1. Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру мен дамытудың қоса берiлiп отырған бағдарламасы бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру және дамыту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 20 маусымдағы N 849
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 23.04.2008 № 381 Қаулысымен. (20.08.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 10 шiлдедегi N 1727 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 26, 274-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру мен дамытудың қоса берiлiп отырған бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Экономика министрлiгi мен Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығы шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға жауап берушiлер болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қоры таратылып, оның қаржылық мiндеттемелерi, мүлiктерi, үй-жайлары Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығының балансына берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
шағын бизнес орталықтарының жарғылық қорларындағы мемлекеттiк акциялар пакеттерi мен мүлiктiк пайларды иелену, пайдалану және басқару құқығын Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығына берсiн;
Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, өндiрiстiк объектiлердiң 10 процентiн, жер учаскелерiн пайдалану мен иенелу құқығын, зиянмен жұмыс iстейтiн және тиiмсiз кәсiпорындардың пайдаланылмайтын құрал-жабдықтарын Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығына, шағын бизнес орталықтарына кейiннен конкурстық негiзде шағын өндiрiстiк кәсiпорындардың мүлiктiк жалдауына беретiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi Қазақстан кәсiпкерлерiнiң Конгресiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қоры арқылы берiлген қайтарылатын кредит негiзiнде шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру мен дамытудың қаржылық жоспарын бiр айлық мерзiмде жасап, бекiтетiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет Қазақстан кәсiпкерлерiнiң Конгресiмен бiрлесiп, шағын бизнес орталықтарының жүйесiн дамыту үшiн халықаралық ұйымдардың техникалық көмегi мен шетелдiк инвестицияларды тартуға жәрдем көрсетсiн.
#$6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 20.08.1996.
N 1031 қаулысымен.
7. Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру бағдарламасын жүзеге асыру және дамыту үшiн қосымшаға сәйкес Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығының Үйлестiру кеңесi бекiтiлсiн.
8. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығының Үйлестiру кеңесi бiр ай мерзiмде ҮЙлестiру кеңесi туралы ереженi және республикалық шағын бизнес орталықтарының желiсiн құру бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс жоспарын бекiтсiн.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
11 қазандағы "Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығын құру туралы" N 1157 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 43, 466-бап) 2, 3, 5, 7, 8, 10, 11-тармақтарының күшi жойылған деп саналсын. 10. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 маусымдағы N 849 қаулысымен Бекiтiлген Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру мен дамыту Бағдарламасы
Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсiн құру мен дамытудың бұл бағдарламасы Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар мен шаралар жоспарына сәйкес жасалған, бұл жоспарда осынау бағдарламаны жүзеге асырудың және кәсiпкерлiк құрылымдар мен мемлекеттiк басқару органдарының өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн тетiгiнiң негiзгi бөлшегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылдың 15 қыркүйегiндегi N 884 қаулысына сәйкес құрылған шағын бизнес орталықтары болуға тиiс деп белгiленген.
Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның басты мақсаты шағын бизнестiң кең дамыған құрылымын құру арқылы шағын өндiрiс кәсiпорындарында қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Басты мақсатты орындау үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
шағын бизнес инфрақұрылымының институты ретiнде шағын бизнес орталықтарын құру және қалыптастыру;
шағын бизнестi ақпараттық қызмет көрсету iсiмен қамтамасыз ету;
шағын өндiрiс кәсiпорындарын өндiрiс үйлерiмен, жер учаскелерiмен және жабдықпен қамтамасыз ету;
шағын өндiрiс кәсiпорындарын шикiзатпен және материалдармен қамтамасыз етуге және олардың өнiмiн сатуға жәрдемдесiп отыру; шағын және iрi кәсiпорындар арасында кооперацияны дамытуға жәрдемдесу; шағын кәсiпорындарға консультация, заң және байланыс қызметiн көрсету; кәсiпкер кадрлар даярлау; шетел инвестицияларын, шетел техникалық көмегiн тарту және iскерлiк байланыстар орнатуға жәрдемдесу. Осы мiндеттердi шешу республиканың шағын бизнесiн тиiмдi дамытуға жағдай жасайды. Ол үшiн республиканың барлық облыстарында, Алматы және Ленинск қалаларында шағын бизнес орталықтарын ашу қажет. 1995 жылдың аяғына дейiн шетелдiк консультанттарды тарта отырып, олардың қызметiнiң бағдарламасы бекiтiлсiн. I. Шағын бизнес орталықтарының республикалық желiсi қызметiнiң негiзгi бағыттары және оларды жүзеге асыру тетiгi
1. Шағын бизнестi ақпараттық қызметпен қамтамасыз ету Шағын бизнестi ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшiн:
шағын бизнестiң орталық ақпарат желiсiн жасау арқылы ақпарат жағынан қамтамасыз ету және қызмет көрсетудiң орталықтанған жүйесiн құру;
жинақталған ақпаратты талдау негiзiнде шағын бизнес орталықтары желiсiнiң бұдан былайғы бағыттарын iске асыру;
желi бөлшектерiнiң қызметiн ақпарат жинау мен өңдеуден тұратын жұмысын кейiннен рынокта коммерциялық жолмен жүзеге асыратындай етiп құру көзделедi.
