Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1350 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. "Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 564-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жыл сайын белгіленген тәртіппен осы вагондардың жүрісі үшін магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.";
Toggle Dropdown
7-тармақта:
Toggle Dropdown
"есепті" деген сөз "нақты" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген шығыстары ескерілмейді.";
Toggle Dropdown
8-тармақтағы "бағасының" деген сөз "бағалары көтерілуінің" деген сөздермен ауыстырылсын:
Toggle Dropdown
11-тармақтың 2) тармақшасындағы "облысаралық" деген сөз алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"13-1. Ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдаудың маусымдылығына, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келісімі бойынша шартқа қосымша келісім жасау арқылы поездардың құрамдылығына сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол беріледі.";
Toggle Dropdown
14-тармақтағы "Шарт" деген сөзден кейін "үш жылға дейін мерзімін ұзарту құқығымен" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"14-1. Шарттың қолданылу мерзімі тиісті бюджетте көзделген субсидиялар көлемінен аспайтын көлемде тендер шарттары орындалған және міндетті сақталған жағдайда келесі қаржы жылына ұзартылады.";
Toggle Dropdown
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.";
Toggle Dropdown
16-тармақтағы "міндеттемелер және" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
19-тармақта:
Toggle Dropdown
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы поезда тасымалданған жолаушылар, үлгілері бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, вагондардың толымдығы, сондай-ақ жол жүру құжаттарын сатудан түскен кіріс сомасы туралы мәліметтерді қамтитын магистральдық темір жол желісі операторының құжаты;";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"4) тасымалдаушы мен магистральдық темір жол желісі, локомотивтік тарту операторы арасындағы есепті айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
Toggle Dropdown
5) осы Ережеге 1-2, 1-3-қосымшаларға сәйкес темір жол жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар мен кірістер бойынша ай сайынғы есептер;
Toggle Dropdown
6) осы Ережеге 1-4-қосымшаға сәйкес тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі.";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"21. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар бағыттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске тартылған активтердің жеке есебін жүргізеді.";
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
Toggle Dropdown
мәтіндегі "Біз, төменде қол қойғандар
Toggle Dropdown
(басшының, бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)" деген сөздер "Біз, төменде қол қойғандар
Toggle Dropdown
(актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т А.Ә.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
сол жақ төменгі бұрыштағы "бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә." деген сөздер "актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә." деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
Toggle Dropdown
оң жақ төменгі бұрыштағы "бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә." деген сөздер "актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә." деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
осы қаулының 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес көрсетілген Ережеге 1-2, 1-3, 1-4 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1350 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты
залалдарын субсидиялау ережесіне
1-2-қосымша
Toggle Dropdown
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі
кірістер бойынша
Toggle Dropdown
20 __ жылғы ____________________ есеп
Toggle Dropdown
| Вагондар түрі | Саны | Барлық бағытқа кірістер |
| Барлығы | соның ішінде |
| жолаушылар тасымалынан | төсек-орын сатудан | шай сатудан | Өзге де кірістер | сервистік қызметтер | жүрісі | вагондарды жалға алу |
| агенттік комиссиялық сыйақы | тасымалдау бланкілерін пайдалану | жергілікті кіріс | бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі қызметтер | Өзгелері (жедел хаттар, баспа өнімдерін тарату) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| Барлығының саны | | | | | | | | | | | | | |
| соның ішінде: люкс | | | | | | | | | | | | | |
| күпе | | | | | | | | | | | | | |
| плацкарт | | | | | | | | | | | | | |
| жалпы | | | | | | | | | | | | | |
| жүк | | | | | | | | | | | | | |
| вагон-мейрамханалар | | | | | | | | | | | | | |
| почта | | | | | | | | | | | | | |
| Ұлттық Банктің | | | | | | | | | | | | | |
| Әділетминінің | | | | | | | | | | | | | |
| Өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша) | | | | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Қазақстан аумағы бойынша кірістер |
| Барлығы | соның ішінде |
| жолаушылар тасымалынан | төсек-орын сатудан | шай сатудан | Өзге де кірістер | сервистік қызметтер | жүрісі | вагондарды жалға алу |
| агенттік комиссиялық сыйақы | тасымалдау бланкілерін пайдалану | жергілікті кіріс | бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі қызметтер | Өзгелері (жеделхаттар, баспа өнімдерін тарату) |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан аумағында әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар, барлығы ______________________ мың теңге
Toggle Dropdown
2) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер (билеттер, төсек-орын, шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет көрсетуден) __________________ мың теңге
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер, барлығы ____________ мың теңге
Toggle Dropdown
4) Шығыстар мен кірістер арасындағы айырма {әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша) ____________ мың теңге
Toggle Dropdown
Басшы __________________ Бас бухгалтер ______________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1350 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні
бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын субсидиялау
ережесіне
1-3-қосымша
Toggle Dropdown
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі
шығыстар бойынша
Toggle Dropdown
20 __ жылғы ______________ есеп
Toggle Dropdown
| Вагондар түрі | Саны | Барлық бағыттағы шығыстар | Қазақстан аумағы бойынша шығыстар |
| Барлығы | соның ішінде | Барлығы | соның ішінде |
| локомотивтік тартымы | МТЖ | тасымалдаушының шығыстары | соның ішінде кезең шығыстары | локомотивтік тартымы | МТЖ | тасымалдаушының шығыстары | соның ішінде кезең шығыстары |
| Барлық саны | | | | | | | | | | | |
| соның ішінде: люкс | | | | | | | | | | | |
| купе | | | | | | | | | | | |
| плацкарт | | | | | | | | | | | |
| жалпы | | | | | | | | | | | |
| жүк | | | | | | | | | | | |
| вагон-мейрамханалар | | | | | | | | | | | |
| почта | | | | | | | | | | | |
| Ұлттық Банктің | | | | | | | | | | | |
| Әділетминінің | | | | | | | | | | | |
| Өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша) | | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
1) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар,
Toggle Dropdown
барлығы _____________________ мың теңге
Toggle Dropdown
2) Қазақстан аумағындағы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша
Toggle Dropdown
шығыстар, барлығы ___________ мың теңге
Toggle Dropdown
Басшы _________________ Бас бухгалтер ________________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1350 қаулысына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар
қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-4-қосымша
Toggle Dropdown
Тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын
ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі
Toggle Dropdown
_________________________ жылдың _____________ айына
(тасымалдаушының атауы)
Toggle Dropdown
(мың теңге)
Toggle Dropdown
| Кезең | Шығыстардың атауы | Шығыс құжаты | Шығыс құжаты бойынша сомасы | Вагондардың жалпы жүрісі, ваг-км | Субсидияланатын вагондар бойынша жүріс, ваг-км | Субсидияланатын вагондар бойынша шығыстар сомасы |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы __________________ Бас бухгалтер __________________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1350 қаулысына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні
бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты
залалдарын субсидиялау ережесіне
4-қосымша
Toggle Dropdown
Тасымалдаушылардың субсидияланатын қызметке байланысты нақты
шығыстарын қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың
тізбесі
Toggle Dropdown
Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың мынадай:
Toggle Dropdown
1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және қоймалардағы тауарлар қорлары, басқа да өндірілмейтін шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әр түрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;
Toggle Dropdown
2) ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төленетін төлемдер;
Toggle Dropdown
3) үмітсіз борыштар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі аяқталған дебиторлық берешек);
Toggle Dropdown
4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мен санкциялардың басқа түрлері;
Toggle Dropdown
5) кірісті жасырғаны (азайтқаны) үшін төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
Toggle Dropdown
6) ұрлықтардан келген зияндар;
Toggle Dropdown
7) ақаудан болған ысыраптар;
Toggle Dropdown
8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.);
Toggle Dropdown
9) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын, оның ішінде кәсіптік-техникалық училищелерді ұстау;
Toggle Dropdown
10) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;
Toggle Dropdown
11) ұйым қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;
Toggle Dropdown
12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды) өткізу;
Toggle Dropdown
13) демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету;
Toggle Dropdown
14) жолаушыларды темір жол көлігімен әлеуметтік бар қатынастар бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстардың басқа да түрлері бойынша шығыстары ескерілмейді.