пайдалану, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсыну; 
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға және жердi қорғаныс қажетi үшiн пайдаланумен байланысты жағдайларда, мемлекет меншiгiндегi барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алу;