«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 1113 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында толық мәтіні және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (29.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 04.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 02.07.2014 жылғы № 851 Жарлығымен (27.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау атауы саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіз «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны әзірлеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық жауапты мемлекеттік орган сақтау министрлігі
Бағдарламаны іске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, асыруға жауапты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері
Бағдарламаның мақсаты Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Міндеттері Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту; Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру; медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту
Іске асыру мерзімі 2011 - 2015 жылдар бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар екінші кезең: 2014 - 2015 жылдар
Нысаналы индикаторлар Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 71 жасқа дейін ұлғаюы; ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін төмендеуі; нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге дейін төмендеуі; жалпы өлім-жітімінің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі; туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 71,4-ке дейін төмендеуі; 15-49 жас аралығындағы топта АИТВ-инфекциясының таралуын 0,2 – 0,6 % шегінде ұстау; І-II сатыда анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы; қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы
Қаржыландыру көздері Бағдарламаны іске асыруға 2011 - 2015 мен көлемі жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 407 205,7 млн. теңгені құрайды.
Жылдар бойынша |
Барлығы |
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
Басқа көздер |
2011 ж. |
65 262,7 |
64 700,3 |
562,4 |
|
2012 ж. |
79 966,9 |
75 312,1 |
454,8 |
4 200 |
2013 ж. |
74 059,4 |
69 367,9 |
491,5 |
4 200 |
2014 ж. |
99 036,9 |
98 441,3 |
595,6 |
|
2015 ж. |
97 279,8 |
96 622,0 |
657,8 |
|
Жиыны |
415 605,7 |
404 443,6 |
2 762,1 |
8 400
|
2001 - 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
2. Кіріспе
Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.
2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.
Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.
Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.
Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 02.07.2014 жылғы № 851 Жарлығымен (27.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде мынадай белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;
Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2008 - 2016 жылдарға арналған, «Саламатты өмір салты» жөніндегі 2008 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламалары әзірленді және енгізілді;
шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты: мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;
жалпы дәрігерлік практика қағидаты бойынша жұмыс істейтін бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) қызметін реформалау жүргізілді, қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау тұрғысынан балаларды, ересек халықты профилактикалық қарап-тексеру, ұрпақты болу жүйесінің онкопатологиясын ерте анықтау тұрғысынан әйелдерді скринингтік зерттеу жүргізілуде;
дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету енгізілді;
мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтеу және стандарттау жүргізілді, денсаулық сақтау ұйымдары желілерінің мемлекеттік нормативі бекітілді;
денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;
тәуелсіз медициналық сараптама жүйесі құрылды;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (бұдан әрі - БҰДЖ) кезең-кезеңмен енгізілуде, ол пациенттерге дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауды қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетудің бәсекелестік ортасын қалыптастыруды, медициналық ұйымдардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жұмысын және нақты шығындар бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуді көздейді;
туберкулез, психикалық және инфекциялық ауруларды емдеуді қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған бюджетті облыстық деңгейде, ал 2010 жылдан бастап республикалық деңгейде шоғырландыру жүргізілді;
денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жүзеге асырылуда;
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылуда;
Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |