• Мое избранное
Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 409 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2632

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
Редакция 21.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 9 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2003 жылғы 2 желтоқсандағы 
№ 409 қаулысымен 
бекітілді
Ереженің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары»
Осы Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеуді дербес немесе төлем агентінің қызмет көрсетуі туралы жасалған шартқа (бұдан әрі – шарт) сәйкес, Қағидалардың 4-1-тармағының талаптарын ескерумен, төлем агенті көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 250 Қаулысына сәйкес (29.04.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
3. Төлем агенті туралы мәліметтер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде болады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
2-тарау. Төлем агентінің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуі
4. Бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуді эмитент шартта көрсетілген төлем агентінің банк шотына (бұдан әрі - төлем агентінің шоты) қажетті ақша сомасын аудару және бір мезгілде төлем агентіне бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жіберу арқылы жүзеге асырады.
4-1. Орталық депозитарий осындай облигацияларды өтеу мерзімі аяқталатын күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде эмитенттер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 31-бабының 3-1-тармағының үшінші бөлігін ескере отырып, соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) аударған ақшаны облигациялардың әрбір ұстаушысына төленуге тиісті сома туралы ақпараты бар эмитент ұсынған облигацияларды ұстаушылардың тізіміне сәйкес, орталық депозитарийде облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған шотқа аударады.
2-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
5. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеу үшін төлем агентіне ұсынылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімінде мынадай мәліметтер болады: 
1) бағалы қағаздарды ұстаушының толық атауы (жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса - әкесінің аты); 
2) бағалы қағаздарды ұстаушының орналасқан жері (тұрғылықты жері) және почталық мекен-жайы; 
3) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың түрі және саны; 
4) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
5) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке бірегейлендіру коды, бағалы қағаздарды ұстаушының шоты ашылған банктің атауы және банктік бірегейлендіру коды (заңды тұлға үшін);
6) жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін); 
7) бағалы қағаздарды ұстаушының салықтық мәртебесі (Қазақстан Республикасының резиденті, резидент емесі); 
8) экономика секторының коды (заңды тұлға үшін); 
9) кірісті төлеудің мақсаты (акциялар бойынша дивидендтерді төлеу, облигациялар бойынша сыйақы немесе облигацияларды өтеу); 
10) әрбір бағалы қағаздарды ұстаушыға төленуге тиіс ақша сомасы.
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.05.2007 № 155 Қаулысымен (02.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Төлем агенті бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуді Қазақстан Республикасының заңдарына, өзінің ішкі құжаттарына және шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
7. Орталық депозитарий облигациялар шығарылымының талаптарында белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 32-бабына сәйкес мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарлама жібереді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 262 Қаулысына сәйкес (24.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
7-1. Төлем агенті эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ шектеулерді (ковенант) бұзған фактілер туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей, төлем агенті эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру аясында қолданған шараларды көрсете отырып, уәкілетті органды және облигация ұстаушыларды хабардар етеді. 
Ереже 7-1-тармақ толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.04.2009 № 89 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
8. Төлем агенті эмитентке талап етілмеген ақша сомасын қайтаруды Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 31-бабының 3-1-тармағының талаптарын ескерумен шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
3-тарау. Қорытынды ережелер
9. Эмитент шынайы емес мәліметтері бар бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін ұсынған жағдайда, төлем агенті эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын уақтылы төлемегені үшін жауапкершілік атқармайды.
10. Эмитенттің төлем агентінің қызмет көрсетуіне ақы төлеуі эмитенттің есебінен жүзеге асырылады.
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес  (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)