• Мое избранное

Отправить по почте

17

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді.

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2022 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 14.04.2023 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (01.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2023 жылдан бастап)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (14.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2022 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 
3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 
1) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығының (N 5168 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы N 21 "Юридическая газета" газетінде жарияланған); 
2) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы N 128 бұйрығының (N 5615 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін. 
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова
4
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 13 шілдедегі
N 338 бұйрығымен бекітілген
2
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Типтік біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 09.06.2011 № 241 Бұйрығымен (13.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Типтік біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 27.12.2013 жылғы № 512 Заңымен (09.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)(жарияланбаған)
Типтік біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 20.07.2016 жылғы № 459 Бұйрығымен (09.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Типтік біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.05.2017 жылғы № 217 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Типтік біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 602 Бұйрығымен (12.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Типтік біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 12.07.2019 жылғы № 301 Бұйрығымен (31.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Типтік біліктілік сипаттамалары жаңа редакцияда жазылды ҚР ілім және ғылым министрінің 30.04.2020 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (12.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сипаттамалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2022 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 78) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына және ұйымдық-құқықтық нысаны бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі), арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының қолдануы үшін міндетті.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (14.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттама):
білім беру ұйымдарындағы олардың орны мен рөлін айқындайтын құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді жасауға;
педагогтердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін бекітетін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуге;
кадрларды іріктеу және орналастыру, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүргізуге;
білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін өткізуге негіз болады.
3. Педагогтер лауазымының атаулары білім беру ұйымдарының штат кестесінде осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.
4. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған лауазымдары бойынша мамандардың (бас есепші, бас инженер, есепші, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдық міндеттер мен білімге қойылатын талаптары жалпы біліктілік сипаттамалары негізінде анықталады.
5. Білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтерінің, білім беру ұйымдары мен әдістемелік орталықтар (кабинеттер) әдіскерлерінің біліктілік санаттарын білім басқармалары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес белгілейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13317 болып тіркелген).
6. Сипаттамаларды білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірледі.
1-бөлім. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, арнайы ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
1- Параграф. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы
7. Лауазымдық міндеттері:
7-тармақ өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 14.04.2023 жылғы № 100 Бұйрығымен (01.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2023 жылдан бастап)
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;
педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 29031 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;
тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;
педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;