1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Осы редакция 19.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 тамыз N 1074
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 417 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, N 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы N 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 06.08.2003. № 785 қаулысымен. (16.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi мен өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөртаңбасы, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қарулы Күштердiң барлық жеке құрамы үшiн мiндеттi күшi бар бұйрықтар мен директивалар түрiнде актiлер шығарады.
5. Министрлiктiң Ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауы. Арнайы экономикалық аймақ, 2 үй.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 06.08.2003. № 785 қаулысымен. (16.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) мемлекеттiң әскери саясаты мен Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
2) Қазақстан Республикасы әскери бюджетiнiң жобасы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясатын жүргiзуде Ұлттық қауiпсiздiк тұжырымдамасын, Әскери доктринасын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
4) әскери-саяси жағдайға баға беруге, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетiн ықтимал қатердiң сипаты мен дәрежесiн айқындауға қатысу;
5) Қарулы Күштерде мемлекеттiк құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
6) мемлекеттiң егемендiгiн және аумақтық тұтастығын қорғауға Қарулы Күштердiң жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығын үнемi қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және Қазақстан Республикасына қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
7) Қарулы Күштер туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн iске асыруды қамтамасыз ету;
8) Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерiнiң және арнайы әскерлердiң жедел мақсаты мен мiндеттерiн айқындау, оларды Қазақстан Республикасының басқа әскерлерiмен және әскери құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негiзiнде басқа мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимылда қолдану;
9) Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен Қарулы Күштерге адам, көлiк және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргiзу;
10) Қарулы Күштерде идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
11) экономиканы жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру және ұйымдардың белгіленген жұмылдыру тапсырмасын орындау даярлығын бақылауға қатысу;
12) ғылыми-техникалық және арнаулы зерттеулер мен Қарулы Күштердің мұқтажы үшін әскери кадрларды даярлауды дамыту бағыттарын айқындау;
13) әскери іс-әрекеттi жүргiзуге байланысты қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
14) Қарулы Күштердiң қару-жараққа, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтарға сұранымын, олармен Қарулы Күштердi жұмылдыра өрiстетудiң жоспарын қамтамасыз ету, қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтардың жедел және стратегиялық қорларын жинақтау мен орналастыруды айқындау;
15) әскери қызметшiлердiң, азаматтық қызметкерлердiң қауiпсiздiгi мен өмiрiн және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.
11. Министрлiк өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiң әскери саясаты мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және Қарулы Күштердiң құрылысы мен даму бағдарламаларын iске асырады;
2) Әскери доктринаны, Қарулы Күштердi дамыту мен реформалау тұжырымдамасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекітуiне әскерлердiң орнын ауыстыру мен орналастыру жоспарларын ұсынады;
4)
5) қару-жарақты, әскери техника мен басқа да әскери мүлiкті жасау, өндiру және жөндеу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орналастырады, олардың жасалуын, сыналуын, өндiрiлуi мен сапасын бақылауды жүзеге асырады;
6) нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады және әзiрлейдi;
7) қорғанысқа арналған шығыстарға республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
8) әскери ғылымды дамытуға басшылық жасайды, әскери-ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және өткiзедi;
9)
10)
11) қару-жарақты қабылдау (жабдықтау мен пайдалану), қару-жарақтың, оқ-дәрi мен әскери техниканың жаңа және жетiлдiрiлген түрлерiн, сондай-ақ қару-жарақтың (жабдықтаудан пайдаланудан) ескiрген түрлерiн шығару тәртiбiн ұйымдастырады;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |