Осы редакция 27.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 1113 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында толық мәтіні және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне
Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінде реттік нөмірі 3-жолдың «Атауы» деген бағанындағы «Салауатты» деген сөз «Саламатты» деген сөзбен ауыстырылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1113 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау атауы саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіз «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны әзірлеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық жауапты мемлекеттік орган сақтау министрлігі
Бағдарламаны іске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау асыруға жауапты министрлігі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрлігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері
Бағдарламаның мақсаты Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Міндеттері Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;
медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту
Іске асыру мерзімі 2011 - 2015 жылдар бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар екінші кезең: 2014 - 2015 жылдар
Нысаналы индикаторлар Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;
ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай
28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;
нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай
14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;
жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда
2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;
15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2 - 0,6 шегінде ұстау
Қаржыландыру көздері Бағдарламаны іске асыруға 2011 - 2015 мен көлемі жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн.
Жылдар бойынша | Барлығы | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | Басқа көздер |
2011 ж. | 65 262,7 | 64 700,3 | 562,4 | |
2012 ж. | 79 966,9 | 75 312,1 | 454,8 | 4 200 |
2013 ж. | 74 059,4 | 69 367,9 | 491,5 | 4 200 |
2014 ж. | 79 086,1 | 74 290,5 | 595,6 | 4 200 |
2015 ж. | 81 983,8 | 72 926,0 | 657,8 | 8 400 |
барлығы | 380 358,9 | 356 596,8 | 2 762,1 | 21 000 |
2001 - 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.