• Мое избранное
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 4 желтоқсандағы N 1171 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 609 Қаулысына сәйкес
«Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы»
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.04.2015 жылғы № 222 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің  15-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Еңбекке уақытша жарамсыздықтың екі айдан артық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1213  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 4 желтоқсандағы
 N 1171 қаулысымен
 бекітілген
Екі айдан артық мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздықтың белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі
1. Ішектің пенетрациясымен және ішектен қан кетумен асқынған іш сүзегі мен паратифтер 
2. Сальмонеллездік септицемия 
3. Ботулизм, асқынған түрі 
4. Амебиаз, асқынған түрі 
5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс алу органдарының туберкулезі 
6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу органдарының туберкулезі 
7. Басқа органдардың туберкулезі 
8. Милиарлық туберкулез 
9. Оба 
10. Туляремия 
11. Күйдіргі, өкпелік түрі 
12. Декомпенсация сатысындағы созылмалы жіті және ауыр дәрежедегі жітілеу бруцеллез 
13. Маңқа және мелиоидоз, асқынған түрі 
14. Бүйректі зақымдайтын лептоспироз 
15. Алапес (Гасен ауруы) 
16. Листериоз, асқынған түрі 
17. Дифтерия, уыттық түрі 
18. Менингококктық жұқпа 
19. Стрептококктық септицемия 
20. Басқа септицемия 
21. Миокардитпен асқынған бөртпе сүзегі 
22. Жіті полиомиелит 
23. Орталық нерв жүйесінің баяу вирустық жұқпалары 
24. Құтыру 
25. Вирустық маса энцефалиті 
26. Вирустық кене энцефалиті 
27. Басқа айдарларда жіктелмеген, басқа да вирустық энцефалиттер 
28. Анықталмаған вирустық энцефалиттер 
29. Вирустық менингит 
30. Орталық нерв жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген, басқа да вирустық жұқпалары 
31. Орталық нерв жүйесінің вирустық жұқпасы 
32. Бүйрек синдромымен асқынған геморрагикалық безгек 
33. Герпетикалық менингит 
34. Герпетикалық энцефалит 
35. Ауыр дәрежедегі А вирустық гепатиті 
36. Ауыр дәрежедегі В вирустық гепатиті 
37. Комамен анықталмаған вирустық гепатит 
38. Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туғызатын ауру 
39. Менингитпен асқынған эпидемиялық паротит 
40. Кандидоздық менингит 
41. Кандидоздық септицемия