Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 141 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 19.12.2014 жылғы № 1324 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Спортшыларға және жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдың қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 512-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыпта және 1-тармақта «Спортшыларға және жаттықтырушыларға» деген сөздер «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Спортшыларға және жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесінде:
тақырыпта және 1-тармақта «Спортшыларға және жаттықтырушыларға» деген сөздер «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «30-1-бабының 3-тармағына» деген сөздер «22-2-бабының 4) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында «8,0» деген сандар «24,0» деген сандармен ауыстырылсын;
Спортшыларға және жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесіне қосымшада жоғары оң жақ бұрышындағы «Спортшыларға және жаттықтырушыларға» деген сөздер «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың алтыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. К. Мәсімов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |