Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 115 және Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 117 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 мамырда № 7616 тіркелді
Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 6 қаңтардан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 19.08.2014 жылғы № 530 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) ҚАЖ мекемелеріне:
1) флюрографиялық тексерістер өткізуге;
2) бактериологиялық (микроскопиялық және культуральдық) зерттеулер жасауға, туберкулезге қарсы ұйымдардың зертханалары базасында туберкулездің туберкулезге қарсы препараттарына микробактерияларға дәрілік сезімталдылығына тест өткізуге;
3) Орталықтандырылған дәрігерлік-кеңестік комиссиялардың бірлескен отырысын;
4) ҚАЖ мекемелерінде туберкулезге қарсы шаралардың мониторингін өткізуге;
5) туберкулезбен науқас адамдар туралы туберкулезге қарсы ұйымдар, ҚАЖ мекемелері арасында ақпаратпен алмасуға;
6) әдістемелік-ұйымдастыру, техникалық және консультативтік көмек көрсетсін.
3. ҚАЖ аумақтық бөліністерінің бастықтарына мыналарды:
1) бактерия бөлу мен дәрілік тұрақтылығын ескере отырып, туберкулезбен науқастарды жеке ұстауды;
2) туберкулезбен науқас адамдармен қарым-қатынаста болатын қызметкерлерді жоғары дәрежедегі жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 28 қазандағы № 141, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 02 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерінің № 6001 мемлекеттік тізілімінде тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б. Бердалин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне және Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Ішкі істер министрі
___________ С. Қайырбекова _______________ Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________ Г. Әбдіқалықова
2012 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 115 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 117 бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасы
I. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау және санитарлық саулығы саласындағы заңнамаларға сәйкес әзірленген және қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИЗО) ұсталатын қылмыс жасаған күдіктілер мен айыпталушыларға (бұдан әрі - күдіктілер және айыпталушылар), сонымен қатар ҚАЖ түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға (бұдан әрі - сотталғандар) туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастырумен байланысты мәселелерді реттейді.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия шығарушы) ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде туберкулез микобактериялары (бұдан әрі - ТМБ), тіпті бір рет болса да табылған науқаста анықталады;
2) қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында ТМБ жойылуы әр ай сайын жүргізілген микроскопия және тығыз қоректік ортада егу әдісінің қатарынан кем дегенде екі теріс нәтижесімен дәлелденген болса (науқас әлі де бактерия бөлуші болып саналады);
3) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі - КДК ТБ) – бұл кем дегенде изониазид пен рифампицинге төзімді Mycobacterium tuberculosis штаммдары қоздырған, көптеген дәріге көнбейтін туберкулез;
4) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез (ККДК ТБ) – бұл кемінде изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін ТМБ туындаған штаммдары тұрақты туберкулез;
5) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – бұл КДТ ТБ және ДККТ ТБ-ден өзгеше (айрықша), екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін ТМБ штаммдары қоздырған туберкулез;
6) микроскопиялық зерттеу – микобактерияларды бактериоскопиялық анықтау әдісі. Бактериоскопиялық әдіс науқаста туберкулезді анықтауға, сонымен қатар ем нәтижелігін бақылауға мүмкіндік береді;
7) егу әдісі – бактериологиялық зертхана жағдайында микобактерия дақылдарын қоректік ортада бөліп алу әдісі. Егу әдісіне кез-келген биологиялық материал жолданады;
8) дәріге сезімталдық тесті - туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезімталдық спектрін анықтау, науқастарды емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік беріп, ем тиімділігін бақылау және ауру нәтижесін болжау үшін қолданылады.
3. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға туберкулезге қарсы көмек мамандандырылған мекемелерде және ҚАЖ-дың медициналық бөліністерінде көрсетіледі.
4. Күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталғандарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыруды, сондай-ақ оның сапасын қадағалауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті), оның аумақтық органдары, оның ішінде медициналық басқармалар, бөлімдер, бөлімшелер, топтар (бұдан әрі - медициналық қызметтер) жүзеге асырады.
5. Туберкулезбен ауыратын адамдарды ұстауға және емдеуге арналған туберкулез ауруханалары және мекемелері мамандандырылған емес мекемелердің туберкулезге қарсы жұмысы бойынша ұйымдық-әдістемелік орталықтары болып табылады. Осы қызмет бағытындағы негізгі ұйымдастыру іс-шаралары, сонымен қатар мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы, жергілікті орган мекемелері мен медициналық ұйымдары үйлестіру мен өзара іс-қимылды бейінді мамандар (бас, аға инспекторлар және маман инспекторлар) жүзеге асырады.
6. Туберкулезге қарсы көмек көрсетудің негізгі принциптері:
дер кезінде, айдауылдау, денсаулық сақтау туберкулезге қарсы іс-шараларының баламалылығы және сабақтастығы болып табылады.
ҚАЖ мекемелерінде туберкулезге қарсы іс-шараларға мыналар жатады:
1) туберкулезге күдікті адамдарды анықтау;
2) туберкулез жағдайының, туберкулездің дәріге төзімді түрлерінің, АИТВ-инфекциясы және туберкулездің ко-инфекциясын диагностикалау;
3) туберкулез жағдайларын тіркеу және қалыпты классификациясы;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |