"Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 726 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына:
Келімбетов Қайрат Нематұлы- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан Серік Нығметұлы Ахметов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов