Toggle Dropdown
Осы редакция 06.01.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1469 қаулысы
Toggle Dropdown
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының талаптарын iске асыру мақсатында республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес ауруханаларды, емханаларды және отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды мемлекеттiк жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы ретiнде айқындау жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
Toggle Dropdown
Клиникалық базалар мемлекеттiк жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарына жалдау ақысын алмай-ақ беріледi.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiм бойынша клиникалық базалар туралы ереженi;
Toggle Dropdown
интернатура туралы ереженi бекiтсiн.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi:
Toggle Dropdown
1999/2000 оқу жылынан бастап республиканың жоғары медициналық оқу орындарында "емдеу iсi" және " педиатрия" мамандықтары бойынша интернатура ашсын;
Toggle Dropdown
көрсетiлген мамандықтар бойынша бiлiктiлiктiң тiзбесiн айқындасын;
Toggle Dropdown
республикалық бюджетте қарастырылған жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға көзделген қаржының шегiнде интернатураны қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Toggle Dropdown
4. "Нарыққа өту жағдайында денсаулық сақтауды жетілдірудің шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 5 тамыздағы N 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 482-құжат) 11-тармағының екінші абзацының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 28 қыркүйектегі
N 1469 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Жоғары медициналық білiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесi
Toggle Dropdown
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық базалары:
Toggle Dropdown
Алматы көп бейiндi клиникалық ауруханасы
Toggle Dropdown
Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау басқармасының N 1 перзентханасы, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы N 5 қалалық перзентхана, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау басқармасының N 1 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Қалалық орталық клиникалық аурухана, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 1 қалалық клиникалық ауруханасы
Toggle Dropdown
N 4 қалалық клиникалық аурухана, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 5 қалалық клиникалық ауруханасы
Toggle Dropdown
N 7 қалалық клиникалық аурухана, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының медициналық жедел жәрдем станциясы, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 1 қалалық eмханасы
Toggle Dropdown
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының N 3 қалалық eмханасы, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 8 қалалық емханасы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 10 қалалық eмханасы
Toggle Dropdown
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы N 12 қалалық емхана, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің "Ақсай" республикалық клиникалық балалар ауруханасы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 2 қалалық клиникалық балалар ауруханасы
Toggle Dropdown
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы N 7 балалар емханасы, Алматы қаласы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 8 балалар емханасы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 16 қалалық емханасы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының N 2 перзентханасы
Toggle Dropdown
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының балалар стоматологиялық емханасы
Toggle Dropdown
Алматы қаласының Орталық әскери клиникалық госпиталі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің "Құрмет Белгiсi" ордендi Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы