1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Осы редакция 08.02.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы N 1074 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 417 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, N 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы N 1074 қаулысымен бекітілген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2007 № 1241 Қаулысымен. (22.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің ведомствосы - Штабтар бастықтары комитеті бар.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі мен өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы үшін міндетті күші бар бұйрықтар мен директивалар түрінде актілер шығарады.
5. Министрліктің штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Министрліктің заңды мекенжайы: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы. Арнайы экономикалық аймақ, 2-үй.
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
10. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;
Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;
агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарумен қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштерді әзірлікте ұстау.
11. Министрлік өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
Әскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен дамуының тұжырымдамасын әзірлейді;
Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат саны лимитінің шегінде Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша штат санын белгілейді;
мемлекетте, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібінде бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді;
елдің қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін ұйымдастырады;
Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнаулы әскерлердің жедел мақсаттары мен міндеттерін, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып олардың қолданылуын айқындайды;
қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және басқа жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасына бақылауды ұйымдастырады;
Қарулы Күштердегі әскерлерді инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
ведомстволық әскери оқу орындары мен әскери даярлықты жүзеге асыратын басқа да білім беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасына бақылауды жүзеге асырады;
әскери қызметке шақырылуға дейінгі және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіреді;
қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлейді;
халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;
келісім шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі;
азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлу мен пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтаждары үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастырады;
азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады;
мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асырады;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |