Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 1272 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 45, 564-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
5-тармақтың төртінші абзацындағы "өткізілген конкурстардың нәтижелері бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
17-тармақта:
"ай сайынғы" деген сөздер алынып тасталсын;
"жүзеге асырылған және" деген сөздерден кейін "жыл басынан бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
"1" деген сан "1-1" деген сандармен ауыстырылсын;
19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Ережеге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есепті және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті;";
көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы 15-баған алынып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 1272 қаулысына қосымша
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 1-1 қосымша
Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп 200__жылдың_________ (жыл басынан бастап)
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кезең | Поезд N | Қаты- нас | Қа- шық- тық, км | Қаты- нау кезең- ділігі | Вагон түрі | Құрам- дағы вагон- дардың орташа саны | Вагон- дардың жүрген жолы, ваг/км | Жолау- шы айна- лымы, жо- лаушы, км | 1 жо- лаушы, км орташа өзін- дік құны, тг |
кестенің жалғасы
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | ||||
Жолау- шылар тасы- мал- данды | Жол бағыты бой- ынша кіріс, мың тг | Тасымалдар бойынша шығыстар | Шығыс- тар жиыны, мың тг | Кіріспен жабылмайтын шығыстар, мың тг | ||||
МТЖ қыз- мет- тері, мың тг | Локо- мотив тарты- мының қыз- мет- тері, мың тг | Тасы- мал- дау- шының шығыс- тары, мың тг | Бар- лы- ғы | жыл басы- нан бас- тап тө- лен- ген суб- сидия | суб- си- дия- лауға жата- ды |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |