Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1453 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 743 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1453 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында "2002 жылғы 7 қазандағы" деген сөздердің алдынан "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспеде:
қазақ тіліндегі мәтінде "бекітілген" деген сөз "ратификацияланған" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының 2004 жылғы" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 5-бабын және" деген сөздермен толықтырылсын;
"(бұдан әрі - Конвенция)" деген сөздер "(бұдан әрі - Конвенциялар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтіндегі "Конвенцияның" деген сөз "Конвенциялардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің" деген сөздер "Мәдениет және ақпарат министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |