Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы
Toggle Dropdown
Осы редакция 06.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
9) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
10) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
11) «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
12) «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
13) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
14) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
15) «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
16) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
17) «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
18) «Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
19) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру" мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) "Халықты құжаттандыру және тiркеу" тiркеу пунктi" ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – ХҚТ ТП) қолдана отырып, ішкі істер органдарының көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi – Орталық) көрсетедi.
Toggle Dropdown
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны iшiнара автоматтандырылған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк қызмет "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысының 10-тармағының негiзiнде көрсетiледi.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнiң (электронды мекенжайы: www.mvd.kz) интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген орталықтардың үй-жайлары мен уәкiлеттi органдардағы стендiлерде орналастырылады.
Toggle Dropdown
5. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесi Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлiгiн немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттiк қызмет көрсету құжатты алуға өтiнiш ресiмделген күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi. Мемлекеттiк қызметтi жеделдетiлген режимде көрсету ресiмделген күннен бастап 7, 10 және 15 жұмыс күні ішінде көрсетiледi (құжаттар қабылданған және берілген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
Toggle Dropdown
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
мемлекеттiк қызмет алу үшiн электронды сұрау салулар көзделмеген;
Toggle Dropdown
3) құжаттарды алған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк баж заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берiлген жердегi бюджетке "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексi) 540-бабымен белгiленген мөлшерде банк мекемелерi арқылы төленедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн мемлекеттік баж көлемі 400 пайызды, ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн бергені үшін мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Мемлекеттiк баж тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленуi тиiс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн беру кезiнде: Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi; Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ерi" атақтарын алған адамдар; "Батыр ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңiнде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы ХҚТ ТП арқылы ұсынылады, қабылдау жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын түскi үзiлiссіз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Орталықтың жұмыс кестесi:
Toggle Dropdown
Жұмыс күндері – дүйсенбiден бастап сенбiге дейін, демалыс күні – жексенбі.
Toggle Dropdown
Жұмыс уақыты: дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге, түскi үзiлiссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден 13.00-ғе дейiн жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Өтiнiш қағаз тасымалдағышқа толтырылып Орталыққа берілген кезде қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндердi қоспағанда, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, түскi үзiлiссіз жүзеге асырылады. Орталықтың жұмыс кестесi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
Toggle Dropdown
Орталықтың өкiлдiктерiнде құжаттар түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн қабылданады.