Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 488 қаулысы
Редакция 23.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiң-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
дiң екiншi абзацы "әкелiнетiн тауарлардың мақсатты пайдаланылатыны туралы мiндеттеме кеден органына тапсырылады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды.";
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 сәуірдегі
N 488 қаулысына
қосымша
Кедендiк бақылау департаментiнiң
(кеденнiң) бастығына
________________________________
________________________________
Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды
мақсатты пайдалану туралы
мiндеттеме
Мен, _________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________,
(атауы, CTH-i, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не аты-жөнi
және лизинг берушiнiң паспорттық деректерi)
қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында негiзгi құралдар ретiнде мыналарды әкелдiм:
NN _______________________________ кеден (-дiк) декларация (лар)ға
сәйкес ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды қатаң түрде олардың мақсатты пайдаланылуына сәйкес пайдалануға мiндеттенемiн.
Көрсетiлген тауарларды өзге мақсатта пайдаланған кезде, кезеңдiк рәсiмдеу кезiнде төлемеген __________ теңге мөлшерiндегi салықтар мен өсiмпұлдарды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуге мiндеттенемiн.
Қолы _________/ _________ / Күнi 200__ жылғы "__" ________