Toggle Dropdown
Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 28 шiлде N 1035. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996.12.05. N 1492 қаулысымен. Бұл қаулы қайта күшiне ендi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.12.31. N 3309 жарлығымен. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Үкіметінiң 2000.08.12. N 1253 қаулысымен. ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N 1253 қаулысының күші тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2000 г. N 1316 қаулысымен.
Редакция 11.03.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2170 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының ашық тауар биржалары арқылы ғана сатылатын биржа тауарларының тiзбесi (I қосымша).
Республикалық баға комиссиясы (2 қосымша) және оның құрамы туралы (3 қосымша) Ереже.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) экспорттау және импорттау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1002 қаулысына сәйкес шетелдiк инвесторларға уақытша толық басқаруға берiлген Қазақстан Республикасының кәсiпорындары өз өнiмдерiн квотасыз, лицензиясыз және контрактыларын тiркеусiз жүзеге асырып, егер ол I қосымшада көрсетiлген биржа тауарларына жатса, Қазақстан Республикасының тауар биржаларында сата алады деп белгiленсiн.
3. Астықтың, талшықты мақтаның, терi шикiзаттың, терiнiң, биязы жүннiң, маралдардың мүйiздерiнiң, қойлардың iшек-қарынының (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң) тауар биржалары арқылы экспортқа төмендетiлген баға бойынша сатылып, Қазақстан Республикасынан экспортталудың алдын алу мақсатында республикалық баға комиссиясы ұсынған бағадан төмендетiлмей, ал, мұнайдың мұнай өнiмдерiнiң, түстi металдардың, шойынның және олардан жасалған бұйымдардың - тауар биржасы жөнiндегi республикалық комиссиясы ұсынған бағадан төмендетiлмей iске асырылуы белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының тауар биржалары биржа тауарларын экспорттауға биржалық келiсiмдер бойынша контракт бағасын мiндеттi түрде көрсетiп экспорттық биржа келiсiмi жасалғаны туралы куәлiк бередi.
4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдама жөнiндегi мемлекеттiк комитетi биржа саудасы жөнiнде статистикалық есептi тоқсан сайын берiп тұрсын.
5. Қазақстан Республикасының тауар биржаларында оларды жасау үшiн республиканың iшiнде биржа тауарларын сатып алу-сату жөнiнде мәмiлелердi iске асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi жүйелi тексеру жүргiзсiн.
Республиканың iшiнде олар тауар биржаларында жасалмай немесе тiркелмей биржа тауарларын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер сатып алу-сату мәмiлесiн жүргiзген фактiсi анықталған кезде - салық төлеуден жалтарған сатушыға айып шараларын қолдану үшiн аталған тексерулердiң материалдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясына берiлсiн. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6. Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларының 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап биржалық мәмiлелер жасағандығы туралы куәлiктi мiндеттi түрде ұсынбастан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысымен бекiтiлген биржалық тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға құқығы бар деп белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына биржалық мәмiле жасағандығы туралы куәлiк ұсынбастан биржалық тауарларды әкетуге рұқсат етсiн.
8."Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 89 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 наурыздағы N 301 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 9, 107-бап) I-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң мынадай қаулыларының күшi жойылған деп танылсын:
"Астықты және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн экспортқа шығару тәртiбi туралы" 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 47, 518-бап);
"Республикалық баға комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 546-бап);
"Өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмiн биржалық сатуды кеңейту жөнiнiдегi шаралар туралы" 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 4, 49-бап);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1397 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" 1995 жылғы 6 ақпандағы N 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 61-бап);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1397 қаулысына өзгерiстер енгiзу тыралы" 1995 жылғы 19 мамырдағы N 712 қаулысы.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 28 шiлдедегi
N 1035 қаулысына
1 қосымша
Биржа тауарларының
ТIЗБЕСI
___ ______________________________________________________________
| СЭҚ (ВЭД) ТН | Партияның
Тауардың атауы | коды | төменгi шегi
________________________________|________________|_______________
I. Астық ауыл шаруашылығы өнiмi, олардың
ұқсатылған өнiмдерi
Бидай (барлық түрлерi) 1001 I вагон
Қара бидай 100200000 I вагон
Дәндi күрiш, жарма күрiш 120600 I вагон
Қонақ жүгерi(Сорго) 100700 I вагон
субидайықтың тұқымы 1008 I вагон
Жарылған не жарылмаған соя 120100 I вагон
уатылмаған тұқымы 120500 I вагон
Күнбағыстың уатылған және
уатылмаған тұқымы 1206 I вагон
тұқымдастарының терiсi 4101 50 дана
Ұсақ малдың (қой немесе қозы)
Ешкiлер мен лақтардыкiн қоса
басқа да терi шикiзатының
Ешкi терiсiнен өңделген терi 4106 4000 ш.дм
Басқа жануарлардың терiсiнен
өңделген терi (шошқанiкiн
Замш (қой, қозы және басқа
жануарлардың терiсiн қоса) 410800 1000 ш.дм
Қаракөл елтiрi 430130000 1000 ш.дм
Талшықты мақта 520100, 520300000 5 т.
мериностан басқа, жуылған
және жуылмаған) 5101 I т.
биязылығы шамалы бұдыр жүн,
түйенiң, ангор ешкiлерiнiң 5102
Тағамға салынатын күнбағыс,
Табиғи мех пен одан жасалған
бұйымдар 4301-4303 10 терi
Қойдың iшек-қарны 0504 00 000
Жарма 1103-1105 20 т. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 28 шiлдедегi
N 1035 қаулысына
2 қосымша
Республикалық баға комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Республикалық баға комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) экспортқа шығарылатын астық, талшықты мақта, терi шикiзаты, терi биязы жүн, маралдың мүйiздерi, қойдың iшек-қарны (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы өнiмi) бағаларына бақылау жасайтын мемлекеттiк орган болып табылады. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және басқа да нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ халықаралық шарттарды, келiсiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның негiзгi мiндетi астық пен ауыл шаруашылығы өнiмiнiң төмендетiлген бағамен сатылуына жол бермеу және аталған өнiм бағасының әлемдiк рыноктағы бағаға сәйкестiгiне бақылау жасау.
Осы мақсатта Комиссия астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiне республика бойынша бiрыңғай ең төменгi экспортты бағаларды ұсынып, оларды Қазақстан Респуликасының тауар биржаларына жеткiзедi.
4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасы және әлемдiк рыноктағы биржа ақпараты мен тауарлардың еркiн айналысын пайдаланады.
5. Республикалық баға комиссиясының қызметi Комиссия әзiрлеген және оның төрағасы бекiткен Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
7. Комиссияның төрағасы комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке жауап бередi және Комиссия мүшелерiнiң арасында мiндеттердi бөледi.
8. Комиссияның мәжiлiстерi кемiнде аптасына бiр рет өткiзiледi. Мәжiлiстердiң өтетiн орны - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы.
9. Оның мүшелерiнiң қолын айғақтау үшiн комиссияның қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөртаңбасы бар.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 28 шiлдедегi
N 1035 қаулысына
3 қосымша
Республикалық баға комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Шуховцов А.И. - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы
министрiнiң орынбасары, төраға
Чтилова К.Р. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгi микроэкономикалық саясат
басқармасының агроөнеркәсiп кешенi
Оразаев М.А. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенi қаржысы
және табиғатты қорғау шараларының
басқармасы бастығының орынбасары
Папандопуло Е.Н. - Қазақстан Республикасының Баға және
монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi баға саясаты
Дворкина Т.И. - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп
биржасының вице-президентi