Ақапарат көздерi:
республиканың шағын және iрi кәсiпорындары;
компьютер желiлерi бойынша таратылатын хабар;
баспасөздегi, арнаулы басылымдар мен теледидардағы мақалалар, хабарландырулар, жарнамалық материалдар; мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ олармен қолданылып жүрген заңдарда келiсiлген дәрежеде өзара тиiмдi қарым-қатынас жасайтын банк құрылымдары; ақпарат агенттiктерi мен фирмалар, оның iшiнде шетелдiк агенттiктер мен фирмалар; жеке адамдар. Ақпарат тұтынушылар; аймақтық шағын бизнес орталықтары; меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар, оның iшiнде шетел кәсiпорындары; мемлекеттiк басқару органдары; ақпарат агенттiктерi; компьютерлiк желiлер.
Шағын бизнестiң республикалық ақпарат желiсi өз клиенттерiне абоненттiк қызмет көрсетедi, шалғай базалардан мәлiметтер алу, желiлердiң почталық (электронды почта) қызметiн көрсетедi, электронды конференциялар өткiзуге және тағы басқаларға көмектеседi. Iскерлiк байланыстар орталығы ақпарат желiсiндегi басты орталық болады. 1995 жылдың аяғына дейiн барлық шағын бизнес орталықтарын ұйымдастыру iсiнiң техникасымен және модемдiк байланыспен қамтамасыз ету қажет.
2. Шағын өндiрiс кәсiпорындарын өндiрiстiк үй-жаймен және жабдықпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында республикалық және облыстық шағын бизнес орталықтарына өзiн-өзi ақтамайтын және тиiмдiлiгi төмен мемлекеттiк кәсiпорындардың өндiрiстiк объектiлерiнiң, үйлерi мен жабдығының 10 процентi берiледi, олар кейiннен конкурстық негiзде мүлiктiк жалдауға шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге берiледi.
Объектiлер мен үй-жай (орнатылған жабдықтармен бiрге) анықталғаннан кейiн Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет органдары бөлу балансын өткiзедi, оның нәтижесi бойынша бұл объектiлер (үйлер) орнатылған жабдықтармен қоса шағын бизнес орталықтарының балансына берiледi. Бұл шағын бизнес орталықтарының инвестицияларды шағын бизнеске тартуға қажеттi кепiлдiктермен қамтамасыз етуiне мүмкiндiк бередi.
Осы объектiлердi (үй-жайды) кейiннен мемлекеттiк емес заңды ұйымдарға және жеке адамдарға мүлiктiк жалдауға беру конкурстық негiзде өткiзiледi, бұл үшiн олардың халық сұранымына лайықты өнiм шығаратын технологиялық жабдығы немесе "ноу-хоу" және жобаларды жүзеге асыру мен кредит ресурстарының қайтарылымын қамтамасыз ететiн, пайдалануға керектi кредит ресурстары болуға тиiс.
3. Шағын өндiрiс кәсiпорындарын шикiзатпен және материалдармен қамтамасыз етiп, олардың өнiмдерiн өткiзуге жәрдемдесiп оыру
Шағын өндiрiс кәсiпорындарын жабдықпен, шикiзатпен, материалдармен қамтамасыз етiп, олардың өнiмiн өткiзу үшiн:
шикiзат пен материалдарға, жабдықтарға, шығарылатын өнiм көлемiне мұқтаждық туралы ақпаратты талдау;
шағын өндiрiс кәсiпорындарын шикiзатпен, материалдармен және жабдықпен қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн анықтау;
аумақтық шағын бизнес орталықтары жанындағы көтерме сауданың аймақтық салондары арқылы делдалдық желi құру көзделедi. Көтерме сауданың салондары мен делдалдық желi арқылы шағын кәсiпорындар өз өнiмiн бүкiл республика бойынша өткiзе алады, сөйтiп басқа аймақтарда өндiрiлетiн қажеттi өндiрiс құрал-жабдықтарын, сол сияқты шикiзат пен материалдар алуына болады. Көтерме сауда салондарының коммерциялық қызметi қарастырылады, одан түскен табыс шағын бизнес орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.
4. Шағын және iрi кәсiпорындар арасындағы кооперацияны дамытуға жәрдемдесу
Шағын бизнестi өндiрiстiк-технологиялық жағынан қолдауды жүзеге асыру үшiн, өндiрiстi осы заманғы деңгейде ұйымдастыру және оны бөлшектерi бойынша және технологиялық мамандандыру мақсатымен жинақтаушы бұйымдарды өткiзушiлер мен берушiлер ретiнде шағын кәсiпорындарды iрi кәсiпорындармен бiрiктiру iсi ұйымдастырылады.
Контракт корпорациясы жүйесi ақпараттық желiнiң техникалық базасына негiзделедi.
Осы жүйе шеңберiнде республиканың iрi кәсiпорындарында ұдайы анкеттеу iсi жүргiзiледi, бұл қажеттi жинақтаушы бұйымдар бойынша және (немесе) iрi кәсiпорындар өнiмiн одан әрi өңдеу және т.б. үшiн мәлiметтердiң бiрегей базасын жасау мақсатымен жасалады. Содан кейiн бұл мәлiметтер шағын және орта бизнес деректерiмен салыстырылады да, кооперацияның ықтимал бағыттары және оларды жүзеге асыру шаралары белгiленедi.
5. Шағын кәсiпорындарға консультация, заң және байланыс қызметiн көрсету Шағын бизнес орталықтар қызметiнiң аса маңызды бағыттарының бiрi шағын кәсiпорындарға консультация, заң және байланыс қызметiн көрсету, атап айтқанда: басқару, маркетинг, өндiрiс салаларындағы консультация; құрылтай құжаттарын әзiрлеп, оларды тиiстi органдарда тiркеу iсiне жәрдемдесу; қажеттi мәлiметтердi iздеу, жинау және өңдеу; ақпарат берiп отыру; жедел көшiрмелеу; автожауапшылар беру; кеңсе және почта қызметiн көрсету; iскерлiк құжаттама бастыру; аудиторлық қызмет; заң консультациясы және кәсiпкерлер құқын сотта қорғап отыру; шағын бизнес үшiн жасалған компьютерлер мен бағдарламаларды пайдалануға беру; телекс, факс; жер серiгi арқылы байланыс; бизнес-орталықтың кiтапханасын пайдалану; iскерлiк кездесулер өткiзу үшiн конференц-залдар мен кабинеттер беру және байланыс сипатындағы басқа да қызмет түрлерiн көрсету. Бұл шағын кәсiпорындардың жұмысын сапалық жаңа деңгейге көтеруге, әсiресе, кәсiпорындардың қалыптасу кезеңiнде көптеген қателiктер жiбермеуге мүмкiндiк бередi. 6. Кадрлар даярлау
Кәсiпкер кадрлар даярлау мақсатында шағын бизнес орталықтарының оқу-консультация қызметiн дамыту көзделедi. Мұндай қызметтiң мақсаты: әрбiр адамға дербес және жеке тұрғыдан қарау; бiлiктi консультация және кәсiпкерлер проблемаларын iс жүзiнде келiстiрiп шешу; жаңа оқу-әдiстемелiк бағдарламаларды жедел енгiзiп отыру. Шағын бизнес орталықтарының оқу-консультациялық қызметiн iске асыру жеке бiлiм беру құрылымдары мен мемлекеттiк мекемелердiң мамандарын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қаржыландырып отыратын шетел мамандарын тарту арқылы жүргiзiледi.
7. Шетелдiк инсвестицияларды, шет елдiң техникалық көмегiн тарту және iскерлiк байланыстар орнатуға көмектесу Республиканың шағын кәсiпорындарының тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн:
отандық кәсiпкерлердiң шетел фирмаларымен iскерлiк байланыс орнатуына және шетелдiк әрiптестермен бiрлескен бизнес ұйымдастыруға көмектесу;
халықаралық ұйымдар жүзеге асыратын техникалық көмек бағдарламалары жөнiнде кәсiпкерлерге үнемi хабарлап отыру; шетелдiк кредит желiсi бойынша валюталық кредит алу үшiн құжаттарды әзiрлеу iсiнде кәсiпкерлерге жәрдемдесу; жобаларды әзiрлеу, таңдап алу және сараптау жүйесiн құру, кейiнен таңдап алынған жобаларды iздестiру және қаржымен қамтамасыз ету көзделедi. II. Шағын бизнес орталықтары желiлерiнiң элементтерiн дамыту Шағын бизнес орталықтарын дамыту олардың қызмет етуiнiң негiзгi бағыттарының өзара байланысы арқылы жүзеге асырылады: бизнес-орталық; бизнес-инкубатор; технопарк (тиiстi ресурстары болса) Бизнес орталықтың сипаттамасы.
Кәсiпкерлерге ақпараттық қызмет ету, коммуникациялық және консалингтiк жәрдем көрсету, оларды маркетингтiк қамтамасыз ету мақсатында: шағын бизнес орталықтарының және олардың клиенттерiнiң қызметi үшiн қажеттi мәлiметтер жиынтығын жасап, оны жүргiзу; аймақтық шағын бизнес орталықтарының қазақстандық кәсiпкерлердi қолдау мен дамыту орталығымен екi жақты ақпараттық байланысын қолдап отыру ұсынылады. Бизнес-орталықтың клиенттерi мыналар болады: өнертапқыштар; кәсiпкерлер; мемлекеттiк және басқа да құрылымдарда жалданып жұмыс iстеп жүргендер; жеке бизнесiн ұйымдастырушылар;
iскерлiк әкiмшiлiк, шаруаышылық заңдары, экономика және т.б. жөнiнде практикалық оқу мен сынау мерзiмiнен өткiсi келетiн жеке адамдар;
белгiленген ақысын төлеп, өзiнiң шаруашылық, сондай-ақ техникалық жобаларын сараптан өткiзгiсi келетiн, өз кәсiпорнының бизнес-жоспарын жасап, оның қаржылық болашағын бағамдағысы келетiн кәсiпкерлер;
өнiмдi жарнамалауды ұйымдастыруға, ғылыми-техникалық, шаруашылық-құқықтық ақпаратқа дiлгер кiсiлер.
Бизнес-инкубатордың сипаттамасы
Жаңа шаруашылық құрылымдарды қолдау мақсатында жас кәсiпкерлерге қажеттi өндiрiстiк және материалдық-шикiзат базасын беру iсiне жәрдем көрсету ұсынылады.
Кәсiпкерлiктiң жаңадан жасалып жатқан және өндiрiсте жұмыс iстеп жатқан әралуан түрлерi бизнес-инкубатордың қатысушысы бола алады, олар:
өндiрiстiк қызметiн өркендетушi кәсiпкерлер;
жаңа өнiм шығаруға әзiрлеп жатқан өндiрушiлер;
өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салуға, жаңғыртуға және жөндеуге кiрiскен шағын кәсiпорындар.
Бизнес-инкубатор қатысушылармен қарым-қатынасын контракт-келiсiм негiзiнде жүргiзедi.
Бизнес-инкубатордың бағдарламалық-мақсатты инвестицияландырудан және кәсiпорындардың өзiне тиесiлi бағалы қағаздарын сатудан түскен пайдасы жаңа кәсiпкерлiк жобаларды өндiруге жұмсалады.
Технопарктiң сипаттамасы
Технопарк жұмысының мақсаты, аталмыш аймақтың тұтыну қажетiн ескере отырып, даяр ғылыми жобаларды, технологияларды, патенттердi және тағы басқарларды сату болып табылады.
Технопарктiң негiзгi мiндеттерi:
жаңа техника мен материалдардың тәжiрибелiк нұсқаларын жасау;
жаңа технологиялық процестердi өндiруге көмектесу;
жаңа бұйымдарды аз сериямен шығару;
технопарк компанияларына сервистiк қызмет көрсетудi және инжинирингтiк жәрдемдi жүзеге асыру.
Технопарктiң жұмысы тиiстi зерттеу орталықтарымен, өнеркәсiп орындарымен және басқа да мүдделi жақтармен жасалған шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Бұл бағдарлама iске асыру жөнiндегi жұмыс жоспарымен және шағын бизнес облыстық орталықтарының жұмыс жоспарымен толықтырылады. Шағын бизнес орталықтарының құрылған жүйесi кәсiпкерлер үшiн, әсiресе, шағын кәсiпорындардың ашылуы мен қалыптасуы кезеңiнде қажеттi қызметтердiң неғұрлым тиiстi деңгейiн қамтамасыз етедi және еңбек нарқындағы шиеленiстi бәсеңдетiп, қызмет көрсету саласын едәуiр ұлғайту арқылы халықтың тұрмыс деңгейi сапасын арттыруға мүмкiндiк жасайды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 маусымдағы N 849 қаулысына қосымша Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығы Үйлестiру кеңесiнiң құрамы Тiлеубердин А.А. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi (төраға) Мұхамеджанов Н.Ғ. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң басқарма бастығы (хатшы) Әбенов Д.О. - Кәсiпкерлiктi қолдаудың қазақстандық орталығының бас директоры Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Мамыров Н.К. - Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының ректоры Мұхамеджанов Б.Ғ. - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң бiрiншi вице-президентi Павлов А.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Өтепов Э.К. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |