Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 16 мамырда № 7664 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы жобалары қорытындысының күші жойылғанға дейін жарамды.
3. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 тіркелген, «Заң газеті» 2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), «Ресми газет» 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына қосымша
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі
Әдістеме өзгертілді ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 11.12.2013 жылғы № 379-ө Бұйрығымен (16.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына және 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Есептеу жолымен әртүрлі орталарға эмиссиялар нормативтері, соның ішінде атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындыларының, су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына, сарқынды сулар жинақтауыштарына ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын орналастыру нормативтері айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (08.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
3. Эмиссиялар нормативтерінің шамалары шаруашылық және басқа әрекеттердің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына тигізетін кері әсерлерін азайту мақсатында техникалық шараларды өткізу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Эмиссиялардың әрбір станционарлық көзі үшін және кәсіпорынды толық алғанда есептемелердің негізінде шекті жол берілген шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтері қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жету мақсатында санитариялық қорғаныш аймағы және жақын орналасқан селитебтік аумақтар шекарасында белгіленеді.
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (08.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жетуді қамтамасыз ету мақсатында ластаушы заттардың эмиссиялары деңгейін төмендету бойынша техникалық шараларды жүзеге асыруды аяқтауға дейінгі мерзімге эмиссиялардың нормативтік көлемдері - лимиттері есептеумен кезең-кезеңмен белгіленеді.
1. Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін есептеу
4. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (рұқсат етілген шекті шығарынды - РЕШШ) өнеркәсіп кәсіпорындарының даму болашағын және атмосферада зиянды заттардың сейілуін ескере отырып, осы көзден және қаланың немесе басқа елді мекеннің көздерінің жиынтығынан жер бетіндегі шоғырлану елді мекендердің және санитарлық қорғаныш аймақтарының рұқсат етілген шекті шоғырлануларынан аспайтындай етіп әрбір нақты атмосфераны ластау көзі үшін анықталады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Жалпы кәсіпорын үшін шығарындылар нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және қайта жаңартылатын ластаушы көздері үшін шығарындылар нормативтері мәндерінің жиынтығы бойынша белгіленеді. Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу кезінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (г/с, т/жыл), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген) бекітілген, Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген көлемдері негізінде анықталады.
4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (08.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Технологиялық үдерістің құрамдас бөлігі болып табылатын дүркінді шығарындылар үшін бір реттік және жылына қосындылық шама (г/с, т/жыл) бағаланады. Ең жоғарғы бір реттік дүркінді шығарындылар (г/с) өздерінің қызқа мерзімділігіне байланысты нормаланбайды және атмосферада зиянды заттарды таралуын есептегенде есепке алынбайды. Дүркінді шығарындылардың жыл бойына қосынды шамасы жабдық жұмысының штаттық режимін есепке ала отырып, жалпы жылдық шығарындыны белгілеген кезде нормаланады (т/жыл).
Ықтимал болатын апаттық жағдайлармен байланысты апаттық шығарындылар нормаланбайды. Кәсіпорында экологиялық төлемдерді есептеу үшін өткен жылға іс жүзіндегі апаттық шығарындылардың есебі ұйымдастырылады.
5. Егер РЕШШ шамалары объективтік сипаттағы себептер бойынша осы уақытқа қамтамасыз етілмесе, әрекеттегі кәсіпорындардан зиянды заттардың шығарындыларын елді мекендердің ауасында зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануларын сақтауды қамтамасыз ететін шамаларға дейін кезеңдеп азайту қарастырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Бұл үшін РЕШШ нормалау кезінде РЕШШ ақырғы нормасының шамасымен қатар жыл сайынғы (нормалаудың әр жылына) эмиссиялардың нормативтік көлемдері - зиянды шығарындыларды кезеңдеп азайтуды қамтамасыз ететін РЕШШ жету шараларын жүзеге асыру кезеңіне зиянды заттардың шығарындыларын шектейтін лимиттер (г/с, т/жыл) анықталады.
6. Белгіленген мерзімге РЕШШ жетуді негіздеу үшін кәсіпорын РЕШШ нормативтеріне жету мақсатында ластаушы заттардың шығарындыларын (төгінділерін) азайту жөніндегі шаралар жоспарын құрады (бұдан әрі – шаралар жоспары).
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Эмиссиялардың нормативтік көлемдері - лимиттер нормаланатын мерзімнің әр жылына кәсіпорында орнатылған табиғат қорғау жабдығын барынша толық және тиімді пайдалануға, өндіріс технологиясын сақтауға, шығарындылардың нормативтерінің жобасының құрамдас бөлігі болып табылатын шаралар жоспарына тиісті зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға сәйкес болады.
Шығарындылардың нормативтерін есептеу кезінде шараны орындағаннан кейін шараның тиімділігі ол аяқталған жыл басталатын жылға есептеледі.
РЕШШ жету үшін атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайту бойынша іс шаралар жоспарының орындалуы міндетті.
7. РЕШШ белгілеу кезінде кәсіпорындардың даму перспективаларын, аймақтың физикалық-географиялық және климаттық шарттарын, өнеркәсіп алаңдары мен тұрғын үйлердің, санаторийлердің, демалыс аймақтарының орналасуын, өнеркәсіп алаңдары мен қоныстану аумақтарының өзара орналасуын ескеріледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Зиянды заттардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған шығарындыларының алдын алу және ең жоғарғы азайту үшін ең үздік қол жетімді технологияар қолданылады.
9. Шығарындылар нормативтері атмосфераны ластау көзінің әрқайсысы үшін және толығымен кәсіпорынға айқындалады. Нормалаудың сол жылына жататын жеке көздері үшін айқындалатын шығарындыларды қосу нәтижесінде кәсіпорындар немесе нысандар үшін және олардың толықтай кешені үшін шығарындылар нормативтерінің мәндері анықталады.
Қосынды шығарындыларды г/с, т/жыл анықтау кезінде жабдық жұмысының стационарлық еместігі (бір уақытты еместігі) есепке алынады.
10. Шығарындылар көздерінің тізбесі және олардың сипаттамалары жобаланатын объектілер үшін - жобалау ақпаратының негізінде, қолданыстағы объектілер үшін - атмосфералық ауаға ластаушы заттардың РЕШШ нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылатын, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және олардың көздерінің түгендеуі негізінде айқындалады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Түгендеу нәтижелері бойынша көздер құрамы мен нормалауға жататын зиянды заттар тізбесі белгілену керек.
Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларын және олардың көздерін түгендеуді жүргізу бойынша әдіснама осы Әдістеменің 1-қосымшасында көрсетілген.
11. Жүргізілген шығарындыларды түгендеу нәтижелері бойынша осы Әдістеменің 2-қосымшасындағы ңысанға сәйкес атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының және олардың көздерінің түгендеу бланкілері толтырылады.
12. Жаңа, сонымен қатар қайтадан құрылатын және кеңейтілетін кәсіпорындар үшін РЕШШ нормативтері осы нысандарды пайдалануға қабылдау сәтіне қаматамасыз етіледі.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қайтадан құрылатын және кеңейтілетін кәсіпорындар үшін нормативтер кәсіпорынның қолданыстағы және жаңа барлық шығарынды көздерінің өзара әсерлерін есепке ала отырып, толықтай кәсіпорын үшін белгіленеді.
13. Кәсіпорын шығарындыларының нормативтері даму перспективасын, басқаша айтқанда технологиялық регламентпен қарастырылған желдету және шаң тазарту жабдықтарының жүйесі мен құрылысын қосқанда, жабдықты іске қосу және оны пайдалану режимдерін есепке ала отырып, оның қалыпты жұмыс істеу шарттары үшін айқындалады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Бұл жағдайда қолданыстағы кәсіпорындар үшін жобамен белгіленген көрсеткіштердің шектерінде соңғы 2-3 жыл үшін жабдықтың іс жүзіндегі ең жоғарғы жүктемесі есепке алынады.
РЕШШ есептеуге арналған әрекеттегі жағдайға және перспективасына шығарындылардың көздерінің атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларының параметрлері осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кестеде келтірілген.
14. Кәсіпорынды кеңейту, қайта құру кезінде даму перспективасына зиянды заттардың шығарындыларының жаңа көздері мемлекеттік экологиялық экспертизаның оң қорытындысын алған алға қойылған әрекеттің жұмыс жобаларына сәйкес есепке алынады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Жұмыс жобаларын әзірлеусіз кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық әрекетін қамтамасыз ету үшін енгізілетін зиянды заттардың шығарындыларының көздері РЕШШ нормативтерінің құрамында есепке алынады.
15. Шығарындылар нормативтері уақыт бірлігінде (секундта) тасталатын зиянды зат салмағы (грамдарда) ретінде анықталады. Ең жоғарғы бір реттік рұқсат етілген тастандылармен (г/с) қатар шаралар жоспарына сәйкес атмосфераға тасталатын зиянды заттар шығарындыларын азайтуды есептеп, әр көз үшін жеке және толығымен кәсіпорынға рұқсат етілген шығарындылардың жылдық шамасы жылына тонналарда (т/жыл) белгіленеді. Шаралар жоспарының нысаны осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың тізбесі «Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10302 болып тіркелген).
15-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
16. РЕШШ нормативтері объектінің санитарлық-қорғаныш аймағының шекарасында, сондай-ақ жақын тұрғын үй аймағының аумағында атмосфералық ауаның жерге жақын қабатындағы ластаушы заттардың ең жоғары бір реттік шоғырлануы аялық шоғырлануларды ескере отырып, елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін тиісті гигиеналық нормативтерден аспайтындай етіп белгіленуі тиіс.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
17. Нормалау жылдары бойынша және кәсіпорын бойынша ластаушы заттардың шығарындыларының нормативтері РЕШШ жету мерзіміне шығарындылар нормативтері осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кестеде келтірілген.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
18. Курорттарды санитариялық қорғау аймақтары, ірі сауықтыру орындары мен демалыс үйлерінің орналасу орындары, қалалардың демалыс аймақтары үшін, сондай-ақ, атмосфералық ауаны қорғауға жоғары талаптар қойылатын басқа да аумақтар үшін әлеуетті қауіпті химиялық заттардың рұқсат етілетін ең жоғарғы бір реттік шекті шоғырланулары 0,8 РЕШШе.б. ауыстырылады.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
19. Жылжымалы көздердің қозғалтқыштарынан газ ауа қоспасының ең жоғарғы бір реттік шығарындылары (г/с) жылжымалы көздердің жұмысы олардың стационарлық орналасуымен байланысты болған жағдайда ғана атмосфералық ауаға әсерді бағалау мақсатында есепке алынады.
Жылжымалы көздердің қозғалтқыштарынан жалпы шығарындылар (т/жыл) нормаланбайды және зиянды заттар шығарындылардың жалпы көлеміне енгізілмейді.
20. Қатты бөлшектердің (шаңның) жер беті шоғырлануларын анықтау үшін атмосфералық ауада төселетін бетке аталған бөлшектердің гравитациялық шөгу жылдамдығын есепке алатын Ғ өлшемсіз коэффициент қолданылу керек.
Ғ коэффициентінің шамасы шаңның құрамына және көзде орнатылған шаңтазартқыштың тиімділігіне байланысты 1-ден 3-ке дейін өзгереді. Егер тасталатын шаң бөлшектерінің салмағын өлшемдері бойынша бөлу туралы мәліметтер болған жағдайда Ғ коэффициентінің шамасы нақтылануы мүмкін.